Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жә, болды, қойыңыздар, — деп герцогиня оларға басу айтты, — донья Родригес, сіз де сабыр етіңіз, сен де, сеньор Панса, ашуыңды бас, — сұр жорғаға қамқорлықты өз міндетіме алам: Санчо үшін ол соншалықты бағалы болса, оны көздің қарашығындай сақтауға қам жасаймын.

— Оны есек ретінде сақтағаныңыздың өзі-ақ жетіп жатыр, — деп қарсылық білдірді Санчо, — есегіміз екеуіміз өте қарапайым жанбыз, сізге ауыртпалық түсіргенше өзімізді қанжармен жарып тастағанды артық көреміз. Рас, мырзамның: кішіпейілдік көрсетуге келгенде тұздықтың кемдеу болғанынан молдау болғаны тәуір, дейтіні бар, алайда, сөйте тұрғанымен, әңгіме есек мырзаларға тірелген кезде шектен шықпай, орта деңгейде қалған абзал.

— Басшылық жасауға аттанғанда есегіңді өзіңмен бірге ала кет, Санчо, — деді герцогиня, — ол жақта есегің айрықша күтім табады, жұмыстан да арқасы босайды.

— Енді қалай деп ойлап едіңіз, сеньора герцогиня? — деді Санчо. — Есектерді басшылық жасауға жібергендеріне өз басым талай куә болғам, сондықтан оны өзіммен бірге ала кетсем, бұған ешкім таңырқай қоймас.

Санчоның сөзі герцогиняны тағы да күлкіге кенелтіп, көңілін біраз көтеріп тастады, сосын оны демалуға жіберді де, өзі осы әңгіменің бәрін баян ету үшін герцогқа кетті; сөйтіп екеуі Дон Кихотты қатырып мазақ қылуға және мұны дәлме-дәл кезбе рыцарьлық рухында өткізуге келісіп, өзара уәде байласты; сөйтіп, олар оны бір мәрте емес, сан мәрте осындай күлкі-мазаққа ұшыратты: оның бәрі де қисынды еді, әрі тапқырлықпен ойлап табылған болатын және осынау теңдесі жоқ хикаяда суреттелетін шытырман оқиғалар ішіндегі ең тәуірі де солар еді.

ХХХІҮ тарау

Мұнда бұл кітаптағы ең керемет шытырман оқиғаның бірі — жан тең келмес Дульсинеяның жадысын қайтару амалы қалай ойлап табылғаны жайында әңгімеленеді.

Дон Кихотпен және Санчо Пансамен сұқбат герцог пен герцогиняны айтып жеткізгісіз жан рақатына кенелтті; сөйтіп, олар бұл екеуін шытырман оқиғаның ортасында жүргендей әсерде қалдыратын қалжыңмен әурелеуге бекінді, ал мұның шын мәнінде де есте қаларлықтай болуы үшін герцог пен герцогиня бұған Дон Кихоттың Монтесинос үңгірі жайындағы әңгімелерінің желісін арқау етуге ұйғарым жасады (айта кетерлігі, герцогиняны әсіресе Санчоның аңқаулығы қайран қалдырған-ды: Дульсинея Тобосскаяның жадыланғанын ол ақиқат шындық ретінде мойындаған еді, ал расында сиқыршының орнында жүрген де, осының бәрін реттестірген де өзі болатын); сөйтіп Дон Кихот қамал-сарайға келіп түскеннен кейін алты күннен соң, малайларына тиісті нұсқау берген герцог пен герцогиня оны итпен аң аулауға алып шықты, бұған король аңшылығында ғана көруге болатындай сұмдық көп аң қағушы мен итбегі қатысты. Дон Кихот пен Санчоға айрықша сапалы жасыл шұғадан тігілген аңшы киімі берілді, алайда Дон Кихот ұзамай қиындыққа толы жорық жолына қайта түсетінін, өзімен бірге киім-кешек және басқа да ұсақ-түйек арқалап жүруге мүмкіндігі жоқтығын айтып одан бас тартты. Санчо болса, киімді сәті түскен бойда сатып жібермек оймен қабыл алды.

Сөйтіп, белгіленген күні сауыт-сайманын асынған Дон Кихот пен киімін ауыстырып киіп, сұр жорғасына қонған Санчо, — оған жұтынып тұрған жақсы ат ұсынылғанымен, есегінен қол үзгісі келмеген, — аң қағушыларға келіп қосылды; бұдан соң барынша сәнді киінген герцогиня шықты: өзін кішіпейіл де ізетті кавалер ретінде көрсеткісі келген Дон Кихот оған герцогтың көмектесуіне жол бермей, жедел барып герцогиня мінген жорғаның сулығынан алды. Ақыры олар екі биік таудың арасындағы қалың орманға жақындады; аң соқпақтары, тұрақтар мен аңшы үйшіктері бекітіліп беріліп, жұрт әр жаққа тарағаннан кейін аңшылық басталып кетті де, құлақ тұндыратын ызы-қиқы шу мен ит қосып айтақтаған дауыстан, иттердің абалағаны мен кернейлер дыбысынан адамдар бір-бірін естуден қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий