Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сосын Санчоға қарап былай деді:

— Донья Родригестің әлі жас екенін қаперіңе ал, құрметті Санчо, жамылғы жамылып жүргені — егде тартқандығы емес, жұрт өзін құрмет тұтсын дегені және дәстүр талабы.

— Оны әдейі ренжіту үшін әлдене десем, бұл дүниеден бақыт таппай-ақ өтейін, — деп сөйлеп кетті Санчо. — Ол кісіге әлгіні айтқан жалғыз ғана себебім: есегімді сондай жақсы көрем, сондықтан оны мына сеньора донья Родригес секілді мейірімді жанның қамқорлығына сеніп тапсыруға болады-ау деп ойлағам.

Дон Кихот мұның бәрін естіп тұрған-ды.

— Санчо! Осы жерде осындай әңгіме айтудың жөні бар ма? — деді ол ақыры.

— Сеньор! — деп жауап қатты Санчо. — Қай жерде жүрсе де адам өз зәрулігі жайында әңгіме қылады: тап осы жерде мен есегімді есіме алдым, сосын тап осы жерде сол жайында әңгіме еттім, ал егер оны атқорада есіме алсам, онда атқорада да әңгіме қылар ем.

Герцог бұған мынадай лебіз білдірді:

— Санчо ақылға қонымды сөз айтты және оның ешқандай кінәсі жоқ. Есек жемнен кенде болмайды, сондықтан Санчо ештеңеге алаңдамай-ақ қойсын: өзіне қандай күтім жасалса, есегіне де сондай күтім жасалады.

Дон Кихоттан басқаның бәрін көңілдендірген осы әңгімеден кейін, оған баспалдақпен жоғары көтерілуге ұсыныс жасалып, оны қабырғаларына айрықша бағалы қамқа және алтын талшығы араластыра тоқылған кілемдер ілінген залға өткізді; алты қыз келіп сауыт-сайманын шешіп, оған паж32 секілді қызмет көрсете бастады, — жұрттың бәрі өзін шын мәніндегі кезбе рыцарь деп ойлайтынына көзі жетіп, көңілі сенуі үшін Дон Кихотқа қандай күтім жасап, не істеу керегін герцог пен герцогиня оларға алдын-ала үйретіп, күні бұрын құлаққағыс етіп қойған еді. Сауыт-сайманнан арылған, тыриған арық, ұзынтұра, ебедейсіз, екі ұртының қабысып қалғаны сонша, құдды ішкі жағынан бір-бірін сүйіп жатқандай көрінетін Дон Кихоттың үстінде тек түйе жүн камзолы мен қуықтай шаровары ғана қалған-ды, бұл кеспірінің күйкі көрінгені сонша, егер қыздар байқаусыз күліп қоймауға барын салмаса (бұл жөнінде қожайындарынан олар арнайы нұсқау алған), онда ендігі күлкіден ішек-сілелері қатқан да болар еді.

Бұдан кейін қызметші қыздар жейдесін ауыстыру үшін оның тыр жалаңаш шешінуін өтінді, бірақ ол бұған үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, кезбе рыцарьға жүректілік қандай жарасымды болса, әдептілік те сондай үйлесімді қасиет екенін мәлім етті. Әйткенмен, ол Санчоға таза жейдені алуға әмір етіп, онымен бірге сәнді жиналған төсек тұрған басқа бөлмеге кіріп кілттеніп алды да, жейдесін ауыстырып киді; Санчомен оңаша қалған Дон Кихот оған былай деді:

— Жаңа туған сайқымазақ, баяғыда туған су мый, қане жауап бер: қалай құрметтеуге де лайық қадірменді дуэньяның арын төгуге, қорлауға қалай ғана дәтің барды? Есегіңді еске түсіретін басқа қолайлы уақыт таппадың ба және өзімізді осынша қонақжайлық көрсетіп қарсы алып жатқан сеньорлар көлігімізді қараусыз қалдырады деп ойлап па ең? Құдай ақы, Санчо, өзіңе өзің ие болсаңшы, иірілген жібіңді көзге көрсете бермесеңші, әйтпесе деревнялық қарабайыр мата екеніңді жұрт бірден байқап қояды ғой. Есіңде ұстағын, күнәкар пенде, малайы неғұрлым ізетті және өнегелі болса, мырзасы да соғұрлым зор құрметке ие болады, сондай-ақ принцтің басқа адамдардан айырмашылығын аңғартып тұратын басты қасиетінің бірі — өзі қандай келісті көрінсе, малайларының да сондай келісті көрінетіні. Сен де бір сор болдың ғой маған, пәтуасыз-ай! Апырай, жұрт өзіңді әңгүдік мұжық, дарақы сайқымазақ деп тапса, мені де алаяққа әрі алдамшыға жоритынын қалай ғана түсінбейсің? Жоға, оның жарамайды, достым Санчо, ондайдан аулақ бол. Мылжыңдау мен қалжыңдаудың шегін білмейтіндер жаза басқан алғашқы адымында-ақ жүрек айнытар қуыс кеуде қылжақбасқа айналып шыға келеді. Аузыңа ие бол. Аузыңнан шығармас бұрын әр сөзіңді мөлшерлеп, безбендеп ал, сондай-ақ, міне, ақыр соңында, жаратқан иеміздің жәрдемімен және өзімнің айбыныммен даңқымызды асырып, дәулетімізді тасытатын жерге тап болып тұрғанымызды қаперіңде ұста.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий