Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Онда өздеріңнің бөлінген бөлімдеріне барыңдар. Сендерді қазір әр батальоннан келген байланысшылар бастап әкетеді. Енді алғы шепте, жаумен жағалас үстінде кездесейік. Жаудан қорықпаңдар. Оған жеңілемін деп емес, жеңемін, құримын деп емес, құртамын деп ұмтылыңдар. Әрқашанда осындай ойда болып қаруларыңды жақсы біліңдер. Тәртіп жағына берік болыңдар. Өйткені тәртіп жауынгердің бірінші қаруы. Онсыз ешбір қарудың қуаты жоқ. Жағаларың жыртылмасын! Жолдарын болсын. Направо! Старшинам — вести людей в свои подразделения! На выход, шагом марш!

Қазақша бастаған сөзін Бауыржан осылай деп командамен, орысша аяқтады. Жігіттердің жігерлене соққан табаны клубтың еден тақтайын дірілдетіп жіберді.

VIII

Дивизияны толықтыратын жауынгерлер келіп болғаннан кейін біз ротамызға кеттік. Бауыржан мен Балтабек штабта қалды. Ротада біз жаңа жауынгерлерді соғыс өнеріне жаттықтырумен шұғылдандық. Күн сайын оларға әскери әзірлік сабақтарымен қоса, саяси сабақ та өткіземіз. Саяси сабақтың да тақырыбы әртүрлі: жауынгердің борышы, совет жауынгерінің моральдық тұлғасы, Панфилов дивизиясының ерлік дәстүрлері т. т. Осы тақырыптарға күн сайын дайындала отырып, Бауыржанның кейбір сөздерін еріксіз еске алатын болдым. Оның: «Политрук сөзі жауынгерге жігер беру үшін, оның намысын қайрау үшін қажет», «Елін сүйген жауынгер ер болады», «Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді», «Басқа жазушылар қағазға жазса, біз жауынгерлердің жүрегіне жазамыз», «Басқалар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз», «Тәртіп — жауынгердің бірінші қаруы» деген сөздері есімде сақталып қалыпты. Оның менің жай сөйлейтінімді мінеген теңеулері де ап-ашты боп ойымда жүрді. Бірақ ол теңеулер есіме түскен сайын мен ширауға тырыстым.

1942 жылдың 11 январында жаңа күш қосылып, толықтырылған біздің дивизия эшелонға тиеліп, қайтадан жорыққа аттанды. Жаттығу жұмысы, вагон ішінде де жүргізіліп жатты. Алты күннен кейін Дворцы деген станцияда поездан түстік те, жаяу жорыққа көштік. Февральдың бас жағында қанды ұрысқа қайтадан кірдік. Біз Бауыржанмен жолда да, жорықта да, ұрыста да үнемі кездесіп отырдық. Ол туралы менің «Сұрапыл жылдар» кітабымның «Төлеген Тоқтаров» деген тарауында толық айтылған. Біздің ерлігіміз де сонда суреттелген. Енді мен саған сол ұрыстар кезіндегі Бауыржанмен соңғы кездескенімді айтайын.

22 февраль күні түнде біздің батальонның басшылары Гундилович пен Трофимовты, автоматшылар ротасының командирі Соловьев пен политрук мені полк штабына шақырды. Кішкене ағаш үйдің шағын бөлмесінде, жез құтыда лапылдай жанған күйелі май шамның жарығымен бәрімізді Бауыржан қабылдады. Полк комсомол ұйымының секретарьі Балтабек те осында екен.

— Жолдастар! Түнделетіп шақыртқаныма ренжімеңіздер. Біріншіден, сіздерді ертеңгі мерекемен — Совет Армиясының 24 жылдығымен құттықтаймын. — Осылай деп ол бәріміздің қолымызды алды. — Екіншіден, осы шабуылда дивизияның авангарды болған полктың маңдай батальоны мен оны қолдаушы автоматшылар ротасының жауынгерлері мен командирлерін жоғары наградаға ұсыну үшін қосымша материалдар беру жөнінде генерал Чистяковтан тығыз түрде бұйрық келді. Ол материалдар таңертең дивизияда, одан соң жоғарыда болуы тиіс.

Алдымен ол бізден Төлеген Тоқтаров туралы сұрады.

— Маған біздің дивизия қырандар ұясы болып көрінеді, — деді Бауыржан. — Ал аспанда самғап жүрген қыранды бірін-бірінен айыру қиын. Сол сияқты әр деревняны жаудан босатқан сайын малақайларының құлақтары делдеңдеп жауды жайпап жүрген көк көз, қара көз батырлардың бірін екіншісінен бөле тану қиын. Төлеген сол қара домалақтың қайсысы?

Бауыржан алдымен Соловьев пен маған қарады.

— Сіз оны білесіз, — деді Соловьев, — өткір көзді, қара торы жігіт болатын.

— Қазақтың көпшілігі қара торы келеді. Оның үстіне мынадай аяз қарып, домбыққан беттердің бәрі де қара торы боп көрінеді ғой, жолдас аға лейтенант.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий