Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сөйтіп, Голета мен форт тізе бүкті, содан соң түріктер Голетаны жермен-жексен етіп күйретуге әмір етті (ал, форттың талқаны шыққаны сонша, онда қирататын да ештеңе қалмаған-ды), олар жұмысты жеделдетумен бірге жеңілдету үшін Голетаның астын үш жақтан үңгіп, дәрімен қопармақ болды, нәтижесінде осы кезге шейін ең шынжау саналған нәрсе, — атап айтқанда, қамалдың көне қабырғалары, — аспанға күл боп ұшудан аман қалды да, Фратино тұрғызған жаңа қорғанның қалдықтары қас пен көздің арасында қылжиып түсті. Ақыры эскадра жеңіс туын көтеріп, даңқ шуағына шомылып Константинопольге қайтып оралды, ал арада бірнеше ай өткенде қожайыным Улудж-Али қайтыс болды; оның Улудж-Али-Фарташ, түрікше діннен безген қотыраш дейтін лақап аты бар-ды, өйткені ол шын мәнінде де сондай болатын, ал түріктердің біреуге ат қойып, айдар таққысы келсе, адамның әлденендей бір кемшілігін немесе жетістігін желеу ететіні мәлім, — олай болатын себебі оларда Оттомандар тегіне жататын төрт-ақ әулет есімі бар, ал қалғандарына өз есімі мен әулет есімі сол адамның дене мүшесінің кемшілігіне немесе адамгершілік қасиетіне қарап беріледі. Ал, енді мына Қотырашқа келсек, сұлтанның құлдығында жүріп аттай он төрт жыл ескек есіпті, ал отыз төртке келгенінде өз дінінен безетінін мәлім етіпті; өйткен себебі, галерада өзін беттен оңдырмай ұрған түрікке тісін қайрап жүретін, ал дінінен безуі содан кек қайтаруға мүмкіндік беретін. Оның жан-жақты дарынды адам болғаны сонша, сұлтанның маңайындағылар айналысатындай айла-шарғыларға бармай-ақ Алжирдің королі атанды, онан соң генерал-адмирал лауазымына ие болды, басқаша сөзбен айтқанда, маңыздылық дәрежесі жағынан бүкіл империядағы үшінші қызметті атқарды. Ол өзі Калабрияда туып-өскен-ді, жүрегі жұмсақ болатын және құлдарына адамгершілікпен қарайтын, ал құлдарының ұзын саны үш мыңға жететін; ол қайтыс болған соң, қалдырған өсиетіне орай, құлдары сұлтанға, — қарамағындағы қай пендесі қайтыс болмасын, сұлтан оның мұрагері саналатын және марқұмның ұлдарымен бірдей мөлшерде үлес алатын, — сондай-ақ Улудж-Алидің қол астында қызмет еткен діннен безгендерге бөлініп берілді. Мен өзім Венецияда туып-өскен бір діннен безгеннің құзырына тап болдым, — Улудж-Али оны тұтқынға алған кезде ол корабльде кіші матрос екен, ұзамай-ақ Улудж-Алидің сеніміне кіріп, оның ең сүйікті кеңесшілерінің қатарына қосылыпты, ақыр соңында жер-дүниедегі ең қатыгез діннен безгенге айналды. Оның есімі Гасан Аға еді, өте бай адам болатын, Алжирдің королі боп бекіген-ді. Ол мені Константинопольдан өзімен бірге алып кетті, кеткеніме қуандым да, өйткені Алжирден Испания өте жақын ғой, — айтқандайын, басыма түскен тақсірет жайында біреуге хабарлайыншы деген ой менде болған жоқ, мен тек Алжирде тағдыр маған Константинопольдағыдан гөрі кеңпейілдеу болар деп үміттендім: өйткені, мұнда жүрген кезде қашып құтылмаққа қанша талпынғаныммен, бір де бір рет сәті түспей қойған-ды. Сөйтіп, Алжирде өзім соншалықты арман еткен нәрсені іске асырудың басқа бір жолын табармын деп ойладым, өйткені бостандыққа шығу жөніндегі үміттен ешқашан қол үзіп көрмегем, егер өзім жобалаған, жан-жақты ойластырған және іске асырған әрекетімнен ештеңе өнбесе, оған бола сары уайымға салынбайтынмын, болымсыздау, сенімсіздеу болса да мейлі сол бойда-ақ басқа бір үміттің етегіне жармаса кететінмін. Алжирдегі абақтыда, немесе түріктер атайтындай баньяда, жүргенде өзімді жүнжіп кетуден сақтаған да осы еді; бұл абақтыда корольдің құлдары — тұтқын христиандар мен кейбір тұрғылықты адамдар да, сондай-ақ алмахзанның құлдары, яғни қалалық кеңестің құлдары да бар-ды; кеңестің құлдарын қаланы көркейту жұмыстары мен басқа да жұмыстарға салатын және бұлардың бостандыққа шығуы айрықша қиын еді, өйткені олар жеке адамдардың меншігі емес, қауымның меншігі саналатын, сондықтан азаттығы үшін төлейтін ақша тапқанымен, бәрібір, бұл жайында келіссөз жүргізетін адам таба алмайтын. Мұндағы абақтыларда, әлгінде айтқанымдай, құлдар мен жергілікті тұрғын санатындағы жекелеген адамдар жататын, бұлардың басым көпшілігі бостандығы үшін өтем төлей алатындар деп есептелетін, осы себепті оларды қара жұмысқа қуалай бермейтін, өтемі қолға тигенше қарауылдаумен ғана шектелетін. Өтемі әне-міне қолға тиіп қалар деп жүрген корольдің құлдарын да осылайша басқалармен бірге қара жұмысқа тек өтемі кешігіңкіреген кезде ғана салатын; бұндай жағдайда, өтемді жеделірек жасауға ынталандыру үшін, оларды жұмысқа жегіп, басқалармен бірге орманнан ағаш кесуге жіберетін, ал бұл дегеніңіз оңай шаруа емес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий