Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Лайқатты болмасам да, өзім жайындағы жылы сөзіңіз үшін, мәртебелі ханым, құдай ақыл-есіңізді серік қып жүз жасауға жеткізсін, — деп мәлім етті Санчо. — Ал, айтайын дегенім мынау еді. Селомыздағы бір идальго қонаққа кісі шақырады, ал өзі өте бай және текті тұқымнан шыққан адам еді, себебі Аламос де Медина дель Кампо тұқымынан болатын және донья Менсья де Киноньеске үйленген-ді, ал бұл әулие Иаков орденінің рыцары Алонсо де Мараньонның қызы-тұғын, сол Алонсо ақыры Эррадурда суға кетіп өлді ғой, ал бұдан бірнеше жыл бұрын соның қырсығынан селомызда шатақ шыққаны бар, естуімше, оған мырзам Дон Кихот та араласқан еді және сол шатақтың тұсында ұста Бальбастроның баласы Томасильо Сандалбай соққыға жығылған болатын. Ал, айтыңызшы, қадірменді мырзам, осы өтірік пе енді? Құдай үшін, шын деңізші, әйтпесе сеньорлардың мені суайт деп, өтірікші деп ойлап қалуы мүмкін.

— Осы уақытқа дейін сені өтірікшіден гөрі суайтқа көбірек ұқсатып едім, — деп тәлімгер сөзге килікті, — әйткенмен, кейін кім боп шығатыныңды біле алмай отырмын.

— Сен соншалықты көп есімді атайсың, Санчо, соншалықты көп нышанды алға тартасың, — деді Дон Кихот, — сондықтан, шамасы, шындықты айтып тұрған шығарсың, оны мойындамасқа лажым жоқ. Алайда әңгімеңді әрмен жалға және қысқартып айт, әйтпесе қалай бастағаныңа қарағанда, мына түріңмен екі күн бойы айтсаң да аяғына жеткізе алмайтын секілдісің.

— Жо-жоқ, маған қуаныш сыйлағысы келсе, қысқартпасын, — деп қарсылық білдірді герцогиня, — керісінше, егер шынымен қажет болса, тіпті алты күн бойы айтса да, өз білгенінше айта берсін, есесіне бұл менің өмірімдегі ең бақытты күндер боп қалады.

— Сонымен, мархабатты мырзалар, — деп сөзін жалғады Санчо, — жаңағы идальгоны мен өзім бес саусағымдай білем, себебі оның үйі менің үйімнен қол ұсынымдай ғана жерде, сөйтіп, енді ол, әлгінде айтылғандай, үйіне бір ақ жүрек кедей шаруаны қонаққа шақырады ғой.

— Тездет, шырағым, — деп священник оны бөліп жіберді, — егер осылай жалғастыра берсең ақырзаман орнағанша да айтып бітпессің.

— Құдай қуат берсе, одан әлдеқайда ерте үлгерермін, — деп шорт кесті Санчо. — Айтайын дегенім, сөйтіп шаруа әлгі аталған идальгоның үйіне қонаққа келмей ме енді; дүниеден өтіп те кетті ғой ол, әлгі идальгоны айтам, топырағы торқа болғыр, ана дүниеге кәдімгі әулие адам секілді аттаныпты деседі, рас, мен өзім көрген жоқпын, ол кезде Темблекеде шөп шауып жүргем...

— Құдай ақы, балам, Темблекеден мүмкін болғанынша тезірек қайтып оралшы және идальгоны жерлеуге қатыспай-ақ қойшы, әйтпесе сен айтып біткенше біреуімізді жерлеп те қоюы ғажап емес.

— Сөйтіп, енді, — деп Санчо сөзін жалғады, — екеуі үстел басына отырмақшы болады, — екеуі де күні кешегідей көз алдымда...

Санчоның әңгімесіндегі шегіністер мен іркілістер тәлімгердің жынын келтіре бергеніне ерлі-зайыпты герцогтардың айызы қанып, одан өзгеше бір рақат тауып отырды, ал Дон Кихоттың зығырданы қайнап, қаны басына шапшыды.

— Айтайын дегенім, — деп Санчо сөзін жалғастыра түсті, — сөйтіп, енді үстел басына жайғасатын да кез келеді ғой, бірақ сол арада шаруа төрдегі орынға идальгоның өзі отыруы керегін айтып қоймайды, ал идальго болса шаруаның отырғаны жөн екенін айтып қоймайды, өз үйінде өзі белгілеген тәртіп орындалуға тиіс екенін алға тартады; алайда шаруа кішіпейілділігі мен көргенділігін байқатып қалғысы келіп, табандап тұрып алады; ақыр соңында идальго ашуланып кетеді де, шаруаны иығынан қапсыра ұстап, төрдегі орынға күшпен отырғызып: “Әй, отырсаңшы, сен кеще! Қай жерге жайғаспайын мейлі, менің орным бәрібір төр саналады ғой!” депті. Міне, әңгімемнің бары осы, әділіне келсек, мұның орынды жерінде айтылғанына кәміл сенімдімін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий