Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Аяулы Зораидамның көрерге көз керек сұлулығы мен сымбатын, сондай-ақ сонда үстіне киіп шыққан киімдерінің сәні мен салтанатын суреттеуге сөзім жетпейді, айтайын дегенім тек үлбіреген мойнындағы, құлағы мен шашындағы інжулер басындағы шашынан да көп болатын. Сол елдің салты бойынша жалаңаш жүретін тобығына таза алтыннан құйылған каркаджилер (аяққа салатын шығыршықтар немесе білезіктер мавр тілінде осылай аталады) салынған еді және бұлардың сансыз көп гауһармен көмкерілгені сонша, кейін Зораидадан сұрап білгенімдей, әкесі бұл екі каркаджиді он мың дублонға бағалайды екен, сондай-ақ оның білегі де осынша тұратын. Әшекейлері арасында інжу өте көп еді және бәрі де айрықша көркем еді, өйткені мавр әйелдері ірілі-ұсақты інжулерді сән-салтанат пен мақтанның затына балайтын, маврлардағыдай аса мол інжудің басқа ешбір халықта кезікпейтіні де сондықтан; ал Зораиданың әкесі жайында жұрт оның тек Алжирдегі ең көп тәуір інжудің ғана қожасы емес, сонымен бірге ақшалай екі жүз мыңнан астам испан эскудосының да иесі екенін айтатын, соның бәрін қазір өзіме әмірін жүргізіп жүрген жан билеп-төстейтін. Осындай әсем киім-кешек, әшекейімен бой көрсеткен ол маған әдемі көрініп пе еді? Талай тауқыметті бастан өткеріп, жырым-жырымы шыққан мынадай киіммен алдарыңызға келіп отырған бұл қызға зейін салып қарасаңыз төрт құбыласы түгел кезінде қандай болғанын аңғарар едіңіз. Кей әйелдің ажар-көркінің өз уақыты, өз кезеңі болатыны белгілі, әлденендей бір кездейсоқтықтан олар не жүнжіп кетеді, не жайнай түседі, сондықтан жан дүниесінде болған бұлғақтың салдары олардың сүйкімін асыратыны немесе сүйкімін қашыратыны, көбіне-көп кеспірсіздендіріп жіберетіні де әбден табиғи нәрсе. Бір сөзбен айтқанда, сонда алдымнан шыққан кезде ол үріп ауызға салғандай боп киімі де, өңі де гүл жайнап тұрған еді, — әйтеуір, бұрын-соңды ешқашан мұндай сұлулықты көрмеген секілді болдым. Сол арада, өзіме қандай жақсылық жасағаны есіме түсе кеткен сол бір кірпік қағымда, маған бұл өзіме бақыт сыйлау үшін және өзімді құтқарып алу үшін аспаннан жерге түскен періште ғой дейтін ой келді. Қасымызға жақындаған кезде әкесі оған досы арнаут Мамидің басыбайлысы екенімді, мұнда салатқа арнап шөп жинауға келгенімді айтты. Бұдан соң қыз да әңгімеге араласып, әлгінде өзім айтып өткен қойыртпақ тілде менен дворянмын ба, кім екенімді және не себепті осы уақытқа шейін өтемақы төлемей жүргенімді сұрады. Оған өтемақым төленіп те қойғанын және ақыма қарап-ақ қожайынымның мені қалай жоғары бағалайтынын білуге болатынын: өтемақы үшін оған мың бес жүз султан төлеуге мәжбүр болғанымды айттым. Ол маған былай деп жауап қайтарды:

“Егер әкемнің басыбайлысы болсаң және сен үшін әкеме әлгіден екі есе көп төлегелі тұрса да, бәрібір мен оны келіспеуге үгіттеп көндірген болар ем: сендер, христиандар, адым аттаған сайын өтірік айтасыңдар, жоқ-жұтаң боп көрінгілерің келеді, сөйтіп маврларды алдайсыңдар”.

“Бәлкім, кей кездері солай болатын да шығар, сеньора, — дедім мен, — бірақ қожайыныма мен барымды бардай, жоғымды жоқтай қып айттым, бұрын да осылай шынымды айтушы ем және болашақта да бұл әдетімнен айни қоймаспын”.

“Сонда сен қашан кетпекшісің?” деп сұрады Зораида.

“Ертең кетем-ау, деймін, — дедім мен, — ертең француз кемесі зәкір көтермек, сонымен жүріп кетсем бе деп тұрмын”.

“Одан да испан кемелерін күткенің, солармен бірге кеткенің жөн емес пе? — деп қарсылық білдірді Зораида. — Себебі, француздар сіздерге дос емес қой”.

“Жоқ, — дедім мен, — егер испан кемелері жайындағы хабарлар жалған боп жүрмесе, мен, әрине, күткен де болар едім, бірақ, абзалы, ертең кететін шығармын, өйткені отаныма қайтып оралуға, жанымдай жақсы көретін адамдарыммен жүздесуге ынтығып жүргенім сонша, сапарымды кейінге қалдыра тұруға еш құлқым жоқ, тіпті кейін бұдан да қолайлы жағдай туып қалуы мүмкін екеніне де қарамаймын”.

“Шамасы, еліңде әйелің қалған ғой, қазір енді сонымен жүздесуге ынтығып тұрған болдың ғой?” деді Зораида.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий