Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дарно: Рақмет, жолдас Әскери Совет мүшесі. Жоғары қолбасшыға рақмет және Сізге рақмет.

Москва: Жолдастарды бөлімдеріне қайтарып, бұрынғы қызметтеріңізге кірісе беріңіздер.

Егоров: Құп, жолдас...

Осы кезде батальонның Балтабек «уралап» кеп қоя берді. Оған орнымыздан ұшып тұрып, бәріміз қосылдық. Егоровтың Булганинге айтқан соңғы сөздерін естімей де қалдық. Көзі шүңірейіп, екі-үш соғыста арса-арса боп қатты жүдеген, әсіресе Москвамен сөйлескен соңғы минуттарда буын-буынынан әл кеткендей, әлде бір ауыр ұрыстан жаңа шыққандай боп қажыған комиссар, трубканы аппаратқа қойып, қуанышын жасыра алмай, елжірей күлімдеп, орнынан көтерілді.

Міне, енді ойлап қарасам Баукеңнің сол жолғы, 1941 жылдың 16 декабрінде Москвадан қырық шақырым жердегі Дарно деревнясындағы бұрынғы колхоз кеңсесінде, дивизия комиссары Егоровтың алдында сөйлеген сөзі талай адамның тағдырын өзгертіп, жұлдызын жандырған тарихи сөз болған екен. Сол сөзімен ол өзін де, өзгені де қолынан жетектеп, мәңгілік даңқтың табалдырығынан аттатыпты. Олай дейтінім сол жолы Бауыржан сөйлемесе, бәріміз: «Е, жоғарғы жақтың бұйрығы солай болса, онда не шара» деп Алматыға аттанып кетсек, ең алдымен 8-ші гвардиялық дивизия бұл дәрежеде, бүкіл дүние жүзілік даңққа ие болар ма еді, болмас па еді? Әй, болмас еді деп ойлаймын. Әрине, біз кетіп қалсақ та 8-ші гвардиялық дивизия көп гвардиялық дивизияның бірі болып қала берер еді. Оған дау жоқ. Бірақ ол тамаша дәстүрі бар, тарихи адамдары кеп Совет Армиясындағы ең мәшһүр дивизия болып атағы жайылмас еді. Егер Бауыржан сол жолы дивизиядан кетіп қалса, оның өз атағы да дәл мұндай дәрежеге жетпес еді. Генерал Панфилов өз қолымен шындаған бұл дивизия талай жұлдызды батырларды шығарды, солармен бірге жұлдызсыз жүлделі Бауыржан есімін бүкіл елімізге паш етті. Ал Бауыржан өз дивизиясын бүкіл әлемге танытты. Сөйтіп дивизия Бауыржанды даңқты етті. Бауыржан дивизияның данқына даңқ қосты. Біздің дивизиядан шыққан барлық батырлардан басқа аттары ерекше аталатын екі адам бар. Оның бірі Панфилов болса, екіншісі Бауыржан. Панфилов 8-ші гвардиялық дивизияның даналығы болса, Бауыржан дивизияның ар-намысы болды. Панфилов асқар таудай атақты дивизияның табаны болса, Бауыржан оның ең биік шыңы болды. Панфилов дивизияның жүрегіндегі лаулаған оты болса, Бауыржан оның лапылдаған жалыны болды. Панфилов дивизия ерлігінің аспаны болса, Бауыржан сол аспанның төсінде жарқыраған жарық жұлдызы, төбеден аумас темір қазығы болды. Егер сол жолы дивизиядан Бауыржан кетіп қалса, онда Александр Бектің атақты «Волоколамск тас жолы» кітабы тумас еді. Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» кітабы дүниеге келмес еді. Егер Бауыржан сол жолы анадай сөз сөйлеп, өзін де, өзгені де дивизияда ұстап қалмаса, онда мына мен де дәл бүгінгі дәрежеме жетпес едім деп ойлаймын.

Мінеки, менің Бауыржанды бірінші рет көруім осылай. «Бір көрген — біліс, екі көрген — таныс» дейді ғой қазақ. Енді мен онымен жақын білісіп, танысқанымды айтайын саған.

Содан, Бауыржанның өжеттігі арқасында Алматыға бармайтын боп Москвадан рұқсат алғаннан кейін, бәріміз өз полктарымызға келдік. Жауынгерлерді әрі тынықтырып, әрі соғыс ісіне үйрете бастадық. Өйткені соғыс дегеннің өзі оқу сияқты ғой: оқыған үстіне оқи бергеннің артықтығы жоқ. Сол сияқты соғыс өнерін білген үстіне біле беру парыз. Дивизияны толықтыру үшін жаңадан адамдар келгенше осындай әрекет жасап жаттық.

VI

1942 жылы 5 январьда полк комиссары Ахметжан Мұхамедияров мені Ново-Никольскідегі штабқа шақырды. Полк Нахабинодан осында көшкен болатын.

— Сіздің бұйрығыңыз бойынша келдім, жолдас комиссар,— деп баян еттім үйге кіргеннен кейін.

— Келсең шешін де жоғары шық, — деді комиссар. Шықтым. Барлық батальон комиссарлары жиналған екен. Солардың арасын нұсқап:

— Сіз жолдас Бауыржан Момышұлын танисыз ба? — деді комиссар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий