Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

“Балаларым! Өздеріңді жақсы көретінімді білдіруім үшін, сендер менің баламсыңдар деген сөзді айтқанымның өзі-ақ жетеді, бірақ сендерді неге тиісті дәрежеде жақсы көрмегенімді білдіруім үшін, өздеріңе тиесілі дүние-мүлікті толық күйінде сақтай алмағанымды айтсам да болады. Міне, сондықтан, туған әке ретінде жақсы көретініме, өгей әке секілді азып-тозып кеткендеріңді тілемейтініме енді анық көз жеткізулерің үшін, байыппен пайымдай келіп, бәрін де асықпай өлшеп-пішіп, ескере отырып бір қадам жасауға бел будым. Сендер қазір өмірден орындарыңды табатын немесе, ең болмағанда, кейін өздеріңе абырой әперетін және пайда келтіретін кәсіп түрін таңдайтын жастасыңдар. Қожалығымды төртке бөлуді ұйғардым: үш бөлігін сендерге берем, ешқайсыңды алаламаймын, төртіншісін көрер күнім түгесілгенше тірлік кешуім үшін өзімде қалдырам. Алайда мен әрқайсың қожалықтың тиесілі бөлігін алғаннан кейін қазір өзім ұсынғалы отырған жолдардың бірін таңдағандарыңды қалар едім. Бізде, Испанияда, өз түсінігімше, дөп айтылған бір мақал бар, жалпы алғанда, қандай мақал болмасын дөп айтылмайтыны жоқ, өйткені бұлар, шынтуайтында, көп жасап, көпті көрген адамдардың қысқаша ой-тұжырымы боп табылады, ал енді өзім меңзеп отырған мақал: “Не шіркеу, не теңіз, не корольдің сарайы деңіз”, дейді, — басқаша сөзбен айтқанда: адам қатарына қосылғысы келгендер, оған қоса дәулет жинағысы келгендер не діни дәреже алуға тиіс, не сауда-саттық жолын таңдап, теңізбен сапар шегуі қажет, жә болмаса корольге қызметке кіруі керек, — себебі: “Сеньордың сый-сияпатынан, король дастарқанының қиқымы артық” деген сөз тегіннен-тегін айтылмаған ғой. Мұның бәрін жыр ғып отырған себебім, — ал, мұны менің тілегім әрі өздеріңе қояр талабым деп біліңдер, — біреуің өз өміріңді ғылымға бағыштасаң, екіншің — сауда-саттықпен айналыссаң, ал үшіншің — король әскерінің құрамында король-ағзамға қызмет етсең деп едім, өйткені сарай адамына айналу — оңай шаруа емес, ал әскери қызметте оншалықты байып та кете алмайсың, бірақ, есесіне, зор даңқ пен үлкен құрметке ие болуың мүмкін. Бір аптадан соң әрқайсың менен тиесілі үлестеріңді ақшалай аласыңдар, соқыр тиынын қалдырмай санап берем, оны өздерің-ақ көресіңдер. Ал, енді осы сөзіммен келісесіңдер ме және тілімді аласыңдар ма, соны айтыңдаршы”.

Үлкендері өзім болғандықтан маған бірінші боп жауап беруге тура келді, сол арада мен әкемнен дүние-мүлікті бөлмеуін, өзі қанша ақша шығындағысы келсе сонша шығындай беруін өтіне бастадым, әлі жас екенімізді, ақшаны өз еңбегімізбен таба алатынымызды айттым, сөзімнің соңында оның тілегін орындауға әзір екенімді, армияға барғым келетінін, сөйтіп осы салада құдайтағала мен корольге қызмет еткенді хош көретінімді мәлім еттім. Өзімнен кейінгі інім де әуелі әкеме дәл сондай тілек білдірді, сосын Америкаға аттанғысы келетінін, тиесілі ақшасын сонда қолға алмақшы ісіне жұмсайтынын жария қылды. Кенже інім, меніңше, арамыздағы ең ақылдымыз да сол, діни қызметші болғысы келетінін немесе Саламанкада бастаған оқуын аяқтап шықпақ ойы барын айтты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий