Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Басқалар тамақ ішіп жатқанда Дон Кихот осындай ұзын-шұбақ ой-тұжырымын ортаға салды, ал өзі, Санчо Пансаның қазір ас ішетін уақыт, әңгімені кейін айтуға болады ғой деп әлденеше рет құлаққағыс жасағанына қарамастан, алдындағы дәмнен татып та алған жоқ. Осындай, бір қарағанда, әжептәуір парасатты түйін жасай алатын, көп нәрседен хабары бар адамның әңгіме арнасы әлгі аты өшкір рыцарьлық жайына ойысса болды, ақыл-естен біржола айрылып қалатынына тыңдаушылар тағы да тағы өкініш білдірді. Священник Дон Кихоттың әскери қызметтің пайдалылығын дәріптеген дәлелдемелері көңілге әбден қонымды екенін, өзі священник, оқып-тоқыған, оған қоса ғылыми дәрежесі бар адам бола тұрғанымен, оның пікірін қолдайтынын айтты.

Міне, кешкі ас та ішілді, үстелдегі ыдыс-аяқ та жиналды, сөйтіп бекетшінің жұбайы қызымен және Мариторнеспен бірге Ламанчалық Дон Кихоттың шоланын тәртіпке келтіруге кіріскен кезде, — бұл жолы онда ханымдар ғана қонып шықпақшы еді, — дон Фернандо тұтқыннан өмір тарихы жайында әңгімелеп беруін өтінді, оның осы жерде Зораидамен бірге бой көрсетуінің өзі-ақ өмір жолының өзіндік ерекшелігі барын және қызғылықты екенін аңғартатынын айтты. Тұтқын оған бұл өтінішін қуана-қуана орындайтынын, алайда әңгімесі бұларды онша қызықтыра қоймайды-ау дейтін қаупі барын, бірақ олардың дегенін орындауға әрқашан әзір екеніне көздері жетуі үшін, қалай болған күнде де, айтып беретінін мәлім етті. Священник те, басқалары да оған алғыс жаудырып, өтініштерін тағы бір мәрте қайталады, ал анау болса, жұрттың бәрі бірауыздан ықылас білдіріп жатқанын көріп, әмір етудің өзі-ақ жеткілікті жерде өтініш айтқан орынсыз болады, деді.

— Ендеше, мейірбан мырзалар мен ханымдар, мейлінше шыншыл бұл хикаяға зейін қоя құлақ салыңыздар, онымен салыстырғанда ойдан шығарылған, ұзақ ойланып-толғану мен майталман шеберліктің табы сезіліп тұратын әңгімелер сіздерге, бәлкім, онша тартымды да болмай қалар.

Осы сөзден соң бәрі өз орындарына қайта жайғасты, ешкім тіл қатып, тіс жармады, ал анау жұрттың бәрі тыңдауға әзірленіп тына қалғанын көріп, бәсең де ұнамды үнмен әңгімесін былай деп бастап кетті:

ХХХІХ тарау

Мұнда тұтқын өз өмір жолы мен бастан кешкен тауқыметтері жайында әңгімелейді

— Фортунадан гөрі жаратылыс көбірек жарылқаушылық көрсеткен менің аталарым Леон тауындағы бір елді мекенде өніп-өскен еді, — ашығын айтқанда, айнала-маңайды жоқшылық жайлап алғаны сонша, жұрттың көзіне әкем дәулетті адам секілді көрінетін, ал егер орынсыз шашып-төгуге бейім болмай, үнемшілдікке әуес болғанда ол шынымен-ақ сондай адамға айналар да еді. Оның жөнсіз жомарттығы пен ақшаны босқа рәсуа қылуға бейімдігі жас кезінде, солдаттықта жүргенде қалыптасқан-ды, өйткені солдаттық дегеннің өзі ерекше бір мектеп, онда үнемшіл — жомартқа, ал жомарт — ысырапқорға айналады, ал сараң солдат кездесе қалса, оны жер астынан шыққан жіктей көреді, өйткені мұндайлар онда өте сирек. Әкемнің мырзалығы ысырапқорлықпен шендесіп жатты, ал үйелмені бар адамды, мойнында әулетінің атағы мен абыройын балаларына мұра қылу парызы бар адамды мұндай қасиет жақсылыққа жеткізбейтіні белгілі. Әкеден үшеу едік, үшеуіміз де ер бала болатынбыз және бәріміз де өзімізге лайық кәсіп таңдайтын жасқа жеткенбіз. Өзі айтқандай, ырқына ие бола алмайтынын көрген әкем ысырапқорлығы мен ақша шашуға деген құштарлығының қайнар бұлағын ақи-тақи бітеп тастауды ұйғарды, яғни өзін-өзі дүние-мүліктен айырғанды хош көрді, ал дүние-мүліксіз Александр Македонскийдің өзі де тас сараң көрінер еді. Сөйтіп, бір күні ол үшеуімізді бөлмесіне ертіп апарды да, есікті іштен кілттеп алып, шамамен мынадай әңгіме айтты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий