Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жүнісов Қайырбек.

— Отставить! — деді Бауыржан Жүнісов деген фамилияны қағазға жаза бергенімде.

Мен қоя қойдым. Бауыржан аяңдап біздің қасымызға келді де, жас жауынгерге сұрақ қойды.

— Қайдан келдің?

— «Ақбұзаудан».

— «Ақбұзауың» не?

Жігіттер тегіс ду күліп жіберді. Олармен қоса Жүнісовтың өзі де күлді.

— Ауыл, колхоз, жолдас командір.

Бауыржан күлген жігіттерге сұстана көз тастады да:

— «Ақбұзау» колхозында кім боп қызмет істедің? — деді жас жауынгерге.

— Тракторист болдым, жолдас командір.

— Онда сен ауылыңның белді азаматы екенсің. — Бауыржан төртбақ денелі қазанбас жігіттің арқасынан бір қағып қойды.

— Ал майданда сенің мінетін тұлпарың танк болуы керек еді. Бірақ біздің полкта танк жоқ. Сондықтан пулеметші болсаң қайтеді?

— Сіз бол десеңіз болайын, жолдас командір.

— Есіңде болсын: «Максим» пулеметінің немістерге қаһары кейде танктен кем түспейді. Бірақ оны баптап ұстауың, жорықтарда үнемі иығыңа салып, арқалап жүруің керек.

— Жарайды, жолдас командір.

Бауыржанның жұқалтаң еріні жымиып, көзінен жылы күлкі ұшқындады.

— Шиыршық атқан мына жігіттердің автоматшы болғандары дұрыс. Ал саған автомат арқалатып қою мынадай азамат тұлғаңа обал ғой. Сенің автоматың пулемет болсын.

Жігіттер де, бәріміз де күлісіп жатырмыз. Тракторист жігіт те күліп, қайта-қайта басын изеді.

Бұл күлкі майданға жаңа келген жігіттердің терісін кеңіткен бір шуақты сәт болды. Бәлкім, осы сөз, осы күлкіні олар өмір бойы естерінде сақтап қалар. Қиын-қыстау кезеңдерде оларға командирдің бұл әзіл-қалжыңы демеу болар.

Әрине, бұл ой ол кезде Бауыржаннан басқамыздың басымызға келген жоқ еді. Қазір ойласам Бауыржан соның бәрін жігіттерге жігер беру үшін әдейі айтқан екен ғой.

— Қатардағы жауынгер Жүнісовты 1-батальонға, пулемет ротасына жазыңыз, — деді Бауыржан содан соң полкке келген жауынгерлерді тізімдеп отырған хатшыға қарап. — Басқалары автоматшылар ротасына берілсін.

— Мәке, — дедім мен осы арада Мәліктің сөзін бөліп, — Жаңағы Жүнісов дегеніңіз біздің ауылдың баласы еді. Жасынан әке-шешесіз жетім өсті. Ер жеткен соң тракторист болды. Мектепте жүргенімізде басқалар кластың есігін қолымен итеріп, не аяғымен теуіп ашса, Қайырбек басымен сүзіп ашатын. Сондықтан ол ауылымызда Шойынбас атанып еді. 1941 жылы декабрьдің басында біздің ауылдан бір жылы туған төл он бес бала әскерге алындық. Алматыда ұйымдасқан жүзінші бригадаға келдік. Ойда жоқта бір күні кешке сапқа тізілдік.

— 8-ші гвардиялық дивизия толықтыруға өз еркімен барамын дегендер бір адым алға шығындар, — деді.

Артиллерия дивизионынан бірінші боп мен шықтым. Бірақ мені жібермей, бригадаға алып қалды. Сол жолы біздің ауылдан келген балалардың көпшілігі 8-ші гвардиялық дивизияны толықтыруға кетті. Соғыс біткеннен кейін сол он бестен төртеуіміз ғана ауылға оралдық. Жаңағы Сіз айтқан Қайырбек марқұм да майданда қаза болды.

— Ендеше біз сенің жерлестеріңмен бірге соғыстық, — деп Мәлік әңгімесін ары қарай жалғады.

Осыдан кейін Бауыржан полкке жаңадан келгендердің алдында қысқаша сөз сөйледі.

— Сендер 8-ші гвардиялық дивизияға келдіңдер, — деді ол. — Қазақстанда құрылған бұл дивизия қазақ халқының арының алтын туы екенін әрқашан да естерінде сақтаңдар. Сендер сол атақты дивизияның 1075-ші полкының қатарын толықтырыңдар. Бұл полктың командирі полковник Капров жолдас, комиссары Ахметжан Мұхамедияров деген кісі. Мен полк командирінің орынбасарымын. Фамилиям Момышұлы. Басқа сұрақ бар ма?

— Жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий