Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақыры Голета берілді, форт та берілді, бұларды қоршауға жетпіс бес мың жалдамалы түрік әскері мен Африканың түкпір-түкпірінен жинап әкелінген төрт жүз мыңнан астам мавр мен араб қатысты, оның үстіне осынау жер қайысқан қол жеткілікті мөлшерде оқ-дәрімен және әскери жарақпен қамтамасыз етілген-ді және жер үңгумен айналысатын адамдары да айтарлықтай мол болатын, осы себепті Голета мен фортты бетінен келтіріп көміп тастау үшін әр солдаттың бір-бір уыс топырақ тастағанының өзі жетіп жататын. Бірінші боп Голета тізе бүкті, соған дейін оны ешбір дұшпан ала алмайтындай көрінетін, — оның тізе бүккені қорғаушыларының кінәсінен емес-ті, олар қамалды қорғау жолында қолдан келгеннің және өздері міндетті болғанның бәрін жасады, оның берілуіне, тәжірибе көрсеткеніндей, шөл даладағы құмда окоп қазудың оңайлығы себеп болды: әдетте екі сүйемдей қазсаң-ақ су шыға келетін, ал түріктер екі шынтақ бойы қазғанымен су көріне қоймады. Сөйтіп, олар құм толтырылған сансыз көп қапшықтан таудай биік дуал тұрғызды, бұл қамал қабырғаларынан иық асырып тұратын болды, ал қоршаудағылар қорғану мүмкіндігінен айрылып, биіктен атқылауға еш кедергі жасай алмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий