Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол арада тұрғандар, әсіресе Санчо мен Дон Кихот, тағы да таңырқанып қалды: Санчо — ақиқат шындық басқа екеніне қарамай, жұрттың бәрі бір ауыздан Дульсинеяны жадыланған деп тұрғанына аң-таң болса, Дон Кихот — Монтесинос үңгіріндегі сан-алуан оқиғаны шынымен-ақ бастан кешкеніне нық сенімі жоқтығынан таңырқанған еді. Осы оймен дал боп тұрғанында герцог одан:

— Күте тұрасыз ба, неғыласыз, сеньор Дон Кихот? — деп сұрады.

— Күтпегенде ше? — деп жауап қатты Дон Кихот. — Маған тіпті тәмам тозақ қарсы шықсын мейлі, бәрібір, түршікпей һәм тайсалмай тосып тұрам.

— Ал егер тағы бір осындай шайтанды — көзім, тағы бір осындай сырнайды — құлағым шалатын болса, онда мен Фландрияның бір түкпіріне барып тосатын шығармын, — деп мәлім етті Санчо.

Бұл екі аралықта қараңғылық әбден қоюланды да, жер бетінен көтерілген құрғақ тозаңның аспанда жылт-жылт етіп көрінетіні, мұның көзімізге аққан жұлдыз секілді елестейтіні іспетті орман ішін жылт-жылт еткен от кеуледі. Осының артынша-ақ өгіз жегілген сансыз көп арба доңғалақтарының шиқылына ұқсайтын аса бір ұнамсыз дыбыс естілді; білетіндердің айтуынша, осынау үзілмес-тынбас әрі өзектен өтерлік ащы дауыстан тіпті қасқыр мен аю да зәресі қалмай қорқатын көрінеді. Бұл зобалаңға одан да өткен ұнамсыз, одан да бетер зардапты жаңа зобалаң қосылды, атап айтқанда: сол арада тұрғандарға орманның төрт бұрышынан бірдей және бір мезгілде қызу шайқас басталып кеткендей көрінді, себебі әне бір жақтан зеңбіректердің жан түршігерлік гүрсілі естіліп, мына бір жақта мушкеттерден жиі-жиі оқ атылып жатты, таяу маңнан жауынгерлердің айқай-сүреңі ес кетіріп, алыстан маврлардың: “Алла ил алла!” деп тыным таппай сарнаған дауысы құлаққа шалынды. Ұзын сөздің қысқасы, корнеттер, аңшы сырнайлары, мүйіз сырнайлар, кларнеттер, кернейлер, барабандар, зеңбіректер, аркебуздар, ең бастысы, арбаның жан шошырлық шиқылы — бәрі қосылып аза бойды қаза қылатын бей-берекетсіз гуілге айналды; қорқынышқа бой алдырмас үшін Дон Кихоттың барынша батылданып бағуына тура келді, ал Санчо болса осалдық танытып қойды: ес-түстен айрылып, тура герцогиняның белдемшесіне құлап түсті, — анау оны киімімен бүркемелеп, тезірек су әкеліп бүркуге әмір етті. Су әкеліп бүріккеннен кейін ол есін жиды; тап сол кезде доңғалағы шиқылдаған арбалардың алғашқысы да көрініс берген болатын.

Арбаны қара түсті жабу жабылған төрт өгіз сүйретіп келе жатыр еді; әрқайсысының мүйізіне балауыз шырақ байланыпты, ал арбаның өзіне биік орынтақ орнатылыпты, оған қара кенептен тігілген қолпылдаған кең хламида киген, беліне түсетін ұзын, аппақ қардай сақалы бар мосқал жастағы бір қария жайғасыпты; арбаның іші самаладай жарық еді, сондықтан онда не бар, не жоғы алақандағыдай анық көрініп тұрған. Үстіне дәл сондай кенеп шапан киген, сұрықсыз екі шайтан делбеші міндетін атқарып отырған болатын, ұсқындарының ұнамсыздығы сонша, оларға қараған сәтте-ақ Санчоның жүрегі қозғалып, енді қайтып көрмеу үшін көзін тас қып жұмып алды. Арба тұраққа қатарласа берген сәтте мосқал жастағы қарт биік орынтағынан тұрып, бойын тіктеді де, бар дауысымен:

— Мен данагөй Лиргандеймін! — деп бақырып жіберді.

Ол басқа дым ештеңе айтқан жоқ, арба әрмен қарай жылжып жүре берді. Одан соң орынтағына басқа бір қария жайғасқан, тап осындай екінші арба жақындады; қария белгі беріп, арба тоқтаған соң, ол да алғашқы қарт секілді мейлінше салтанатты түрде:

— Мен данагөй Алкифпін, Ұстатпайтын Урганданың ең жақын дос-жарымын! — деп жария етті.

Сосын әрмен қарай аса берді.

Мұнан кейін осындай тәртіппен үшінші арба келді, алайда бұл жолы орынтақта отырған қария емес, кеспіріне қарап қарақшы деп ойлауға болатын мығым денелі еңгезердей біреу еді; таяп келген соң ол да алғашқы екеуі секілді орнынан тұрып, әлгілердің де дауысынан өткен қырылдақ әрі қатулы үнмен:

— Мен сиқыршы Аркалаймын, Амадис Галльский мен оның барлық туысының қас жауымын! — деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий