Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ас үйдің шеберлері ғана емес, аға малайдың өзі де герцогиняның шындап кеткенін сезді, сөйтіп, ыңғайсыз жағдайға тап болған әрі азды-кем ұялыңқырап та қалған олар Санчоның иығындағы шүберекті алды да, оны жайына қалдырып, залдан шығып жүре берді; ал Санчо өз түсінігіндегі осы бір қатері мол қауіптен құтылғанын көріп, герцогиняның алдына тізерлей кетіп, былай деді:

— Шоң сеньорлардың мейірім-қайырымы да шоң, ал сіздің маған жасаған қайырымдылығыңыз сондай, оның өтемін тек өмірімнің ақырына дейін өзіңізге, жоғары мәртебелі сеньора, қызмет ету үшін кезбе рыцарьлар қатарына қабылдануға дайын екенімді мәлім ету арқылы ғана қайтара алмақпын. Мен — шаруамын, есімім Санчо Панса, әйелім, балаларым бар, атқосшы болып қызмет етем — егер осының біреуі болмаса біреуі әжетіңізге жарай қалса, онда тек әмір етсеңіз болды, мен сізге, шарапатты ханым, қызмет етуге әзірмін.

— Бұл айтқан сөзіңнен, Санчо, әдепті болуды кішіпейілділік аталатын ізгі қасиеттің өз мектебінде оқып-үйренгенің анық көрініп тұр, — деп құлаққағыс етті герцогиня, — сеньор Дон Кихот сені өз құшағында әлпештеп өсіргені қазір анық көрініп тұр дегенді айтқым келеді менің, ал ол болса, әрине, кішіпейілділіктің ең жоғарғы сатысы және рәсімдердің, немесе өзің айтатындай, рәсуалардың ең үздік үлгі-өнегесі ғой. Мұндай сеньор мен мұндай малай қандай мадаққа да лайық, өйткені бірі — күллі кезбе рыцарьлықтың жол көзер жұлдызы, ал екіншісі — барлық адал атқосшылардың шамшырағы. Түрегел, Санчо дос, кішіпейілділігіңе лайықты өтем аласың: герцогтан, өз әміршімнен, уәде етілген губернаторлыққа қолыңды мүмкін болғанынша тезірек жеткізуін сұраймын.

Осымен әңгіме тәмамдалды да, Дон Кихот түскі астан кейін демалмақ болды, ал герцогиня Санчодан егер онша ұйқысы келіп тұрмаса, өзімен және күтуші қыздарымен бірге қоңыр салқын залда бола тұруын өтінді. Санчо оған жаз айларында өзі, шындығына келгенде, түскі астан кейін қатарынан бес сағат бойы ұйқтауға дағдыланып қалғанымен, герцогиняның мейір-шапқатына ырзашылығын білдіру үшін әмірін орындауға және бүгін мүлдем ұйқтамауға бар күшін салатынын мәлім етті, соны айтып залдан шығып кетті. Ал, герцог болса, малайларына Дон Кихотқа кезбе рыцарь ретінде қарау қажеттігін, бағзыдағы кезбе рыцарьлар ұстанды делінетін жол-жораны қатаң сақтау керектігін тағы да қайталап ескертті.

ХХХІІІ тарау

Герцогиня мен күтуші қыздарының Санчомен арада өткен, оқып шығуға және атап өтуге әбден лайық тартымды сұқбаты жайында

Сонымен, хикаяда былай делінеді: түскі астан кейін Санчо демалған жоқ, айтқан сөзінде тұрып, түстеніп алған бойда герцогиняға келді, ал герцогиня болса, оның әңгімесін тыңдап рақатқа батпақ боп, қасындағы аласа орындыққа отыруын сұрады, бірақ Санчо, сөздің тура мағынасындағы тәрбиелі адам болғандықтан, бұл құрметтен бас тартты, алайда герцогиня оның губернатор секілді жайғасып, атқосшы секілді сөйлеуге ерікті екенін және бұл екі атақтың екеуі де оған тіпті Сид Руй Диас Сардардың креслосына отыруға да ерік беретінін мәлім етті. Санчо иығын қиқаң еткізіп, үнсіз бой ұсынды, герцогиняның дуэньялары мен күтуші қыздары оны айнала қоршап алды да, тым-тырыс тына қалып, зейін қоя тыңдауға бейіл берді, әйтсе де герцогиня бірінші боп сөйлеп кетті, ол былай деп бастады:

— Қазір біз оңаша отырмыз, ешкім тыңдап тұрған жоқ, сондықтан даңқты Дон Кихоттың жақында жарық көрген хикаясын оқыған кезде пайда болған кейбір күдігімді сеньор губернатордың сейілткенін қалаймын. Бұл күдіктің бірі мынадай: мейірбан Санчо Дульсинеяны, кешірім өтінем, сеньора Дульсинея Тобосскаяны, өмірі көрмегендіктен және Дон Кихоттан ешқандай хат апармағандықтан, өйткені хаты Сьерра Моренада қойын дәптерде қалған-ды, оған Дульсинея атынан жауап әкелуге және оны дән елеп жатқан кезде жолықтырғаны жайында өтірік айтуға қалай батылы жеткенін білсем деп ем. Өйткені, мұндай өтірік пен алдау жан тең келмес Дульсинеяның жақсы атына кір келтіреді, сондай-ақ мейірімді атқосшының абыройын ақсатады және адалдық парызымен де онша қабыспайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий