Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен де өтем төлейтіндер қатарына енгізілдім, өйткені капитан екенім анықталғаннан кейін, қаражат жағдайым жарытымсыз, ешқандай дүние-мүлкім жоқ деп сендіріп баққаныма қарамай, бәрібір дворяндар және өтем алуға болатын тұтқындар тобына жатқызылдым. Мені шынжырмен бұғаулап тастады — әрине, күзету оңайға түсуі үшін емес, тек өтем төлей алатын адам екенімді әйгілеу үшін ғана; сөйтіп, осы баньяда өтем алуға жарамды саналатын және осы мақсат үшін ғана қамалған көптеген дворянмен және басқа да айтулы адамдармен бірге тұрып жаттым. Кей-кейде, ал дәлірек айтар болсам, ылғида дерлік аштық пен жалаңаштықтан азап шегіп жүргенімізбен, бізді әсіресе қатты торықтырған жағдай — қожайынның христиандарға құлақ естіп, көз көрмеген қатыгездік жасайтынына адым аттап басқан сайын куә болатындығымыз еді. Күн сайын ол біреуді дарға асып, екінші біреуді қазыққа отырғызып, үшінші біреудің құлағын кесіп жататын, — бұның бәріне түкке татымайтын нәрсені сылтау ететін, кейде тіпті сылтау да іздеп жатпайтын, сондықтан мұның қатыгездік үшін ғана жасалатын қатыгездік екенін, оның бойында адам атаулыны жау көретін туа бітті қасиет барын түріктердің өзі де түсініп жүрді. Оның жақсы қараған жалғыз ғана адамы — Сааведра дейтін испан солдаты болды, оны түріктер де әлі ұмыта қоймаған шығар, өйткені ол онда не түрлі хикметті жасады ғой және мұның бәрін тек қапастан босап шығу мақсатында ғана істеген еді, алайда қожайыным оған бірде-бір мәрте қол жұмсаған жоқ, оны сабауға бұйрық та берген жоқ және оған жаман сөз де айтқан жоқ, ал шынтуайтына келгенде, біз жолдасымыздың ең бейкүнә деген қылығының өзі үшін ғана оны қазыққа отырғызатын шығар деп зәреміз қалмайтын, тіпті оның өзі де талай рет осындай жаза тартудан қауіптенген болатын. Егер уақыт тарлық етпегенде сіздерге бұл солдаттың ерлік істері жайында біраз қызықты нәрсе айтып берген болар ем және бұл әңгімем өз басымнан өткен жайлардан да гөрі әлдеқайда тартымды әрі таңырқауға тұрарлық боп шығар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий