Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Біздің Андалусияда бір қала бар, испан грандтары деп аталып жүргендер арасындағы әлдебір герцогтың атақ-дәрежесі соның атынан шыққан. Герцогтың екі баласы бар: үлкенін, әлгі дәреженің мұрагерін, оның жақсы мінез-құлқын да мұра еткен деуге болатындай, ал кішісі Вельидоның зұлымдығы мен Ганелонның екіжүзділігінен басқа ештеңе де мұра етпеген секілді. Әке-шешем сол герцогтың вассалы. Олардың арғы тегі қандай екені беймәлім, есесіне шылқыған бай, егер дәрежелері дәулетінен пәстеу көрінбегенде, басқа уайымдары болмас еді, ал өзім осыншалықты жәбір-жапа шегем деп қорықпас едім, — өйткені, бастан өткерген қорлық-зорлығымның бәрі, бәлкім, ата-анама ақсүйектерден жаратылу бағы бұйырмағанынан да шығар. Расын айтқанда, олардың тұқымы кісі ұялатындай тым нашар да емес, сөйте тұрғанымен, қайғы-қасіретімнің қайнар көзі соның қырсығынан дейтін сенімімнен айнытарлықтай аса бір текті де емес. Қысқасы, олар егіншілер, қарапайым адамдар, әлденендей бір арам ниетті тайпамен ешқандай аралас-құраласы жоқ, барып тұрған таза қанды христиандар, бірақ өте бай, не ішем, не кием демейді, шын мәнінде қазір олардың идальго ғана емес, тіпті кавальеродан да айырмашылығы жоқтың қасы. Алайда, мен сияқты қыздары барын олар өздерінің ең зор байлығы және абырой-атағы санайтын. Басқа мұрагер ұлы немесе қызы болмағандықтан, аса балажан ата-анамның қолында әлемдегі ең ерке қыздың бірі боп өстім. Олардың қартайған шағының қуанышы болдым, жүзіме қарап өздерін танитын айнасы болдым, ізгі ниетті тілектерін бағыштайтын ардақтысы болдым, бұл тілектерінің ізгілігі сондай, өз тілегіммен еш кереғар келмейтін. Дәтке қуат сүйікті қызы болумен қатар олардың үйін де өзім билеп-төстедім: қызметшілерді өзім жалдап, өзім босатып отырдым, қандай дақыл себіліп, қандайы орылып жатқанына, ірі қара мен ұсақ жандық санына, ара ұяларына есеп жүргіздім, май былғау мен шырын сығу жұмыстарын қадағаладым. Бір сөзбен айтқанда, әкем секілді аса бай село тұрғынының иелігінде болуы мүмкін және иелігінде болған нәрсенің бәрі есеп-қисабымда тұрды, мен әрі шаруашылық басқарушы, әрі қожайын міндетін атқардым, осындай елгезектігіме деген ата-анамның қуанышын тиісті дәрежеде суреттеп жеткізе алмаймын. Бақылаушыларға, бақташылар мен күнделікті жұмыс істейтіндерге тиісті тапсырмамды беріп келген соң қыздарға мейлінше жарасатын әрі оларға аса қажет боп табылатын жұмыспен айналыстым, мысалға, іс тіктім, кесте тоқыдым, ұршық та иірдім. Бұл істерден мезі болған кезімде ғибратты кітаптар оқуға ден қоятынмын немесе арфада ойнайтынмын, өйткені музыка алабұртқан көңілді тыныштандырып, зеріккен ой-қиялды сабасына түсіретінін өз тәжірибемнен білетінмін. Міне, ата-анамның үйінде осындай өмір кешкем, мұның бәрін соншалықты егжей-тегжейлі сипаттап отырған себебім қандай жақсы қыз екенімді айту емес, жә байлығыммен мақтану емес, жалғыз ғана мақсатым — бұрын қандай ғанибет тірлік кешкенімді, ешбір айып-кінәм жоқтығына қарамай енді қазір қандай мүсәпір халге тап болғанымды көрсету ғана.

Пәле маған былай жабысты. Тыным таппай еңбек етіп жүрген әрі монастырьдағы қамашау өмірге ұқсас көз таса тірлік кешіп жүрген мен жазған өзімді қызметшілерімнен басқа жан баласы көрмейді деп ойлайтынмын, өйткені тіпті шіркеудің өзіне де ертелетіп, шешеммен және қызметші келіншектермен бірге баратынмын, оранып, қымтанып алатыным сонша, қарсы алдымнан аяқ басар жерден басқа ештеңе көрмейтінмін, солай бола тұрғанымен махаббат көзінің қиығы, дәлірек айтқанда, сілеусін көзі де теңдесе алмайтын сұғанақ көздің қиығы, дон Фернандоның ыждағаттылығы арқасында, — әлгінде өзім айтып өткен герцогтың кенже баласының есімі осындай, — мені байқап қалыпты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий