Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

“Ақ пейілді Алла жар болғай өзіңе, мейірбан ханым, сондай-ақ жүрегіңе христиан жеріне жол тарту жөнінде ой дарытқан, қасиетті құдай анасы, Мәриам әміршіміздің де шапағаты тигей саған. Мәриамға жалын, сұра одан, бәлкім ол саған әмірін қалай орындау керегін ұғындырар, — оның мейірімділігінде шек жоқ, жол тауып берері анық. Өз атымнан, сондай-ақ қасымда жүрген барлық христианның атынан, сен үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын деп уәде берем, ал қажет болып жатса сен үшін жан қиюға да әзірмін. Не істемек ойың барын айтып хат жаз, хабар бер, мен саған жауапты кідіртпеймін, өйткені қайырымы мол Алла бізге сенің тіліңде сөйлей де, жаза да білетін тұтқын христианды жолықтырды, оны осы хат арқылы-ақ аңғарарың кәміл. Сөйтіп, енді ештеңеге жалтақтамай-ақ бәрін жасырмай айта беруіңе болады. Христиан еліне барған соң маған күйеуге шыққың келетіні жайында жазыпсың, мен өз тарапымнан, шынайы христиан ретінде, саған үйленем деп уәде етемін, ал христиандардың өз сертіне маврлармен салыстырғанда беріктеу болатынын біліп қойғаныңның зияны жоқ. Өзіңе Алла мен оның анасы Мәриам жар болғай, аяулы ханым”.

Хат жазылып, желімденгеннен кейін маған аттай екі күн күтуге тура келді, — ақыры банья тағы да қаңырап қалды да, мен кіре берістегі дағдылы орныма барып шыбық көрінбес пе екен деп қарай бастадым, ұзамай шыбық та шошаң етіп шыға келді. Соны байқаған бойда-ақ, оны кімнің ұстап тұрғаны көзіме шалынбаса да, қолма-қол хатты көрсетіп, жіпті төмен түсіруі керегін түсіндірдім. Алайда, жіп шыбыққа жалғанып та қойған екен, соған хатымды байлап жібердім, ал арада аз уақыт өткенде ақ орамал кейпіндегі үмітіміздің жұлдызы тағы жарқ етті. Орамал жерге түскен соң, оны алып, түйіншегінен түрлі күміс және алтын теңгелерден тұратын елу эскудодан астам ақша таптым, бұл қуанышымызды елу есе арттырып, босанып шығуға деген сенімімізді нығайта түсті. Діннен безген сол күні түнде қайтып оралып, өз мәліметтері бойынша, ол үйде өзіміз әжептәуір хабардар маврдың тұратынын, аты-жөні Хаджи Мурат екенін, осынау шылқыған бай адамның зор дәулетіне мұрагер боп табылатын жалғыз ғана қызы барын, оны қала жұртшылығы Берберияда жан тең келмейтін сұлу санайтынын, қызды айттыруға талай-талай вице-корольдің келгенін, бірақ қыздың ешқайсысына шықпағанын айтты. Бұған қоса, оның христиан күңі болғанын, күңнің дүние салғанын хабарлады. Мұның бәрі хаттан өзімізге жақсы мәлім жайттардан жырақтамайтын.

Сол арада біз мавр қызын қалай алып қашуға болатыны жөнінде, сөйтіп бәріміздің христиан жеріне қалай жете алатынымыз жайында діннен безгенмен ақылдаса бастадық, ақыр соңында Зораиданың (қазір енді Мария атанғысы келіп жүрген мына қыздың есімі осындай еді) тағы бір хабарын күтуге байлам жасадық, өйткені оның көмегінсіз қиындықтардың бәрін бірдей жеңе алмайтынымызды бәріміз де бек жақсы біліп тұрғанбыз. Осыған бәтуаласқан кезімізде, діннен безген бізге босқа абыржи бермеңдер, өзім өлсем өлермін, бірақ сендерге бостандық алып берермін, дегенді айтты. Төрт күн қатарынан абақты адамға толы болды, соның салдарынан қамыс шыбық көрініс бере қоймады, ал бесінші күні, абақты тыншу тапқан бойда қайта пайда болды және жеңілденуі бақытқа жеткізетінін мегзегендей әжептәуір көлемде томпайған түйіншекпен бірге бой көрсетті. Жақындай берген сәтімде орамал байланған шыбық жерге түсті де, мен одан хат және өңкей алтын теңгелерден тұратын жүз эскудо таптым. Діннен безген осы жерде болатын, біз оны барагымызға алып кірдік, сол арада ол бізге хатты аударып та берді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий