Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

“Испанияға қалай барып жетуімізге болатынын мен білмеймін, мейірімді мырзам, Лела Мәриам да сұрағаныммен ештеңе айтқан жоқ; дегенмен, былай істеуге болатын секілді: мен саған терезеден мүмкін болғанынша көбірек алтын теңге түсіремін, ал сен ол ақшаға өзің үшін және достарың үшін өтемақы төлейсің; содан кейін біреуің христиандарға барып фелюга39 сатып алсын да, қайтып оралып қалғандарыңды алып кетсін, ал мені теңіз жағасында, Бабассун қақпасы маңайында тұрған әкемнің қала сыртындағы мекен-жайынан табасыңдар, — жаз айын әкеммен және малайларыммен бірге сол арада өткіземін. Түн қараңғысында сіздер мені ол жерден онша қиналмай-ақ алып қашасыңдар да, фелюгаға алып барасыңдар; тек байқа, маған үйленетін бол, әйтпесе Мәриамға айтып қоям, сосын ол сенің сазайыңды береді. Егер қайық сатып алуды ешкімге сеніп тапсыра алмайтын болсаң, онда өз өтемақыңды төле де, жалғыз бар, — айтқан сөзіңе бір адамдай берік екеніңе кәміл сенемін: өйткені сен дворян әрі христиансың ғой. Біздің қала сыртындағы үйімізді іздеп тауып ал, үй сыртында серуендеп жүргеніңді көрсем, баньяда ешкімнің қалмағаны маған сол бойда-ақ түсінікті болады, сол жерде саған көп ақша берем. Алла жар болғай өзіңе, мейірімді мырзам”.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий