Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Тап соның өзімін, — деп жауап қатты Санчо, — және бұл аралға басқалардан кем еңбегім сіңген жоқ. Мен секілділер, жайында, әдетте: “Жақсы адамға серік болсаң жақсы қасиеті жұғысты болады”, дейді; сосын тағы: “Сынықтан өзгенің бәрі жұғады”, сонан соң: “Аялы ағаштың көлеңкесі де саялы” деген бар. Міне, мен де жақсы сеньор тауып, етегінен ұстадым, оған қызмет етіп жүргеніме бірнеше айдың жүзі болды, сөйтіп енді, құдай қосса, өзім де ұзамай сол кісі сияқты боп шығам, оған да рақат, маған да рақат: не айтатыны бар, ол — император болады, мен — губернатор болам.

— Әлбетте, достым Санчо, — деп сол арада герцог оны бөліп жіберді, — сеньор Дон Кихотқа деген құрметімнің белгісі ретінде бос тұрған әжептәуір сапалы бір аралды сенің қарамағыңа берем.

— Жығыл тізеңе, Санчо! — деді Дон Кихот. — Өзіңе көрсеткен осынау мейірім-қайырымы үшін шарапатты мырзамыздың аяғын құш.

Санчо мұны бұлжытпай орындады; зығырданы қайнап кеткен священник сол арада үстел басынан тұрды да, герцогқа қарап былай деді:

— Шарапатты мырзам, діни дәрежем сіздің де тап мына күнәкарлар секілді нәгүман екеніңізді айтуға мәжбүр етіп тұр. Ау, бұлардың есуастығын дені сау, есі дұрыс адамның бәрі бірдей қолпаштай берген соң бұлар қалай ғана есалаңданбасын! Мейлі, бәйек бола беріңіз бұларға, шарапатты мырзам, бұлар кеткенше үйімде бола тұрам және түзеуге көнбейтінді айыптаймын деп те әлекке түспеймін.

Басқа бір ауыз сөз айтпаған және түскі асын да ішіп тауыспаған тәлімгер шығып жүре берді, герцогтың өтініш білдіргеніне қайрылмады; шындығында, оның жоқ жерден ашу шақырғанына күлкісі келген герцог оншалықты қиылып өтіне де қоймаған. Күлкіден тиылған соң герцог Дон Кихотқа мынадай әңгіме айтты:

— Мейірімді мырза, сеньор Арыстан Рыцары, ар-намысыңызды әп-әдемі қорғап қалдыңыз, есеңіз кеткен жоқ, сондықтан бір қарағанда жәбірлегендей көрінетін, бірақ шын мәнінде ондайдан аулақ әлгі сөзге бола кешірім сұратудың сіз үшін ешқандай мәні қалған жоқ, өйткені әйелдер сияқты діни қызметшілер де ешкімді жәбірлей алмайтынын менен гөрі өзіңіз жақсы білесіз ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий