Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Герцогиня сөзін аяқтаған соң Санчо Панса үн-түнсіз орындығынан тұрды да, бүктетіле еңкейіп, “дымың ішіңде болсын” дегеннің ишаратын жасап саусағын ерніне қойып, дыбысын шығармай адымдап жүріп залдағы терезе жапқыштар қалтарысын түгел тінтіп шықты; сосын қайтадан орнына келіп отырып, мынаны мәлім етті:

— Міне, енді, жоғары мәртебелім, осында отырғандардан басқа ешкім бізді ұрлана тыңдап тұрмағанына көзім анық жеткеннен кейін, жаңағы қойған сұрағыңызға, сондай-ақ, білгіңіз келетін басқа да нәрсенің бәріне ештеңеден қорықпай-үрікпей жауап қайтара алам. Сізге ең алдымен айтарым: меніңше, мырзам Дон Кихот — дауасыз делқұлы, алайда кей-кейде оның салиқалы әңгіме айтатыны бар және көкейге қонымды, санаға сіңімді ғып баяндайтыны соншалық, өз ойымша да, оның сөзіне құлақ салған жандардың ойынша да, ібілістің өзі де ондай әдемі сөйлей алмайды. Солай бола тұрғанымен, ағымнан жарылып, ақ адал шынымды алдыңызға тартсам, оның жарымес екенінде зәредей шүбәм жоқ. Осыны көңіліме тоқып алғаннан кейін оған жаңағы хатқа жауап секілді не қилы шатқаяқ нәрселерді шатып-бұта беруден тайынбайтын болдым. Одан соң анау әлгі, бұдан бір апта бұрын болған, — сол себепті де кітапқа кірмей қалды ғой ол, — сеньора донья Дульсинеяның жадылануы да тап сондай нәрсе: оның жадыланғанына қожайынымды сендірген өзім ғой, ал шындығында бұл ақылға қонбайтын сандырақ, қоғадан жасалған қуырдақ.

Герцогиня сиқырлауға қатысты бұл қитұрқылық жайында егжей-тегжейлі айтып беруді сұрады, Санчо болған жайдың түгін қалдырмай баяндап, тыңдаушыларды қызыққа қарық қылды, герцогиня басталған әңгімені әрмен жалғап, былай деді:

— Мейірбан Санчоның әңгімесін естігеннен кейін көңілімде тағы бір күдік пайда болды, әлденендей бір дауыс құлағыма: “Егер Ламанчалық Дон Кихот жарымес, нақұрыс әрі делқұлы болса, ал оның атқосшысы Санчо Панса мұны біліп жүрсе, бірақ соған қарамай оған қызмет етіп, қайда барса да соңынан қалмай еріп жүрсе және оның орындалмайтын уәделеріне әлі күнге шейін сенетін болса, онда оның, шамасы, мырзасынан да асқан ауыш әрі ақымақ болғаны ғой. Ондай жағдайда сен байқа, герцогиня, Санчо Пансаға аралды басқартуға сенім білдірем деп қапыда қалып қойма: өйткені, ол өз еркін өзі билей алмаса, басқаларға қайтіп билік жүргізбек?” деп сыбырлайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий