Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихоттың жәрдемдескісі келген, бірақ сол арада герцогиня екеуінің арасында ұзаққа созылған сыпайыгершілік “сіз-біз” басталды да кетті; алайда, герцогиня өз дегенінен қайтпай, атынан тек герцогтың көмегі арқылы ғана түсетінін айтып тұрып алды, өйткені мұндай даңқты рыцарьды бекерден-бекер мазалауға өзімді лайық санамаймын, деді. Ақыр соңында герцог бермен жақындап, зайыбының аттан түсуіне көмектесті; сөйтіп, бәрі даладай кең ішкі аулаға кірген кезде сүп-сүйкімді екі қыз жүгіріп келіп Дон Кихоттың иығына көз жауын алатын алқызыл мантияны жапты, сол бойда-ақ галерея біткеннің бәрінде еркек-әйелі аралас малайлар пайда бола кетіп, қатты дауыстап:

— Хош келдіңіз, кезбе рыцарьлықтың қуанышы мен мақтанышы! — десіп шуласа бастады.

Сонымен бір мезгілде олардың барлығы немесе барлығы дерлік герцог пен герцогиняға және Дон Кихотқа құтыларындағы хош иісті сұйықтықты бүркіп жатты, бұған Дон Кихот кереметтей айран-асыр болды. Осы арада ол өзінің жалғандықтан аулақ, шын мәніндегі нағыз кезбе рыцарь екеніне ақи-тақи көз жеткізіп, соған кәміл сеніп те қалды, өйткені өткен замандарда осындай рыцарьларға жұрт қандай құрмет-қошемет көрсетсе, — ал мұның жайы оған романдардан жақсы мәлім-ді, — өзіне де дәл сондай құрмет-қошемет көрсетіліп жатқан-ды.

Сұр жорғасын қақпа сыртына тастап, герцогиняның соңынан ерген Санчо қамал-сарайға өтіп кеткен, бірақ шамалыдан кейін есегін жалғыз қалдырғанына опына бастады, сөйткен соң герцогиняны қарсы алуға шыққан әлдебір жасамыс дуэньяға жақындап, оған былай деп сыбырлады:

— Сеньора Гонсалес, немесе қалай атаушы еді өзіңізді...

— Менің есімім — донья Родригес де Грихальба, — деп жауап қатты дуэнья. — Жайшылық па, құрметтім?

Санчо оған былай деді:

— Маған мынадай бір жақсылық жасап жіберсеңіз демекші ем: қамал-сарай қақпасының сыртына шықсаңыз, — онда менің сұр есегім тұр, міне, соны, рақымшылық жасап, атқораға кіргізіп қоюға әмір етсеңіз, жә болмаса өзіңіз апара қойсаңыз: есегім байғұс өзі сондай үргелек, сондықтан қандай жағдайда да жападан-жалғыз қала алмайды.

— Малайы секілді мырзасы да осынша әдепті болса, жетіскен екенбіз! — деп салды дуэнья. — Жоғалт көзіңді бұл жерден, бауырым, — сенің де, мұнда сенімен бірге келгеннің де тезірек қараң батсын, — өз есегіңді өзің күт, бұл қамал-сарайдағы дуэньялар ондай іспен айналыспайды.

— Олла-біллә, шын сөзім, — деді Санчо қарсылық білдіріп, — мырзамның айтқан бір әңгімесінен, — ол өзі не қилы хикаяны көп біледі, ол жағынан оған тең келер ешкім жоқ, — Ланцелот

Британиядан келіп жеткен шақта:

Қамқор болды фрейлиналар оған,

Ал сәйгүлігіне – принцессалар,

дегенін өз құлағыммен естігем, ал менің есегімді сеньор Ланцелоттың мәстегімен салыстыру тіптен обал ғой.

— Әңгіме былай, бауырым, — деді дуэнья, — егер сен қылжақбас біреу болсаң, онда әлгіндей әзілсымақтарыңды сондайды ұнататындарға және соған ақша төлейтіндерге барып айт, ал менен алатының фига31 ғана.

— Ендеше, тіптен жақсы, — деп іліп әкетті Санчо, — қалай болғанда да, әйтеуір, фигаңыз бабымен пісіп-жетілген секілді ғой, олай дейтінім, жас шамасы жағынан ол, меніңше, өзіңізбен түйдей құрдас сияқты.

— Арсыз ит! — деп айқайлап жіберді ашу қысқан дуэнья. — Жаспын ба, жасамыспын ба — бұл жайында құдайдың алдында ғана есеп берем, сен сияқты алаяққа, боқ сасыған біреуге емес!

Оның ашынғаннан шыққан ащы дауысын герцогиня да естіп, жалт қарап, ызаға булыққан дуэньяның көзіне қан толып кеткенін көріп, не болғанын сұрады.

— Не болсын, мына бұзақы, — деп жауап қатты дуэнья, — қақпаның сыртында қалдырған есегімді атқораға алып бар деп маған қадалды да қалды, қайдағы бір Ланцелотқа қай жерде қызмет етіп жүргені беймәлім қайдағы-жайдағы фрейлиналарды мысалға келтіріп, сол кезде дуэньялар оның сәйгүлігіне қамқорлық жасап жатқан еді, деп сандырақтады, мұның бәрі аз болғандай, мені кемпір деп кемсітті.

— Өз басым мұны қорлаудың ең ауыры деп бағалар ем, — деп

құлаққағыс етті герцогиня.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий