Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біз Момышбұлақтың басына келдік. Әтін мен Рақымжан қатар салынған Момыш пен Момынқұл үйлерінің орнын көрсетті. Мен оларға:

— Баукең отыз үшінші жылы алғаш әскерден қайтқанда боранды күні кеште осы үйдің терезесіне келген. Қарт әке баласын танып, қоңылтаяқ етікті аяғына сұға салып, қораға жүгіріп шығып есік ашқан. Қарт әке қақаған аязға қарамастан баласын бауырына басып, емірене құшақтап тұрып қалған. Сол кезде мына үйге хабар жетіп, Баукеңнің Момынқұл көкесі мен Сарагүл жеңгесі бірін-бірі жетектей жүгіріп, осы үйге келген, — дедім.

— Рас. Сіз солай деп жаздыңыз. Біз оны «Жұлдыз» бен «Жалыннан» оқыдық, — деді Әтін мен Рақымжан қабаттаса сөйлеп. — Міне, бұл сол үйлердің орны.

— Момыш атам бұлағының басы жайқалған тал болушы еді, — деді Рақымжан содан соң. — Соның бәрін, жарықтық, ерінбей-жалықпай жалғыз өзі отырғызған екен. Біз, кішкентай балалар жүгіріп келіп:

— Ата, ат берші, — деуші едік.

— Қандайы керек: жорғасы ма, жүйрігі ме? — деуші еді атам күліп.

Біріміз «жорғасын», біріміз «жүйрігін» сұрайтынбыз. Атам бізге бір-бір шыбық кесіп беретін. Момыш атам менің тоғыз жасымда дүниеден қайтты. Ол кісінің бізге ұрыспай, бір-бір ат мінгізіп жіберетінін осы күнге дейін ұмытпаймын. Сол талдың бәрін жұрт соғыс кезінде күрекке сапқа, отынға кесіп әкетті...

Сіздің туып, өскен, балалық шағыңызды өткерген жерді көріп, мен қатты қуанып едім, Бауке. Бірақ сол күні бойыма суық тигізіп алыппын. Қатты ауырып, ертеңінде Шымкент ауруханасына түстім. Онда он бес күн жатып, Алматыға келдім. Үйге келген соң дәрігер тағыда бір ай қозғалтпастан және жатқызып қойды.

Бауыржан. Өй, сен өзің менің ауылыма барамын деп бейнет көріп, қиналып қалған екенсің ғой. Неге айтпадың бұрын?

Автор. Оның несін айтамын. Жалғыз бір жолғы ауырған ғана емес, Сізбен сөйлесемін деп, ауырғаннан кем қиналмаған күндер де болды ғой, Бауке. Қиналмасаң — кітап туа ма?

Бауыржан. Ол сенін жұмысың.

Автор. Ал, Бауке, енді Жуалыдан шығып, соғысқа қарай бет қоймайсыз ба?

Бауыржан. Қойдым. Жолда Москваға соғып, Отан Қорғау Комиссариатына кірсем, менің К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери академияның жанындағы «Выстрел» деп аталатын білім жетілдіру курсына қабылданғаным туралы бұйрық шыққан екен. Бейбіт кезде мерзімі бір жылдық бұл курстың оқуы соғыс кезінде алты айға қысқартылған болатын. Оқу 3 майда басталады екен. Оған дейін мен ГУК-тың қарамағында қалып, сонда бір ай қызмет істедім.

Автор. ГУК дегеніңіз не, Бауке?

Бауыржан. Кадрлар бас басқармасы, Қорғаныс министрлігіне қарайды. Майдың 3-нен октябрьдің 23-іне дейін сол курста оқыдым. Онда қалай оқып, не бітіргенімді мына документтен оқып, керек болса көшіріп ал. Сен ылғи мені сөйлете бергенше, документтерге сөз берсеңші. Документтер де мен ғой.

V

Баукең осылай деп темекі тартуға кетті. Мен асықпай отырып, ол кісі берген документті түгелдей көшіріп алдым.

«К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары Әскери Академияның білім жетілдіру курсының тыңдаушысы полковник Момышұлы Бауыржанға

1944 жылдың майынан октябріне дейінге уақытқа

АНЫҚТАМА

Жалпы және әскери білімі жеткілікті. Әскер түрлерінің тактика-техникалық қасиеттерін білуі ойдағыдай және бұл жөніндегі емтиханды толық қанағаттанарлық етіп тапсырды.

Жағдайды дұрыс бағалай біледі, жағдайға сәйкес тиянақты қорытынды жасай алады. Көбінесе дұрыс шешім қабылдайды және қабылдаған шешімін нақпа-нақ әрі айқын етіп айтып бере алады. Басқару, бірлесе қимылдау және жабдықтау мәселелерін барынша жеткілікті біледі. Тактикалық міндеттерді шешу қабілетіне жақсы бағалар қойылды. Штаб документтерін толтыруды біршама біледі. Қайсарлық қабілеті бар. Сабаққа ұқыпты. Тәртіпті, ұстамды. Дивизия командирінің орынбасары қызметіне тағайындауға болады.

23. 10. 1944 ж. Курс бастығы

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий