Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

“Мынау араб хатында жазылған жайдың испан тіліндегі сөзбе-сөз аудармасы, — алдын-ала ескертіп қояйын, Лела Мәриам деген сөз барлық жерде әміршіміз Ару Мария дегенді білдіреді”, дегенді айтты.

Хаттың мазмұны мынадай еді:

“Кішкентай бала кезімде әкемнің күңі маған өз ана тілімде христианша салаатты38 үйреткен болатын және маған Лела Мәриам жайында көп әңгімелеген еді. Бұл христиан әйел дүние салды, бірақ оның жаны тозақ отына емес, Алланың мейірімді құшағына тап болғаны өзіме бек жақсы мәлім, өйткені кейін ол маған екі рет аян беріп, христиандарға баруға, өзімді өте жақсы көретін Лела Мәриаммен жүздесуге әмір етті, ал мен болсам қалай барарымды білмеймін. Мен терезеден талай христианды көрдім, бірақ тек жалғыз сені ғана нағыз дворянға балаймын. Мен жаспын әрі әдемімін және өзіммен бірге көп ақша әкете алам, — менімен бірге кете аласың ба, сол жайында ойланып көрші, сосын, анда барған соң, қаласаң, маған үйленуіңе болады, қаламасаң, оған тіреліп тұрған дәнеңе жоқ: Лела Мәриам маған күйеуді өзі-ақ тауып береді. Бұл хатты кімге оқытуға болатыны жайында ойлан, тек маврларға сенуші болма, олардың бәрі екіжүзді. Осы мені қатты мазалайды, асылы, сенің бұл жайында ешкімге ештеңе айтпағаның жақсы болар еді, себебі әкем бұл жайында біліп қойса мені құдыққа лақтырады да, үстімнен таспен бастырып тастайды. Мен шыбыққа жіп байлап төмен түсірермін, сен оған жауабыңды жалғап жібер. Егер арабша хат жаза алатын ешкімің болмаса, онда ыммен-ишарамен ұғындыр, — не айтқаныңды түсінуге Лела Мәриамның өзі көмек береді. Лела Мәриам мен Алла, сондай-ақ мына крест өзіңе жар болғай, бұл кресті күңнің өзіме тапсыруы бойынша күніне сан қайтара сүйемін”.

Бұл хаттың бізді қалай таңдандырып, қалай қуантқаны сіздерді таңғалдырмауға тиіс, сеньорлар. Соншалықты шаттанып, мәз-майрам болғанымызға қарап әлгі діннен безген бұл хаттың тектен-тек табыла қалмағанын, оның шын мәнінде арамыздағы біреуге арнап жазылғанын аңғарып қойды да, егер бұл жорамалы рас болса, өзіне сенім білдіріп, бәрін түгел айтып беруімізді өтініп, бостандыққа шығуымыз үшін өмірін құрбан етуден де тайынбайтынын айтып жалынып-жалбарына бастады, Сол арада ол мойнындағы темір кресін алып, көз жасын көлдете отырып, сол кресте бейнеленген құдайдың атымен ант беріп, күнәкар әрі жауыз адам болғанымен, оған бәрібір шын көңілден, кәміл сенетінін, ешқашан сатқындыққа бармайтынын, өзіне мәлім қылған сырымыздың бәрін түгел құпияда сақтайтынын айтты, өйткені ол хат жазған қыздың көмегімен азаттық алатынымызға, бізбен бірге өзінің де бостандыққа шығатынына, сөйтіп қасиетті шіркеу-анамыздың аясына қайтып оралу жөніндегі асыл арманының, — білместігіне және күнәға батуына байланысты ол шіркеуден шіріген жұмыртқа ретінде аласталып, біржола шеттетілген болатын, — ақыры орындалатынына үміттеніп, тіпті соған құлай сеніп те қалған еді. Осы сөздерді айтқанда оның еңіреп жылағаны және, бәлкім, шын пейілімен де шығар, өткен істеріне қатты өкініш білдіргені сонша, бәріміз сол жерде бұған бар шындықты айтқан жөн болар дегенге тоқтадық, ақыры солай істедік те: барлығын түгел жасырмай баян еттік. Оған қамыс шыбық түсірілген терезені көрсеттік, бұл үйді қаперіне алған ол онда кім тұратынын анықтау үшін қолынан не келсе соның бәрін жасауға уәде берді. Сондай-ақ, біз мавр қызының хатына міндетті түрде жауап қайтаруды ұйғардық, жазу жаза білетін адамымыз жанымызда болғандықтан, оған хатты қолма-қол айтып жаздыра бастадым; оның мазмұнын қазір өздеріңізге бір сөзін қалдырмай айтып бере алам, өйткені бұл оқиғаға қатысты елеуге тұрарлық ұсақ-түйек жайлардың бәрі әлі күнге шейін жадымнан өшкен жоқ және ақырғы демім біткенше өшпейді де. Сөйтіп, мавр қызына мынадай жауап жолданды:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий