Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бағанадан бері екі қолын артына ұстап, бөлме ішінде ерсілі-қарсылы үнсіз жүрген Жуков аласа бойлы шағын денесін ықшам қозғап, қасыма келді.

— Сен маған ренжіп қалдың ба? — деді маған тіке қарап.

— Полковниктің маршалға ренжуі ағаттық болады, — дедім мен.

Маршал Жуков ішек-сілесі қата күлді де, иығымнан алақанымен түйіп жіберді. Тегеуріні қатты екен. Шайқалып барып, қайта түзелдім.

— Енеңді ұрайын, сен мені қатырдың, — деді содан соң.

Маршал Василевский орнынан қозғала түсіп:

— Жолдас полковник, сізге рұқсат, бара беріңіз, — деді.

Мен шығып кеттім. Іштен хабар күтіп, ауыз бөлмеде біраз отырдым. Қадірлі командашыны өкпелетіп алдым-ау деп ойладым. Адамға жақсы көретінімді жеткізе алмайтын орашолақтығыма өкіндім. Бірақ жұрттың бәрі жақсы көргенін жалбақтап білдіруге міндетті емес шығар деп өзімді өзім және жұбаттым.

Бірақ Баграмян көңіліне ештеңе алмаған екен. Оны артынан білдім. Соғыстан кейін, маған Бас штаб академиясына оқуға бару туралы қағаз толтырылғанда Иван Христофорович: академияға сондай полковниктерімізді жіберуіміз керек деп, бірден қол қойыпты.

Сонымен біраздан кейін іштен Чистяков шықты. Орнымнан атып тұрып, бірден қабағына қарадым. Көңілді екен.

— Сен 9-шы гвардиялық дивизияның командирі болып тағайындалдың, — деді ол бірден. — Командашы қол қойды. Екі маршал батасын берді. Құттықтаймын! — Генерал-полковник құшырлана қолымды қысты. — Бірақ, — деді одан кейін түсін суытып, — үлкендердің алдында байқап сөйлеу керек, енеңді ұрайын. Сен бастықтарға жақпай қала ма деп жаным мұрнымның ұшына келді. Командашымен атаңның басына сөз таластырасың ба? Әйтеуір, ол кісі шамданған жоқ. Әйтпесе күйіп кететін едің. Ұқтың ба?

Мен үндемедім. Үндемегенім: өтер іс өтті, өкінгенмен пайда жоқ. Генерал бетіме алара қарады да, енді даусын жұмсарта сөйледі.

— Іштен телефон соқтым. Қазір саған машина келеді. Бар да дивизияны қабылда және оның әкесі бола біл. Дивизия қазір қатты шайқас үстінде. Тез жет.

— Құп, жолдас генерал, — дедім мен оң қолымды шекеме көтеріп, — дивизияны қабылдауға және оған әке болуға!

— Жөнел.

Сөйтіп мен дивизия командирі болдым.

Автор. Рақмет, Бауке. Бұл арада Сіздің дивизия командирі болдым дегеніңізге ешкім таласа алмайды. Өйткені Сіз онда Баграмян штабынан 9-шы гвардиялық дивизия командирінің орынбасарлығына тағайындалып, бірақ дивизия командирінің лауазымын арқалап шықтыңыз. Бұйрықта солай делінген: орынбасар болып тағайындалсын, командирдің міндетін атқарсын деп көрсетілген. Бұл 1945 жылдың 21 январь болатын, Бауке.

Бауыржан. Рас.

Автор. Ал Сіз өзіңізге жүктелген дивизия командирі міндетін ойдағыдай атқарыпсыз, Бауке. Ол туралы тиісті документ бар.

Бауыржан. Қандай?

Автор. Мынадай.

Гвардия полковнигі Момышұлы Бауыржанды 9-шы гвардиялық қызылтулы атқыштар дивизиясының командирі лауазымына бекіту туралы

ҰСЫНЫС

Бұл лауазымның міндетін 1945 жылдың 25 январынан бері атқарып келеді, батыл, өжет, тактикалық жағынан сауатты, ұрыс үстінде әскерлердің өзара байланысын ептілікпен ұйымдастыра біледі, ұрысты жақсы басқарады, тәртіпті. Өзіне де, өзгелерге де талап қойғыш бағыныштыларының арасында абыройлы. Саяси ой-өрісі кең. Моральдық жағынан берік. Партия ісіне берілген.

Әскерлерге ойдағыдай басшылығы, Прибалтикадағы неміс группировкасын жою жөніндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы, үшін Қызыл Ту орденімен наградтауға ұсынылды.

Қорытынды: атқарып келе жатқан лауазымына лайық. Момышұлын дивизия командирі лауазымына бекіту туралы ұсыныс енгіземін.

2-ші гвардиялық атқыштар корпусының командирі Совет Одағының Батыры генерал-майоры Баксов.

8 март 1945 ж.»

Бауыржан. Рақмет.

VII

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий