Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

13. ІІ-де жазған хатыңызды алдым. Аманшылығыңызға қуаныштымын. Мен де аман-саумын. Талай тас қамауды талқандап бұзып, жауды қуып барамыз. Сақылдаған аязда, сартылдаған соғыс сахнасында қолдан келген күшті жұмсап жатырмыз. Мен наградқа Қызыл Жұлдыз орденін алдым. Жақында бір тамаша операция жасап, немістің «Қу бас» деп аталатын дивизиясының штабын талқандап шықтық. Осы операцияда тамаша ерлер шықты. Біздің полктан үш адамды Совет Одағының Батыры атағына ұсынды: 1) политрук Клочков, ол Щербаков жолдастың баяндамасында айтылған 28 батырдың қолбасшысы еді. 2) Тоқтаров Төлеген деген қызыләскер, Риддер қорғасын заводынан келген жас, 21-дегі жұмысшы. 3) Мен. Таяу күнде Указ болып қалар.

Дивизия көлемінде абыройым жақсы, бәрі құрметтейді. Әсіресе Совет Одағының Батырына ұсынылған соң комдивтің өзі қолымды алып амандасады.

Қазір ротаның политругі емеспін, батальон комиссарымын. Жұмыс көп, осы кезде қызу майдандамыз. Бұл хатты оттың сәулесінде бой басылып, түн түскен кезде Сіздің хатқа жауапты тездету ретінде асығыс жаздым. Әлішердің қайда екенінен хабарым жоқ.

Тағы да хат жазармын. Хош, сау болыңыз. Еңбек творчество майданында жақсы-жақсы шығармалар жазуыңызға тілектеспін.

Ініңіз Мәлік

5. III. 42 ж. Полевая почтовая станция 993, 1075 СП, 2-батальон, М. Ғабдуллин»

Міне, Бауыржанды біздің полктан соңғы рет көргенім сол жолы, 23 февраль күні болды. Үстінде қара бурка, басында папахасы бар, ол өзге командирлерден иығы асып, тіп-тік болып, сұсты жүзі жұмсарып, отты, ойлы қара көздері наградталған ерлерге жылы нұр төгіп, мейірлене қарап тұрды.

Содан екі күн кейін — 25 февральда Бауыржан бізден қайтадан өзінің 1073-полкына кетті, сол полктың командирі болып тағайындалды. Ол хабарды естігенде көңілім қатты құлазыды. Өйткені бұл кезде мен Бауыржанды қатал, қаһарман командир деп қана мойындап қоймай, сонымен бірге оған аға, дос ретінде де бауыр басып қалған едім.

Артынан Бауыржан 9-гвардиялық дивизияға командир болып кетті. Одан соң Бас штабтың академиясына оқуға барды. Бұл екі ортада мен де бірсыпыра қызметке ауыстым. Сол жылы 5 мартта, жараланып кеткен Трофимовтың орнына, Гундилович батальонына комиссар болып бекідім. Одан кейін полк үгітшісі болдым. Совет Одағының Батыры атағын алғаннан кейін, 1943 жылдың февралында Калинин майданы Саяси басқармасының үгітшісі болып тағайындалдым. Осы кездерде Бауыржанмен үзбей хат жазысып тұрдым.

Бұл кезде біз терренкурдың үшінші километрінен қайтып, «Арман» кинотеатрына тақап қалған едік. Мәлік енді әңгімесін тұжыруға кірісті.

— Мінеки, менің Бауыржанмен білістігім осылай. Өзің де соғыста болдың, соғыстың жайын жақсы білесің ғой. Бірден батырлық еңбек етсең де, бірден батыр атағы берілмейді. Екі рет ерлігің танылғанда есепке алынасың. Бес рет батылдығын білінгенде ғана батыр атағына жетесін. Онда да екінің бірі жете бермейді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады. Ал жүз жүйрік, мың тұлпар қатар шапса, олар қанша оқтай жүйткігенімен, бірінен бірі оза алмайды. Озса да бірінен бірі қара үзіп кетпейді. Сұңқарлар қанаттас самғайды, тұлпарлар қабырғалас зымырайды. Тұлпардан тұлпар озбағанымен, олардың артында ор болып іздері қалады. Сол сияқты біздің 316 дивизия тұлпарлар тоғысқан жер еді. Біздің 8-ші гвардиялық дивизия батырлар бас қосқан ұя еді. Жеке батырлардан жалпы батыр шыңдаған дүкен еді.

Мың адам бірлесіп батырлық іс атқарады. Бірақ атақ назары соның біреуіне ғана түседі де, оның кеудесіне Алтын Жұлдыз боп қадалады. Мен сол болсам, Баукең атақ назары түспеген, бірақ тарихтың назары түскен, бір өзі жүзден аса ерлік жасаған, мен сияқты жүздеген жұлдызды, жұлдызсыз батырларды баулыған ұста, ұстаз, ардагер азамат қой!

Х

Осыдан кейін де көп күндер өтті, көп оқиғалар болды. Алдымен Бауке туған жері Жуалы ауданында өзінің алпыс жасқа толған тойын өткізді. Ол той одан кейін Алматыда жалғасты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий