Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біздің жауынгерлер Голетада қамалып жатып алмай, жазық далаға жайғасып, дұшпанның кемеден әскер түсіруін тосуы керек еді дейтін желбуаз пікірді жақтаушылар да аз болған жоқ, бірақ бұлай деп тек сырттай тон пішушілер, мұндай іске бұрын-соңды қатысып көрмегендер ғана айта алатын. Шынтуайтында, Голета мен фортта жеті мыңдай ғана жауынгер болды, қанша жерден жау жүрек болса да, осынша шағын құрамдағы әскер жазық далада дұшпанның бәленбай есе басым күшінің тықсыруын тоқтата алар ма еді? Сансыз көп әрі өшпенділікпен өңмеңдеген жаудың, оған қоса өз топырағында шайқасып жатқан жаудың қоршауында қалған, ешкімнен көмек ала алмаған қамал берілмеген де қайтетін еді? Керісінше, көпшілік адам, оның ішінде өзім де бармын, ағыл-тегіл мол қаражатты тектен-тек жеміріп жатқан осынау қырсықтың, жалмауыздың, қара күйенің жойылуы, жалғыз тек сол жеңіліс дегенді мүлдем білмеген, жаны жаннатта болғыр Бесінші Карлдың оны қалай жаулап алғанын еске түсіруден басқа ештеңеге жарамайтын (шынында да, оның онсыз да мәңгілікке сақталған және сақтала бермек атақ-даңқына арнап осының тастарынан ескерткіш тұрғызған оңды болар еді!), осынау қасіреттің қайнар көзі мен қордасының жойылуы, міне осының жойылуын айтамын, — жаратқан иеміздің Испанияға деген айрықша ықылас-пейілінің, оны өз қанатының астына алғанының белгісі шығар деп түйдік. Сондай-ақ, форт та тізе бүкті, алайда түріктердің оның әр сүйемі үшін қан төгуіне тура келді, өйткені оны қорғаушылардың тайсалмай және тайынбай шайқасқаны сонша, оған жиырма екі рет шабуыл жасаған жау жиырма бес мың жауынгерінен айрылды. Тірі қалған үш жүз адамның бірде біреуі мұздай қара көк қалпында тұтқынға түскен жоқ — бұл олардың жүрек жұтқан батырлығының дәлелі, табанды түрде қорғанғандарының, ешқайсысының майдан алаңын тастап кетпегендігінің айғағы. Валенсиялық кавальеро және жүрек жұтқан жауынгер, дон Хуан Саногера қорғаған тағы бір шағын форт немесе, дәлірек айтқанда, шығанақ жағасында тұрғызылған мұнара да берілді. Голета коменданты дон Педро Пуэртокарреро тұтқынға алынды, — ол қамалды қорғау үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған-ды, ақыры оның осылайша күйреуінің күйініші жанына қатты батқаны сонша, өзін Константинопольға қарай айдап бара жатқан жолда құсадан дүние салды. Форттың коменданты, миландық дворян, қолы ұсынақты құрылысшы әрі көзсіз батыр Габриеле Червеллон да тұтқынға түсті. Бұл екі қамалда Иоанн Шоқындырушы орденінің иегері, жаны жайсаң азамат, өз інісі, атақты Джованни Андреа Дориаға өлшеусіз жақсылық жасаған Пагано Дориа сынды талай айтулы адам қаза тапты. Оның өлімінің өкінішті болатыны — фортты ұстап тұра алмайтындарына көз жеткізген соң, уәделеріне сеніп арабтарға берілген болатын, ақыры солардың қолынан ажал тапты: ал, арабтар оны маврша киіндіріп, Табаркаға, генуялықтар иелігіндегі шағын айлаққа, дәлірек айтқанда, поселкеге, — маржан тас өндіру мақсатында генуялықтар бұл айлақта жиі болып тұратын, — жеткізіп саламыз деп уәде еткен-ді, міне тап сол арабтар оның басын кесіп алыпты да, түрік флотының сардарына апарып беріпті, ал анау оларға өзіміздің, кастильялықтардың, “Сатқындықты пайдалан, сатқындардың көзін құрт” дейтін мәтелімізде айтылғанындай шара қолданыпты: естуімізше, Дорианы тірі жеткізбегендері үшін сардар оның басын өзіне сыйлыққа әкелгендерді дарға асуға бұйырыпты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий