Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Одақтастар әскерін мейірбан короліміз дон Филипптің әкеден бір туған інісі, мәртебелі мырза дон Хуан Австрийскийдің басқаратыны мәлім болды, сондай-ақ соғысқа айрықша дайындық жасалғаны жайында да айтылып жатты, — осының бәрі мені ерекше еліттіріп, алдағы жорыққа қатысуға құлшындырды. Орайы келген бойда-ақ ұзамай капитан атағын береміз деп үміттендіріп, тіпті ашықтан-ашық уәде беріп жүргендеріне қарамай, бәрін тастап кете бармақ болдым және солай істедім де, сөйтіп Италияға келіп жеттім, сәтіне сай келген кездейсоқтық шығар, тап сол кезде сеньор дон Хуан Австрийский венециялық флотпен бірігу үшін Генуядан Неапольға аттанғалы жатыр екен, екі әскер ақыры Мессинада бірікті ғой. Қысқасы, осынау айы оңынан туған жорыққа мен инфантерия капитаны шенінде қатыстым, бұл жоғары шенге, шынымды айтсам, сіңірген еңбегім арқылы емес, жолым болғыштығы арқасында ие болғам. Бірақ, христиандар үшін осынау ерекше зор қуанышқа толы күні, түріктерді теңізде жеңетін ешкім жоқ деген алдамшы ойдың жетегінде жүрген барша әлем мен жер бетіндегі барша халықтың көзі ақыры ашылған күні, тап сол оттомандық менмендік пен тәкаппарлықтың күлі көкке ұшқан күні деймін-ау, соншама көп бақытты жандар арасында (өйткені, бұл айқаста шейіт болған христиандар — тірі қалып, жеңіп шыққандардан да гөрі бақыттырақ) жалғыз мен ғана бақытсыздыққа ұшырадым; егерде мұндай оқиға Ежелгі Рим заманында орын алған болса, онда басыма теңізшілерге арналған жеңіс гүлдестесін кием бе деп дәмеленуіме болар еді, бірақ оның орнына тап сол қуаныш шуағын шашыратқан күнді ауыстырған түнде қолыма бұғау, аяғыма кісен салынды. Бұл былай болды. Алжир королі Улудж-Али, өжет те өте бір жолы болғыш теңіз қарақшысы, Мальта орденінің флагмандық галерасына тап беріп, тас-талқанын шығарды, нәтижесінде онда бар-жоғы үш-ақ жауынгер тірі қалды, олардың өзі де ауыр жарақаттанғандар болатын, бірақ сол арада оған Джованни Андреаның флагмандық галерасы көмекке ұмтылды, ал мен өз ротаммен сол кемеде болатынмын. Осындай жағдайдағы дағдылы дәстүр бойынша мен дұшпанның галерасына секірдім, бірақ дәл осы сәтте біздің кеме мен галераның арасы алшақтап кетті де, солдаттарым соңымнан ілесе алмай қалды, нәтижесінде жаудың ортасында жалғыз қалып, олар көп болғандықтан қарсылық көрсете алмадым, — қысқасы, жарақаттан сау-тамтығым жоқ қалпымда оларға тұтқынға түстім. Бәлкім, өздеріңіз де білетін шығарсыздар, сеньорлар, Улудж-Али күллі эскадрасымен бірге қашып құтылды ғой, сөйтіп мен оның қолына тап болдым — соншама көп мәз-шат жарандар арасындағы жалғыз ғана қайғы шегуші, соншама көп бостандық алушылар арасындағы жалғыз ғана тұтқын мен болдым, өйткені түрік кемелерінде ескекшілік еткен он бес мың христиан сол күні ақыры арманға жетіп, азаттық алған-ды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий