Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сәскеге таман олар бізді шлюпкаға отырғызып, шағындау екі бөшке толы ауыз су және азын-аулақ кепкен нан берді. Сүйкімді Зораида қайыққа отырып жатқан кезде аяқ асты аяушылық сезімі оянып кеткен капитан оған қырық алтын теңге берді және үстіндегі қазір өздеріңіз көріп отырған киімдерін матростардың шешіп алуына рұқсат етпеді. Біз шлюпкаға отырып, француздарға ешқандай өкпеміз жоғын, керісінше, өзімізге жасаған жақсылықтары үшін дән риза екенімізді білдіріп оларға алғыс жаудырдық. Олар Гибралтар бұғазын бетке алып тартып берді, ал біз жол сілтейтін жарық жұлдызымыз — алыстан қарауытқан қыратқа қарай бағыт ұстадық және ескекке барымызды салғанымыз сонша, ымырт үйірілген шақта жағалауға таяп та қалдық; өз мөлшерімізше, қараңғылық қоюланғанға дейін жағаға шығып та үлгеретін шамамыз бар-ды. Бірақ, ай әлі туа қоймаған, аспан қараңғы тартып кеткен, ал мына ара бізге таныс емес, сондықтан дәл осы қазір жағаға шығуға әрекет жасау қатерлі іс болатынын бажайладық, алайда біраз адам бұған келіспей, жартасты әрі елсіз болғанына қарамастан, жағалауға жетіп алуымыз керегін, сонда ғана тетуандық қарақшылар кемелерінің қаупінен құтылып, бойды кеңге салуымызға болатынын айтты: қарақшылар Берберияда түнеп шығатын да, таң сәріде әдеттерінше Испания жағалауларында жүретін, сөйтіп олжаларын алып үйлеріне қайтатын. Ақыр соңында жағаға жәймен жақындап, теңіз тыншу тапқан кезде оңтайы келген тұстан түсе салуға кеңес еткендердің дегені болды. Біз солай істеуге ұйғардық, сөйтіп түн ортасына таман жағалаудан сәл ғана жырақ, теңіз бен екі арасында жерге аяқ басуымызға қолайлы шағын алаңқайы бар, биік таудың етегіне келіп жеттік. Шлюпка құмға тұмсық тіреді де, біз жағаға шықтық, жата қалып жерді сүйіп, айтып жеткізгісіз мейірімділік көрсеткен жаратқан иемізге суреттеуге сөз жетпейтін қуаныш пен шаттықтан көз жасымызды көл ғып төгіп алғыс айттық. Шлюпканы жағаға сүйреп шығарып, азық-түлігімізді алып, тауға қарай өрмеледік, бірақ тіпті әжептәуір биікке шыққанның өзінде де, толқуымыз басылмай, табанымыздың астында христиан жері жатқанына сене алмадық.

Таңның атуын дегбіріміз таусыла күттік. Ақыры таудың ең биік жеріне шығып, әлденендей бір елді мекен немесе бақташы лашығы көрінбес пе екен деп айнала-маңды шолуға кірістік, бірақ қай жаққа көз жібергенімізбен адамдар да, елді мекендер де, соқпақтар да, жолдар да назарға іліге қоймады. Әйтсе де, әрмен қарай тарта бергенді жөн көрдік, өйткені ұзамай-ақ әлдебіреудің ұшыраспауы, қай жерде жүргенімізді айтпауы мүмкін емес деген ойда болғанбыз. Зораиданың осынау ну жынысты жерлермен жаяу жүріп келе жатқаны мені әсіресе қатты мазалады, — айта кеткен артық болмас, оны иығыма отырғызып, көтеріп жүрмекке де талпынғам, бірақ ол өзінің демалысынан демалғандағысынан гөрі менің қалжырағанымнан көбірек қалжырады, сондықтан енді маған салмақ арта бергенді қош көрмей, қолымнан ұстап алған қалпы қыңқ етпестен бірге жүріп келе жатты және көңілі де көтеріңкі көрінді. Сөйтіп, мильдің ширегіндей жерді артта қалдырған кезімізде қоңырау дыбысын құлағымыз шалды — бұл жақын маңайда табын жайылып жүргенін білдіретін белгі еді. Біреу-міреу көрінбес пе екен деп айналаға зер сала қарап, емен ағашының түбінде қаннен-қаперсіз пышақпен таяқ жонып отырған бақташы баланы көрдік. Айқайлап дыбыс бергенімізде біз жаққа жалт қарап, орнынан атып тұрды, — кейін білгеніміздей, арамыздан көзіне алғаш шалынғандар мавр киімін киген діннен безген мен Зораида болған екен, соны көріп, бербериялық барлық мавр қаптап келіп тұр деп ойлап қалған бала бар дауысымен бақырып орманға қарай қаша жөнелді:

“Маврлар, маврлар келді біздің жерге! Маврлар, маврлар!.. Аттан, аттан!..”

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий