Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

“Бұлайша киінгенің неғылғаның, қызым? Мына қасіретке ұшырар алдындағы кеште үстіңде үйде киетін қарапайым көйлек қана бар-ды, бұл екі арада киім ауыстыра қоятындай да уақытың болмап еді ғой, оған қоса, сәнді киімдеріңді киім, сыланып-сипанатындай қуанышты хабар да ала қойған жоқ едің ғой, ал бүгін қарасам, өзім білетін және тағдыр бізге оң қабақпен қарап тұрған кезде саған өзім тарту еткен күллі әдемі көйлектеріңнің ішінен ең тәуірін таңдап киіпсің. Жауап берші осыған, өйткені бұл жағдай мені өзім тап болған тақсіреттен гөрі көбірек таңырқатып тұр”.

Маврдың қызына айтқан сөзін бізге діннен безген аударып тұрды, бірақ қызы жұмған аузын ашқан жоқ. Ал борттың жанында тұрған, Зораида алтын-күміс, асыл тастан жасалған әшекейлерін сақтайтын сандықшаны көргенде маврдың таңырқауы тіптен ұлғая түсті, — Зораиданың мұны қала сыртындағы үйге ала шықпағанына, Алжирде қалдырып кеткеніне сенімді еді, — сөйткен соң ол сандықшаның қолымызға қалай түскенін, оның ішінде не барын сұрады. Діннен безген болса, Зораиданың жауабын тоспастан, ол үшін былай деп жауап қатты:

“Қызыңыз Зораидаға соншама көп сұрақ қойып босқа әуре болмаңыз, сеньор, — барлық сұрағыңызға мен бір-ақ жауап қайтарғалы тұрмын. Сөйтіп, енді білмесеңіз біліп қойыңыз, ол — христиан, бұғауымызды бұзып, бостандыққа алып шыққан да — сол. Ол бізге өз еркімен еріп бара жатыр, оның бақытты екеніне және дәл қазір бейне түнектен жарыққа, өлімнен өмірге, азап шегуден рақат шегуге ауысқандай сезімде жүргеніне еш күмәнім жоқ”.

“Бұл шын айтып тұр ма, қызым?” деп сұрады мавр.

“Иә”, деп жауап қатты Зораида.

“Е-е, сен христиан екенсің ғой, — деді қарт сөзін әрмен жалғап, — әкеңді сатқындықпен жау қолына табыс еткен де сен болдың ғой?”

Бұған Зораида былай деп жауап қатты:

“Иә, мен христианмын, бұл шындық, бірақ саған сатқындық жасағам жоқ, —сені тастап қашып кетуді немесе саған жаманшылық жасауды көздегем жоқ, тек жанымның рақат табуын ғана көздедім”.

“Ол қандай жан рақаты, қызым?”

“Бұл жайында Лела Мәриамнан сұра, — деп жауап қатты Зораида, — ол саған менен гөрі жақсырақ түсіндіріп бере алады”.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий