Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Баграмян қағазға қарап отырған күйі басын изеді. «Өзім де оқып жатырмын» дегендей ишара білдірді.

— Полковниктің фамилиясы қалай дедіңіз? — деді Жуков Чистяковке қарай еңсеріле бұрылып.

— Мо-мыш-ұлы, — деп Чистяков менің фамилиямды буынға бөліп, анықтай айтты. — Бауыржан Момышұлы, жолдас маршал.

— Естіген сияқтымын, — деп Жуков сәл ойланғандай болды.

— Дәл айтасыз, жолдас маршал, — деді Чистяков әлденені тезірек айтып қалуға тырысқандай асыға сөйлеп. — Жолдас Момышұлы өткен жылы «Знамя» журналында басылған Панфиловшылар туралы кітаптың қаһарманы. Онда батальон командирі, аға лейтенант кезі баяндалған. Қазір полковник.

— Көріп тұрмын полковник екенін, — деді Жуков орнынан тұрып. — Мен полковник соғыстың қаһарманы ма десем, кітаптың қаһарманы ма еді?

Жуковтың бұл сөзінен оның не құптағанын, не кінәлағанын түсіну қиын еді. Әрине, мен кінәлау деп түсіндім.

— Екеуі де, жолдас маршал, — деп бұған да Чистяков жауап берді.

Жуков Василевский отырған стол мен Баграмян отырған столдың арасында ерсілі-қарсылы жүре бастады. Маршалдың жаңағы не құптау, не кінәлау екені белгісіз сұрағына өзім жауап беруді жөн көрдім.

— Жолдас маршал, бір ауыз жауап беруге рұқсат етіңіз, — дедім Жуков Василевскийдің столынан кері бұрылып, Баграмян столына қарай аяңдаған кезде, найзадай тік тұрған қалпымда.

Жуков тоқтай қалып, менің бетіме тіке қарады. Менің бойым маршалдың бойынан биіктеу екен. Ол сәл иегін көтерді де:

— Рұқсат, айт, — деді.

— Соғыстың да, кітаптың да қаһарманы болайын деп ойлаған жоқ едім, жолдас маршал. Отанымыздың басына түскен тарихи жағдай мәжбүр етті. Алдымен соғыс, содан соң барып «Соғыс және бейбітшілік» болғаны жөн де шығар. Олай болмағанына мен емес, соғыстан қалмай шеру тартып келе жатқан әдебиет кінәлі.

Осылай деп Жуковке басымды идім.

Жуков «қарай гөр» дегендей, басын шайқады да, қайтадан жүріп кетті. Маған жауап берген жоқ.

— Георгий Константинович, — деді Баграмян орнынан тұрып, Жуковке бұрыла, — Кавказ халықтарында «қыранның шамасы шаңқылдаған үнінен танылады» деген мақал бар. Полковниктің ұшқан ұясы біздің Ерекше Киев әскери округы екен.

— Қашан? — деп Жуков маған иек қақты.

— Сіз командашы боп тұрған кезде, жолдас маршал, 1940 - 41 жылдары, соғысқа дейін.

— Қай дивизияда?

— 24-атқыштар дивизиясының 406-атқыштар полкында, Житомир қаласында, жолдас маршал.

Маршал сәл ойланып, әлденелерді есіне түсіргендей болды.

— Кім болдыңыз?

— Полк штабы бастығының бірінші көмекшісі.

— Одан кейін?

— Одан кейін генерал Панфиловтың дивизиясында батальон, полк командирі болдым, жолдас маршал.

— Полковникті генерал Чистяков біле ме?

Жуков Баграмян мен Чистяковке кезек көз тастады.

— Білемін, жолдас маршал, — деді Чистяков алға ұмсынып — Полковник Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизиядағы менің ең өжет, батыл, білгір командирлерімнің бірі болды.

— Полковник дивизияға лайық деп сенесіз бе?

— Сенемін, жолдас маршал.

— Білсеңдер, сенсеңдер бекітпейсіңдер ме? — деп жайлап қана айтты да Жуков кейін бұрылып, Василевскийге қарай аяңдады.

— Бекітуге тура келеді, — деп Баграмян қайтадан орнына отыра бастады.

— Полковник жолдас, — деді осы кезде маршал Василевский маған қарай мойын бұрып, — Карта бойынша біз бір операция жүргізіп жатырмыз. Картаға жақындап, жақсылап тыңдап алыңыз. Міне, жау мына жерде. Оның күші бізден басымырақтау, бәрі де картада көрсетілген. Оның есесіне бір корпус резервіміз бар. Міне. Бірақ бұл қашығырақта жатыр. Әңгіме осы корпус жайында. Сіздің пікіріңіз қандай? Жағдайды мұқият сараптап, өз ойыңызды айтыңыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий