Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Егоров Иван Васильевич Панфиловпен үзеңгілес болған аса байсалды кісі еді. Жоғарының бұйрығын бізге айтуын айтса да, жігіттерімнен айрылып қаламын ба деп іштей сасқалақтап отырса керек.

V

Сергей Александрович Егоров біздің жігіттеріміздің пікірін білгеннен кейін қас-қабағы жазылып, жайдарлана бастады. Содан соң он жағында тұрған былғарымен тысталған телефон аппаратын алдына қарай тартты.

— Ал онда, — деді Егоров оң қолын былғары қаптаған аппараттың үстіне салып тұрып, — сіздердің осы ойларыңызды айтып, Әскери Советтің мүшесімен өз көздеріңізше сөйлесемін. Әйтпесе Егоровтың қуғысы келді деп ойлайтын түрлеріңіз бар көрінеді сіздердің...

Осылай деп комиссар күлді. Комиссарды қостап, біз де күлдік. Мен тағы да Бауыржанға қарадым: оның ерінінен дір еткен қимыл сезілген жоқ қаршыға көзін комиссардың иығынан асыра, қабырғада тұрған кішірек суретке қадап, тағы да үнсіз қалды.

Егоров аппараттың қабын ағытыg, трубканы құлағына тосты. Біз тым-тырыс болып, Дарно деревнясі мен Москва арасында болған тарихи сөзге құлақ тіктік.

Дарно: Жолдас Әскери Советтің мүшесі, сәлеметсіз бе? Мен 8-гвардиялық дивизияның комиссары Егоровпын.

Москва: Сәлеметсіз бе, жолдас Егоров. Құлағым сізде.

Дарно: Дивизиядағы ұлты орыс емес командирлер мен саяси қызметкерлерді тылға жіберу жайындағы кешегі бұйрықтың жайын хабарлайын деп едім.

Москва: Адамдарыңыз әзір болды ма? Қанша кісі?

Дарно: Қазір менің алдымда 115 командир мен саяси қызметкер отыр, жолдас Әскери Советтің мүшесі. Бұл жолдастарға мен бұйрықтың мән-жайын айтып түсіндірдім. Бірақ...

Москва: Немене, тылға бармаймыз дей ме?

Дарно: Бұйрық болса, — барамыз. Бірақ біздің өтінішіміз бар дейді.

Москва: Қандай өтініш?

Дарно: Командирлер мен саяси қызметкерлер бір ауыздан өздерін осы дивизияда қалдыруды өтінеді, жолдас Әскери Советтің мүшесі. Бұл жолдастар маған былай деп отыр. Егер немістерге әліміз келмесе Москваны қорғап, бәріміз де осы жерде өлеміз. Немесе 8-гвардиялық дивизияның құрамында жеңіске жетіп, осы арадан Берлинге дейін барамыз! — дейді. Олар осы өтінішінің Әскери Советтің мүшесі арқылы Жоғарғы Бас қолбасшыға жеткізілуін сұрайды.

Москва: Өзіңіз қалай ойлайсыз, жолдас Егоров.

Дарно: Менің жарты жаным осылардың кеудесінде, жолдас Әскери Советтің мүшесі. Бұларсыз мен қалай өмір сүремін...

Осы кезде екі жақ та үнсіз қалды. Комиссардың мына сөздері де, жаңағы Бауыржан сөздеріндей, сай-сүйегімізді сырқыратып жіберді. Бақсам Балтабек гимнастеркасының жеңімен көзін сүртіп жатыр екен. Осы кезде Москва даусы трубкадан қайта естілді.

Москва: Онда мені жарты сағаттай күтіңіздер. Жолдастардың тілегін Жоғары қолбасшыға жеткізейін.

Дарно: Құп, жолдас Әскери Советтің мүшесі.

Комиссар жайлап трубканы орнына қойды. Мәселенің қалай шешілетініне көзі жетпей, оның да іштей мазасыз күйге көшкені аңғарылды. Содан кейін басын көтеріп:

— Жолдастар, сыртқа шығып, темекі тартып келулеріңізге рұқсат, — деді.

Жігіттер 10-15 минутта темекілерін тартып үлгіріп, қайтадан үйге кірді. Мен алдын ала келіп, комиссарға тақау жердегі орныма жайғастым. Әркім-ақ жарты сағаттың тез болуын күтіп, шыдамсыздана сағаттарына қарайды. Мен де дамылсыз сағатыма үңілемін. Жиырма минуттан кейін былғары қапты телефон шылдыр ете қалды. Алғашқыдай емес, комиссар трубканы қолы қалтырап әрең құлағына жеткізді.

Дауыс: Сізсіз бе, жолдас Егоров?

Егоров: Иә, менмін, жолдас Әскери Советтің мүшесі. Сізді тыңдап тұрмын.

Егоровтың қолы ғана емес, даусы да дірілдеп, бұзылыңқырап шықты.

Москва: Жоғарғы қолбасшы 8-ші гвардиялық дивизия командирлері мен саяси қызметкерлерінің тілегін қабыл алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий