Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Герцогиня атынан түсіп, қолына үшкір шолақ найза ұстап, қабандар жүгіріп өтеді-ау дейтін өзіне мәлім тұсқа барып тұрды. Герцог пен Дон Кихот та түсіп, оның оң жағы мен сол жағынан орын алды; Санчо болса, герцогиняның арт жағына барып тұрды — есегі әлденендей бір жамандыққа ұшырап қала ма деп қауіп ойлап, ақыры одан түскен жоқ; сөйтіп герцог, герцогиня және Дон Кихоттың толып жатқан малаймен бірге аттарынан түсіп, қатар түзеп тұра қалғаны сол еді, үсті-басын ақ көбік жапқан, тістерін сақылдатқан бір дәу қабан кенет салып ұрып бұларға қарай төтелей тартты: оны өршелене абалаған бір қора ит пен итбегілер өкшелеп келе жатқан болатын. Соны көрген Дон Кихот қалқанын кеудесіне тосып, семсерін суырып алды да, қабанға қарсы жүрді, қолында шолақ найзасы бар герцог соңынан ілесті, герцогиня болса, герцог тоқтатпағанда, екеуінің де алдына шығып кететін еді. Ал, Санчо дығал хайуанды көрген бойда сұр жорғасынан секіріп түсіп, алды-артына қарамай зыта жөнелді де, бір биік еменге өрмелеп шығуға тырысты, бірақ оның сәті түспеді: ағаштың ортан беліне жеткен ол ұшар басына қарай көтерілу үшін бір бұтаққа жармаса кеткен, сорына қарай бұтақ омырылып кетті де, анау төмен құлдилай жөнелді, алайда жолшыбай басқа бір бұтаққа ілініп, аяғымен жер тіренуге мүмкіндігі болмай әуеде салбырап қалды. Осындай кепке душар боп, жасыл шолақ шекпені тігісінен ыдырап бара жатқанын байқап және қорқынышты хайуан осы жаққа қарай қашса, өзін жарып кететінін көз алдына елестеткен оның бар дауыспен және жан ұшыра бақырып көмек сұрағаны сонша, өзін көрмегенімен дауысын естіген жұрттың оны жабайы аңның жәукемдеп жатқанында еш күдігі қалмаған. Сансыз шолақ найзаға шаншылған, шошқа тістері арсиған қабан ақыры жер қауып құлады; Санчоны дауысына қарап таныған Дон Кихот айқай шығып жатқан жаққа қарай бұрылып, оның аяғы аспаннан келіп еменде салбырап қалғанын, қырсыққа ұшыраған қожасын тастап кеткісі келмеген есегі жанында тұрғанын көрді; осы арада Сид Ахмет Бен-инхали: жалпы алғанда, есегі жоқ Санчо Пансаны, Санчосы жоқ есекті жолықтыру өте сирек кездесетін жағдай еді — екеуінің бір-біріне шын берілгендігі мен іңкәрлігі сондай болатын, деген құлаққағыс жасайды.

Дереу жеткен Дон Кихот Санчоны ағаштан түсіріп алды, өзінің босағанын, жерді аяғымен нық басып тұрғанын сезген Санчо жыртылып қалған шолақ шекпенін көріп, жүрегі мұздап сала берді, өйткені мұндай киімнің бағасы бір үйдің ырыс-дәмін айыратын шығар деп жүрген. Бұл екі аралықта дәу қабанның ұшасы қашырға артылып, гүлшетен және мирт бұтақшаларымен бүркеліп, ормандағы алаңқайға тігілген даладай кең шатырға жеңістен түскен олжа іспетті жеткізілді; ол жерге үстелдер қойылып, ішіп-жемі мол дастарқан дайын етіліпті, қожайындардың жомарттығы мен жайсаңдығын дастарқандағы тағамдардың тек осы ас та төк молдығы мен алуан түрлілігіне қарап-ақ байқай беруге болатын. Санчо герцогиняға киімінің жыртығын көрсетіп, былай деді:

— Егер қоян немесе құс ауласақ, шолақ шекпенім мынадай күйге түспес еді. Шошқа тіспен бір шұқыса-ақ бітті, жаның шиқ ете қалатын аңды сарсыла күтіп тұрудан қандай пайда түсетінін түсінбеймін. Ежелгі бір әнде мынадай сөз бар емес пе еді:

Атақты Фавила секілді

Аю талап мерт қылсын сені.

— Бұл гот королі жайындағы романс, аң аулап жүргенінде оны аю талап өлтірген болатын, — деген түсініктеме берді Дон Кихот.

— Айтайын дегенім де сол, — деп Санчо сөзін жалғады, — шонжарлар мен корольдердің қызыққа кенелеміз деген дәмемен осындай қатерге бас тігетінін суқаным сүймейді, оның үстіне ешқандай айып-кінәсі жоқ жануарды өлтіруде тұрған қандай қызық барын да білмеймін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий