Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Аяулы Зораида бізді күтіп терезе алдында тұр еді, аяғымыздың дыбысын естіп, сыбырлап қана низарани емессіздер ме, яғни христиан емессіздер ме деп сұрады. Христианбыз деп жауап қаттым да, төмен түсуін сұрадым. Мені дауысымнан таныған ол екі ойлы боп жатпады, сөз айтпастан құстай ұшып төмен түсті де, есікті ашты — айдай сұлу әрі мейлінше сәнді киінген Зораида қарсы алдымыздан жайнаң қағып шыға келді, мен тіпті соның бәрін суреттеп беруге де батпай отырмын. Оны көрген бойда жалма-жан қолына жармасып, қайта-қайта сүйе бастадым, менен кейін діннен безген мен екі серігім сүйді, әрине, қалғандары да қарап қалмай біздің үлгімізді өнеге тұтты, — бұлар құпиямыздан бейхабар еді, әйтсе де Зораидаға алғысымызды білдіріп жатқанымызды, оны құтқарушы санайтынымызды, әрине, жақсы түсініп тұрған. Діннен безген мавр тілінде одан әкесінің үйде бар-жоғын сұрады. Зораида оның үйде екенін, ұйқтап жатқанын айтты.

“Амал қанша, оны оятып, өзімізбен бірге ала кетуге тура келеді, — деп мәлім етті діннен безген, — сондай-ақ, мына ғаламат бай үйдегі бар бағалы затты да қоса әкетуге мәжбүрміз”.

“Жоқ, — деді Зораида, — әкеме тиісуге мүлдем болмайды, ал бұл үйдегі бар бағалы дүниені өзіммен бірге әкетіп барам, соның өзі-ақ бәріңізді түгел шылқыған бай етіп, көңілдеріңізді көншітуге жетіп артылады: сәл шыдасаңыздар, өздеріңіз де көресіздер”.

Сол арада ол қазір қайтып оралатынын айтып, бізден шу шығармай, тыныш тұруымызды сұрап, үйге кіріп кетті. Мен діннен безгеннен Зораидамен не жайында сөйлескенін сұрадым, анау маған не жайында екенін айтты, оған Зораиданың ешбір тілегіне ешқандай жағдайда қарсы келуге болмайтынын ескерттім. Сөйтіп тұрғанда қолына алтын теңгеге толы сандықшасын ұстаған Зораиданың өзі де бой көрсетті, алтынның көптігі сонша, сандықшаны әзер көтеріп келді. Қырсыққанда, тап осы сәтте Зораиданың әкесінің аяқ асты оянып кетіп, бақ ішінен шығып жатқан дабыр-дұбырды естіп қоймасы бар ма!.. Терезеден басын шығарып қараған ол, бұлардың христиандар екенін бірден біліп, араб тілінде: “Христиандар, христиандар! Ұрылар, ұрылар!” деп жан дауысы шығып айқайлай бастады. Бұл айқай аза бойымызды қаза қылып, абдыратып тастады, алайда өзімізге қандай қатер төнгенін аңғара қойған діннен безген, оны үйде алас-күлес басталмас бұрын тыныш таптырғанды жөн санап, Хаджи Муратқа қарай жан ұшыра жүгіре жөнелді, бірер жігітіміз оған ілесе кетті, мен болсам құшағыма ес-түссіз құлаған Зораиданы тастап кете алмай тұрып қалдым. Бір сөзбен айтқанда, баспалдақпен жоғары көтерілгендердің керемет әбжілдік көрсеткендері сонша, келесі кірпік қағымда олар Хаджи Муратты қолын арқасына қайыра байлап, сөз шығындап әуре болмасы үшін аузын орамалмен тығындап, алдарына салып айдап келе жатты, оған қоса: егер бір ауыз бірдеңе дейтін болсаң — өмірмен қош айтысасың деп қорқытып та қояды. Әкесіне қарамау үшін Зораида бетін қолымен бүркеп алды, оның қолымызға өз еркімен түскенінен бейхабар шал қызын көріп жүрегі қан жылады. Алайда енді бізге тек екі аяғымызға сенуден басқа ештеңе қалмаған, сондықтан асыға адымдап фелюгаға қарай бет алдық, ондағылар дегбірі қалмай күтіп отыр екен, өйткені бізді әлденеге ұшырап қалды ма деп қобалжи бастапты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий