Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бәріміз түгел фелюгада бас қосқан кезімізде сағат әлі түнгі екі бола қоймаған-ды, сол арада біз Зораиданың әкесінің қолын шешіп, аузындағы орамал тығынды алып тастадық, діннен безген оған егер бір ауыз бірдеңе айтатын болса, сол бойда ажал табатынын тағы қайталап ескертті. Қызының осында екенін көрген, әсіресе оны құшағыма алып отырғанымды, ал қызының қарсыласпайтынын, реніш білдірмейтінін, босанып шығуға да тырыспайтынын — көңілі тыныш екенін байқаған әкесі ауыр-ауыр күрсіне бастады. Алайда діннен безгеннің қатерлі ескертпесін орындауымыздан қорқып, жұмған аузын ашпады. Сол тұста Зораида өзінің фелюгада екенін, енді-енді жүзгелі тұрғанымызды, ал әкесі мен басқа да маврлардың байлаулы жатқанын аңғарып, діннен безгенге қарап тіл қатып: менен өзіне бір қайырымдылық жасауды — маврларды қоя беруімді және әкесін босатуымды өтінетінін, өйткені өзін жанындай жақсы көретін, оның үстіне өзінің қырсығынан тұтқынға әкетіліп бара жатқан әкесін қарсы алдынан көріп отырғанша, теңізге құлап өлгенді артық санайтынын, маған жеткізуін сұрады. Діннен безген оның өтінішін маған жеткізді, мен келісім бердім, бірақ анау дау айтып, бұл мүлдем дұрыс емес, егер босатып жіберсек, олар ойбайын салып, бүкіл қаланы басына көтереді, сосын фелюганың соңынан қуғынға корветтер аттандырылады, одан кейін біздің құрлықта да, теңізде де бас сауғалайтын жеріміз қалмайды, деді, — оның ойынша, қолдан келер жалғыз ғана нәрсе: бұларды христиан жеріне табанымыз тиген бойда босатып жіберу көрінеді. Біз өстуді ұйғардық, ал өтінішін не себепті қолма-қол орындай алмайтынымыз Зораидаға айтылған кезде, ол бұған түсіністік танытты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий