Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мені Константинопольге алып келді, сол тұста Селим сұлтан осы айқаста өз міндетін мүлтіксіз орындағаны үшін, ерлігінің айғағы ретінде Мальта орденінің туын алып келгені үшін қожайынымды генерал-адмирал етіп тағайындады. Арада бір жыл өткенде, яғни жетпіс екінші жылы, адмирал кемесінде ескекшілікте жүріп Наварин шайқасының куәгері болдым. Түрік флотын айлақта басып алу мүмкіндігі қалай қолдан шығып кеткенін өз көзіммен көрдім, өйткені түріктің барлық теңіз және құрлық жаяу әскері өздеріне сол айлақтың өзінде шабуыл жасалады деп күтіп жатқан, сондықтан, бостан босқа қырылып қалғылары келмей, құрғақпен қаша жөнелу үшін киім-кешектері мен башмақтарын (түріктер аяқ киімдерін осылай атайды) дайын ғып отырған: біздің флот оларға осындай орасан зор үрей төндірген болатын. Алайда, бәрі басқаша боп шықты — бірақ, бұл біздің адмиралдың кінәсінен немесе немкеттілігінен емес-ті, керісінше, христиандар күнәға батқанда және жаратқан иеміз қырын қарағанда өзімізге жаза беретін жендеттердің де табыла кететіндігінен еді. Дәл солай болып та шықты: Улудж-Али Модонаға қарай шегінді, — Наварин маңайында осындай арал бар, — сөйтті де, әскерін түсіріп, айлаққа кірер ауызды бекітіп тастады, сол арада сеньор дон Хуан қайтып оралғанша тапжылмай отырды да қойды. Осы жорықтың барысында біздің әскерлер Жирен Сақал дейтін атақты теңіз қарақшысының баласы басқаратын “Олжа” атты галераны қолға түсірді. Оны қолға түсірген соғыс падишасы және солдаттарының туған әкесі, қашан да жолы болғыш және қашан да жеңіліс табу дегенді білмейтін әскер басы дон Альваро де Басан, де Санта Крус маркизі, басқарған неапольдық флагмандық “Құртқа” галерасы болатын. Осы арада “Олжаның” қалай олжа етілгені жайында айтпай өте алмаймын. Жирен Сақалдың баласы аса қатыгез болатын, тұтқындарға көрсетпеген қорлығы жоқ-ты, содан “Құртқа” галерасы өздерін өкшелеп келе жатқанын және қуып жетуге таяп та қалғанын көрген ескекшілер бір демде ескектерін лақтырып тастап, жылдамырақ есуге әмір етіп бақырып-шақырып тұрған капитанды тұтып алып бір сәкіден екінші сәкіге, кеменің алдыңғы жағынан артқы жағына қарай қақпақылдай бастайды, қақпақылдау кезінде жол-жөнекей оңдырмай тістелегендері сонша, ақыры жерге түсірген кездерінде анау көп кідірмей ана дүниеге аттанып кете барады, — қайталап айтқаным артық болмас, ол тұтқындарға өте қатыгез болған-ды және шектен тыс өшпенділік туғызған-ды. Біз Константинопольге қайтып оралдық, ал келесі, жетпіс үшінші жылы, сонда отырған бізге сеньор дон Хуанның Тунисті басып алғаны, оны түріктерден тазартып, мулей Ахметтің басқаруына бергені, сонысы арқылы мулей Хамидтің, дүниедегі нағыз қаныпезер және нағыз жау жүрек маврдың, Туниске қайта оралмақ үмітін біржола үзгені мәлім болды. Бұл шығынға жаны шырқыраған сұлтан, арғы-бергі аталарына тән аярлықпен венециялықтармен бітімге келді, — бұған венециялықтар оның өзінен де көбірек зәру боп отырған-ды, — сөйтті де, келесі, жетпіс төртінші жылы, Голета мен Тунистің іргесіндегі фортты қоршауға алды, — сеньор дон Хуан форттың құрылысын аяқтап үлгермеген-ді. Осынау әскери қақтығыстардың барлығында да мен ескекте отырдым және босанып шығамын-ау деп те үміттенген емеспін, — қайткен күнде де, әйтеуір, ақша төлеу арқылы азаттық аламын-ау деген ой менде болған жоқ, өйткені бақытсыздығым жайында әкеме ештеңе жазбауды ұйғарғам.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий