Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— О, жасаған! — деп айқайлап жіберді сол арада герцог. — Адамзат баласының қандай қасақы жауы істеді екен мұны? Сұқтануына лайық сұлулықты, көңілін көтерер шаттықты, ізгі қасиет дарытып жүрген ізеттілікті жұрттан кім жырақтатты екен?

— Кім дейсіз бе? — деп қайталап сұрады Дон Кихот. — Қыр соңымнан қалмай жүрген қисапсыз қызғаншақ, зұлым сиқыршының бірі емей кім дейсіз оны? Бұл мүттайым малғұндар — тақуалар ерлігін түнекке орап, қадір-қасиетін жоғалту үшін, күнәкарлар іс-әрекетін әспеттеп, аспанға көтеру үшін біздің сорымызға тап болғандар. Сиқыршылар мені қырына алды, сиқыршылар мені қазір де қырына алып жүр және сиқыршылар қашан өзімді де, рыцарьлық ерен ерліктерімді де жұрттың ақи-тақи естен шығаруына қол жеткізгенше мені қырына ала беретін болады, сондай-ақ олар ең жанға бататын жерімнен соққы дарытып, жарақат салып жүр, өйткені кезбе рыцарьды ханымынан айыру — оны көз жанарынан, күн шуағынан және ас-судан айырумен пара-пар. Мен өзі бұл жайында бұрын да талай айттым және тағы да қайталаймын: ханымы жоқ кезбе рыцарь да бір — жапырағы жоқ ағаш та бір, іргетасы жоқ ғимарат та бір, көлеңке түсірер дене-тұлғасы жоқ көлеңке де бір.

— Бұған дау бар ма, — деп құлаққағыс етті герцогиня, — бірақ сеньор Дон Кихот жайындағы таяуда ғана жарық көрген, барша жұрттың көңілінен шыққан кітапқа сенсек, онда, менің ойымша, сеньора Дульсинеяны өмірі көрмегеніңіз, ондай сеньораның дүниеде жоқ, ойдан шығарылған біреу екені, яғни ой-қиялыңыздың жемісі мен нәтижесі екені, көңіліңіз нені қаласа оған сондай не қилы асыл қасиеттерді таңғаныңыз жайында қорытынды жасамасқа лаж жоқ.

— Бұл төңіректе көп әңгіме айтуға болар еді, — деп қарсылық білдірді Дон Кихот. — Дульсинея дүниеде бар ма әлде жоқ па, ойдан шығарылған ба әлде шығарылмаған ба — ол тек бір құдайға ғана мәлім жайт, бұл секілді ізденістерде тым шектен шығып кетуге болмайды. Мен аяшымды ойдан шығарған жоқпын және ой-қиялым арқылы да өрнектеген емеспін, әйтсе де, оны көз алдыма көрген жанның бәрі тамсанып, таңдай қағуға лайық ізгі қасиеттерді бойына жиған сеньора есебінде елестетем, атап айтқанда: ол — үріп ауызға салғандай сұлу, маңғаз бірақ тәкаппар емес, махаббатта албырт, бірақ күнәдан пәк, әдептілігі себепті жылы шырайлы, тәрбиелілігі себепті әдепті және, ақыр соңында, тектілігі себепті теңдесі жоқ, өйткені күмәнсіз кемелдіктің жоғары дәрежелеріне жететін сұлулық нашар әулеттен шыққан сұлулардан гөрі текті әулетте тәрбие көрген сұлуларда бар салтанатымен шешек атып, бүр жарады.

— Дәп солай, — деді герцог, — алайда, сеньор Дон Кихот, ерлік істеріңіз жайындағы хикаядан туындаған бір ойымды ортаға салуға рұқсат етсеңіз: айталық, Дульсинеяны шынымен-ақ дүниеде бар және Тобосода немесе басқа бір жерде тұрып жатыр дейік әрі ол өзіңіз суреттейтіндей керемет сұлу болсын, бірақ әулетінің тектілігі жағынан ол өзіңізге жақсы мәлім романдардың әр бетінен жолығатын Орианамен, Аластрахареямен, Мадасимамен және басқа да осыларға ұқсас ханымдармен салыстыруға жарамайды ғой.

— Мұныңызға айтарым, — деп тағы да сөйлеп кетті Дон Кихот, — Дульсинеяны ісіне қарап бағалау қажет, адамның шыққан тегі ізгі қасиеттердің бағасын арттыра түседі, ақсүйек күнәкардан гөрі тегі нашар тақуа көбірек құрметтелуге лайық. Ақиқатында, Дульсинея — айрықша қасиеттер дарыған жан, осының арқасында ол толыққанды королеваға айнала алады: сүйкімді де ізгі ниетті әйелге тән қасиеттердің таңғаларлық іс тындырар құдіреті бар және бұлар көпе-көрінеу түрде андыздамағанымен, тым құрығанда, бүркемелі түрде болса да, ең жоғары ізгілік боп табылады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий