Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы тойларды атқарғаннан кейін Баукеңнің кәртейгендегі жан серігі Кәмәш қайтыс болды. Одан кейін қан майданды бірге кешкен жауынгер інісі, жан досы Мәлік Ғабдуллин дүние салды. Олардың артынан асқар таудай ағасы Сәбит Мұқанов қайтпас сапарға ол кетті. Осының бәрі Баукеңе соққы үстіне соққы болып тиіп, оның аузынан шыққан күйініш сөздері жалпақ жұртқа естіліп жатты. Алғаш әйелі өлген кезде бір замандасы келіп, пенсияға шығып — қызмет, көліктен айрылып — қор боп қалдым дегенде, Баукең оған: «Қорлықтың көкесін кемпірін өлгенде көрерсің» депті. Мәлік қайтыс болғанда:

— Енді біздің шаңырақтарға шартылдап нажағай түсе бастады. «Теперь по нашим квадратам бьют. — Кезек ересен ер ұрпаққа келді», — деп шөке түсіп отырып қалыпты.

Сәбең қайтыс болған кезде Баукең айтты деген мына бір сөз және тарады. Сәбит пен Ғабит Алатау мен Қаратаудай панам еді. Енді оның да бірінен айрылдым ба? — депті.

Күз өтті. Қыс кетті. Жаз шықты.

Күндердің күнінде Баукең екеуіміз ұзақ уақыт үзіліп қалған диалогты қайтадан жалғастырдық.

АЛТЫНШЫ ДИАЛОГ

І

Автор. Сіз Иван Михайлович Чистяков деген кісіні білесіз ғой?

Бауыржан. Білемін. Генерал-полковник, Совет Одағының Батыры.

Автор. Сол кісі «Дружба народов» журналында жарияланған естелік кітабының бір жерінде былай деп жазыпты. Оқуға рұқсат етіңіз.

Бауыржан. Оқығын.

Автор. «1073-ші атқыштар полкының командирі майор Бауыржан Момышұлын мен соғыстан бұрын білетінмін. Біз Қиыр Шығыста бірге қызмет еткенбіз. Ол қазақ ұлтынан шыққан, алған бетінен қайтпайтын, қатал мінезді, сымбатты келген жас командир болатын.

Оны ерекше ерлігі мен тапқырлығы үшін Панфиловтың өзгеше жақсы көргенін де білетінмін. Москва түбінде оның батальоны полктан хабар-ошарсыз күйде, бірнеше күн қоршауда қалып, қалың жаумен қиян-кескі ұрыс жүргізген. Екі тәулікке созылған қырғын соғыста гвардияшылар төрт жүзден астам фашистердің көзін жойып, олардың Волоколам тасжолы арқылы жасаған шабуылын тырп еткізбей бөгеп тастаған. Содан кейін орман ішінде маневр жасай отырып, өздерін қоршаған жау шеңберін тас-талқан етіп бұзып шығып, полкке келіп қосылған болатын.

Осы ұрыстан кейін Панфилов Момышұлының батальонын өзінің резерві етіп ұстап, оны ең қиын-қыстау жерлердегі ұрыстарға жіберіп отырды. Соның бәрінде де батальон үздіксіз жеңіске ие болды.

Бұлардан басқа Момышұлының маған ұнайтын тағы бір қасиеті болатын, ол оның шыншылдығы еді. Мен оның қанша қиын болса да, тіпті өзіне содан зиян келсе де тек қана шындықты айтатынын білуші едім. Өзінің бағыныштыларынан да ол осыны талап ететін».

Міне осылай деген...

Бауыржан. Мұны неғыл дейсің?

«Мұны неғыл дейсің?» Сондай сөз бола ма екен? Бұған мен қуанамын, шаттанамын, мақтанамын! Кеше бейбіт күнде бірге болған, одан соң ел басына ауыр күн туған қаһарлы жылдарда қатар жүріп қабырғадан қан кешкен қарт генерал сені мақтап отыр. Сенің ерлігіңді, өрлігіңді айтады. Атақты Панфиловтың өзіңді жанындай жақсы көргенін баяндайды. Тіпті сенің жас шағындағы сымбатыңды да сүйсіне сөз етеді. «Иір бұтақты емен шынар болуға құмар болмайды» деп өзің айтқандай, сенің егде тартқандағы мынау емендей қалпыңа қызығамын мен. Сенің бойыңдағы саф алтындай сақталып келе жатқан генерал айтқан шыншылдыққа сүйсінемін. Мен ғана емес, бүкіл ел сүйсінеді саған. Сондықтан да бала күнгі досың Әбділда ақын сенің қазіргі күйіңді былай деп суреттеді:

Ойласа от күндерді, қан майданды,

Қамықпай, қасіретсіз сөз айта алмайды.

Елестеп қансыраған қайран достар,

Соларға: «Қайдасың?» деп айқайлайды...

Тарылып күйкі тартқан көк кеудесі,

Секілді тозған тұлға көлеңкесі.

Ойласа от күндерді алады өксіп,

Қазақтың ай мүйізді ақ серкесі

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий