Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жә, неғыласыз мені, жоғары мәртебелім, — деді Санчо, — бір әріпті қосып жібердім бе әлде қалдырып кеттім бе, қазір ондайға мән беретін халым жоқ, — әлдебіреудің мені шыбыртқылайтыны немесе өзімді-өзім шыбыртқылауға тиіс болатыным көңілімді құлазытып жібергені сонша, не айтып, не қойғанымды білмей тұрмын. Алайда, өстіп те өтініш айтуға бола ма екен, мұндайды сеньора донья Дульсинея Тобосская ханымым қайдан көрді екен: теріңнен таспа тілуге келісіміңді бер деп маған өзі келіп дігерлейді, сөйте тұра мені ешкі бас, қасиетсіз хайуан атандырады және жерден алып, жерге салып тілдейді: бұған тіпті шайтан екеш шайтан да төзбес. Ау, қалай сонда, менің тәнім тастан жаралған ба немесе оның жадыланған-жадыланбағанының маған бәлендей бір қатысы бар ма? Басқа ханым болса, көңіл аулау үшін себет толы іш киім ала келер еді, жейделер, орамалдар және, өзім кимейтін болсам да, қысқа қонышты етіктер әкелер еді, ал мынау балағаттаудан басқа ештеңе білмейді, — шамасы, біздің елде айтылатын: есекке алтын артсаң тау басына шейін талмай емпеңдейді, ақысын берсең боқысын шығарады, сондай-ақ, құдайдан сұрауын сұра, бірақ өзің де қапы қалма, көктегі тырнадан қолдағы шымшық артық деген сөздерді қаперінен шығарып алған-ау. Ол аздай, мына мырзам да көңілімді табудың, арқамнан қағудың орнына, — сонда бұл балауыз сияқты жұмсақ болады, нендей мүсін жасағың келсе де еркің, деген оймен, — мені ұстап алып, тыр жалаңаш күйде ағашқа байлап қоятынын, екі сыбаға қамшы жегізетінін мәлім етті. Шер жұтқан бұл сеньорлар бір нәрсені естен шығармауы керек еді: олар әлдебір атқосшыға емес, губернаторға қамшы жегізбекке құлшынып тұр ғой, абайлаған абзал емес пе. Соны айтам-ау, жоқты соқпасын, әуелі сұрауын табуды үйренсін, адамның тілін таба білсін және әдептірек болсын, әйтпесе кешегі күн бүгінгіге ұқсамайды және адам әрдайым ақжарқын қалпында қала бермейді. Жасыл шолақ шекпенімнің дар-дары шыққанына күйініп, жарылып кете жаздап шақ тұрсам, маған келіп шыбыртқылауға өз ықыласыңмен келіс дегенді айтады, өзіме салса, ондайға ықылас білдіргенше касикке айналғаным артық.

— Саған ашығын айтайын, достым Санчо, — деді герцог, — егер уылжып піскен інжірден де жұмсақ мінез көрсетпесең, аралға иелік ете алмайсың. Қайғы шеккен қыздардың көз жасы да, парасатты, құдіретті және ежелгі сиқыршылар мен данагөйлердің өтініші де шемен боп қатқан жүрегін жібіте алмаған қатыгез губернаторды аралымның тұрғындарына бастық қылуға ар-ұятым жібере ме? Тоқ етері, Санчо, не сен өзіңді өзің шыбыртқылайсың, не сені біреу шыбыртқылайды, немесе губернаторлықтан үмітіңді үзесің.

— Сеньор! — деді Санчо. — Не істеу керегін ойлануым үшін маған екі күнге пұрсат бере алмайсыз ба?

— Жоқ, берілмейді, — деп қарсылық білдірді Мерлин. — Бұл мәселе осы арада және тап қазір шешілуге тиіс: не Дульсинея Монтесинос үңгіріне қайтып оралып, шаруа әйел кейпін қайта табуы керек, не дәл қазіргі кескінінде Елисей даласына апарылып, белгіленген дүре саны түгел санақтан өткенше сол жерде тосып отыруы керек.

— Жә, жетер, мейірбан Санчо, — деді герцогиня, — тәуекел ет те, қожайының Дон Кихоттан жеген наныңның өтемін жақсылықпен қайтар, —жағымды мінез-құлқы мен рыцарьлық жарқын істері үшін оған бәріміз де қызмет етіп, көңілін табуымыз керек. Дүреге келісіміңді бере ғой, достым, қоянжүрек біреу секілді көрінбе: өйткені, тәуекел деген желқайық, өтесің де кетесің, деген ғой.

Жауап орнына Санчо Мерлинге мынадай мәнсіздеу әңгіме айтты:

— Сеньор Мерлин, рақымшылық етіп маған мынаны түсіндіріңізші: осында шабарман ретінде келген бір шайтан сеньор Монтесиностың атынан менің мырзама оны осы арада күтіп тұруы керегін айтқан, себебі ол осы жерге өзі келіп сеньора донья Дульсинея Тобосскаяның жадысын қалай қайтарудың жолын үйретемін, депті, бірақ әліге шейін біз ешқандай Монтесиносты көре алмай тұрмыз.

Мерлин бұған былай деп жауап қайтарды:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий