Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Байқауымша, сеньор Дон Кихот, — деп құлаққағыс етті герцогиня, — аузыңыздан шыққан әр сөз ұзақ ойланып-толғанудың жемісі секілді, қай нәрсенің де түп-төркініне зер саласыз, енді мен Тобосода осындай Дульсинеяның бар екеніне, әлі күнге дейін бақуатты ғұмыр кешіп жатқанына, оның өте сүйкімді әрі текті әулеттен шыққанына және өзіне сеньор Дон Кихот секілді рыцарь қызмет етуге мейлінше лайық екеніне кәміл сенімдімін, сонымен бірге үйімдегі барша жанды, қажет болған жағдайда, тіпті әміршім герцогты да осыған сенуге мәжбүр етем, ал менің аузымнан шыққан мұндай сөзді ең керемет мақтау деп біліңіз. Әйтсе де, мынадай бір ыңғайсыздау жағдаят мазамды алып, Санчо Панса жөнінде азды-кем теріс пікір туғызғандай болады: аталмыш кітапта Дульсинеяға өзіңізден хат әкелген Санчо Пансаның оны дән елеп жатқан жерінде жолықтырғаны жайында айтылады, ол аздай, әлгі дәннің сапасы төмен екені де құлаққағыс етіледі, міне тап осы жәйт Дульсинеяның ақсүйек әулеттен шыққанына деген күдігімді күшейтіп тұр.

Бұған Дон Кихот былай деп жауап қатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий