Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

генерал-майор Жамайтис.

Келісемін.

Академия бастығының орынбасары генерал-лейтенант Мордвинов.

25 октябрь 1944 ж.»

Бауыржан. Енді мына документті оқы.

Автор. Мұнда былай деп жазылыпты, Бауке:

КУӘЛІК

Бұл куәлік полковник Момышұлы Бауыржанға берілді. Себебі ол 1944 жылы октябрьде К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары Әскери Академия жанындағы білім жетілдіру курсын жақсы деген бағамен бітіріп шықты.

Негіз: НКО ГУК-тың 1944 жылғы 28 октябрьдегі № 03582 бұйрығы.

Академия бастығының орынбасары генерал-лейтенант В. Мордвинов.

Оқу бөлімінін бастығы генерал-майор Н. Беляев».

Аяғына академияның мөрі басылыпты. Штемпілде: «1944 ж. 3 ноябрь, № 7/25» деген белгі бар. Бауыржан. Ұқтың ба?

Автор. Ұқтым. Академия Сізді дивизия командирінің орынбасары етіп жоғарылатуға болады деді.

Бауыржан. Ендеше мен содан кейін І-Балтық майданы Соғыс Советінің қарамағына келдім де, дивизия командирі болып тағайындалдым. Оны менің «Жұлдызда» жариялаған «Өмірімнің бір саласы» деген естелігімнен оқып алғын.

Автор. Ол естелігіңізді мен алып келдім, Бауке. Соны өз аузыңыздан маған айтып берсеңіз қайтеді? Бауыржан. Немене, сауатын жетпей ме? Автор. Әңгіме онда емес, Бауке. Оның кейбір жерлерін өз ауызыңыздан анықтап алайын деп едім... Мінеки журнал.

Мен Бауыржанға журналды ұсындым. Ол маған мұрты жыбырлап, тесірейе қарады да, журналды алып, оң жағына тастай салды. Содан кейін онда жазылғанның мазмұнын ауызша баяндай бастады.

VI

Автор. Енді әрі қарай айта беріңіз.

Бауыржан. Бір күні мені күтпеген жерден майданның штабына шақыртты. Ол кезде майданның командашасы армия генералы Иван Христофорович Баграмян болатын. 6-шы армияның командашасы генерал-полковник Иван Михайлович Чистяков еді.

Мен кіргенде Чистяковтың қасында авиацияның бір маршалы отыр екен.

— Ең алдымен тамақтанып алайық, содан соң мен майдан командашасына таныстырамын, — деді генерал-полковник Чистяков салған жерден. Жасыратын ештеңе жоқ, жүз грамнан тастап алып, тамаққа кірістік. Сол кезде майданда үлкен шайқас болып жатыр екен. Шайқасқа Жоғарғы Командование Ставкасының өкілі болып Совет Одағының Маршалы Василевский келіпті. Ара қазы ретінде Совет Одағының Маршалы Жуков та келген екен. Жуковты соғыстан бұрын, Ерекше Киев әскери округында қызметте болған кезімде бірер рет алыстан көргенмін. Ал Василевский бұрын көрмеген кісім болатын.

Ас үстіндегі әңгімесін тез аяқтап, Чистяков орнынан тұрды.

— Ал мен кеттім.

Шайқастың сәті түспей жатқан кез еді. Соған елдің бәрі қатулы. Бірсыпыра уақыт өтті. Мен өзімді ішке шақырған бұйрық күтіп отырмын.

Автор. Сол күтіп отырған кезіңізде не ойладыңыз, Бауке?

Бауыржан. Майдан қолбасшысы туралы өзімнің білетінімді Чистяковтың генерал Баграмян туралы айтқандарын есіме алдым. Баграмян бұрын да көрген кісім ғой. Соғыстан бұрын, Қиыр Шығыстан Ерекше Киев әскери округының қарамағына қызметке келгенде полковник Баграмяннің қабылдауында болғанмын. Енді генерал Баграмяннің қабылдауына келіп тұрмын. Одан бері бірсыпыра уақыт өтті. Баграмян бұл уақыт ішінде еліміздің көрнекті қолбасыларының қатарына қосылды. Бұл штабта отырып өскен генерал емес, от пен өрттің ішінде жүріп, өзінің батылдығымен, батырлығымен өрлеген өрен болатын.

Мен бұрын Баграмяннің қарамағында соғыста болғаным жоқ. Сондықтан оны жақыннан жақсы білмейтінмін. Бірақ генерал Чистяков оның адамгершілік қасиеттері, инициативаны бағалай білетіндігі, қол астындағы адамдарға сеніммен қарайтындығы жайында жылы-жылы лебіздер айтқан. Командашы мен командары арасында Елгава оқиғасынан кейін өзгеше бір сыйластық сезім арнағанын да аңғарғанмын. Ол оқиға былай болған екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий