Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұдан соң олар бұл күні түскі ас берілетін баққа қарай бет алды. Герцогиня Санчоның хатын герцогқа көрсетті, анау оны оқып мәз-майрам болды. Түстік ішу тәмамдалды, ыдыс-аяқ жинап әкетілді, бұдан кейін де герцог пен герцогиня талай уақыт бойы Санчоның қызықты әңгімелерін тыңдап, рақатқа батты; өстіп отырғанда кенет флейтаның зарлы үні мен барабанның үзік-үзік қатқыл дыбысы құлаққа шалынды. Осынау түсініксіз, қатулы және қайғылы музыка сол арада отырғандардың бәрін де дегбірден айырғандай болды, әсіресе Дон Кихоттың қатты толқығаны сонша, отырған жерінен тұрып кетті; Санчо жайында айтпаса да түсінікті: зәре-құты қалмай қорыққан ол дағдылы панасына, яғни герцогиня қанатының астына кірді, өйткені музыка әуені шынымен-ақ тым жабырқау, тым зарлы болатын. Асып-сасып, абыржып тұрған бұлар кенет бақтың ішімен қара жамылған екі адамның келе жатқанын көрді: етегі жерде сүйретілген ұзын киім киген бұл екі бейтаныс та үлкен барабанды дүңкілдете соғып келе жатыр еді, барабандар да қара матамен қапталыпты. Олардың жанында флейташы бар-тын, бұл да әлгілер секілді қап-қара әрі қорқынышты-тұғын. Бұл үшеудің соңынан үстіне шұбатылған ұзын сүйретпесі бар көмірдей қара хламида киген, дәлірек айтқанда, жамылған, бойы еңгезердей алып денелі адам келе жатты. Хламиданың сыртынан жалпақ, бұл да қара түсті, қайыс белбеу буыныпты. Белбеуге тұтқасы қара, қара түсті қынға салынған дырау наркескен ілініпті. Бетін селдірлеу қара шілтер кіреукелепті, одан аппақ қардай ұзын сақалы көрініс беріп тұр. Адымын барабанның ырғағына сай маңыздана алып, алшаң басып келеді. Бір сөзбен айтқанда, сомадай бойы, жай басып, жалпақ алған жүрісі, қара түсті киімі, сондай-ақ нөкері мұның кім екенінен хабары жоқ жандарды абыржытып жіберуі мүмкін еді және абыржытып та тастаған болатын.

Сонымен, жоғарыда суреттелгендей шабандау жүріспен және айрықша салтанатпен ол герцогқа таман жақындады, ал герцог оны басқалармен бірге орнынан түрегеліп қарсы алды; анау жақындап келген бойда герцогтың алдына тізерлей кетті, бірақ герцог тізесінен тұрмайынша онымен сөйлесуден үзілді-кесілді бас тартты. Құбыжық айтқанға көнді, бойын тіктеп, бетіндегі шілтерді былай серпіп тастады, ал шілтердің астынан адам баласы бұрын-соңды көрмеген, сондай ұзын, аппақ әрі керемет қалың сөлекет сақал көзге шалынды. Бұдан соң сақалдының керегедей кеудесінен жуан да қуатты дауыс лек-легімен лықсыды; герцогтан көз алмай қарап тұрған қалпы сақалды былай деп сөйлеп кетті:

— Мәртебелі де құдіретті сеньор! Менің есімім Үшфальдин Ақ Сақал, мен графиня Үшфальдидің, қосалқы ныспысы бойынша дуэнья Құсавананың, қызметшісімін және соның тапсыруы бойынша сізге елшілікпен келіп тұрмын, атап айтқанда: сізден, жоғары мәртебелім, оған осы араға келуге және жер бетіндегі ең жабырқау ой-қиял иесі ғана көз алдына елестете алуы мүмкін алабөтен әрі қайран қалдырарлық қайғы-қасіреттің бірінен саналатын өз қасіретін паш етуге рұқсат беруді өтінеді. Бірақ, алдымен ол жеңіліс дегенді білмейтін айбынды рыцарь Ламанчалық Дон Кихот қамал-сарайыңызда бар ма, жоқ па, соны білгісі келеді, өйткені соны іздеп Кандайя корольдігінен сіздің мемлекетіңізге жаяу және нәр татпай ұзақ сапар шеккен еді, яғни ғажайып немесе сиқыршылық деп санауға болатын және солай саналуға тиіс те іс тындырған-ды. Қазір ол бекінісіңіздің, айтпақшы, жазғы қамал-сарайыңыздың қақпасы алдында күтіп тұр, келісіміңізді берген бойда-ақ алдыңызға келеді. Мен болдым.

Соны айтып, жөткірініп, сақалын қос қолымен салалады да, барынша байсалдылықпен жауап тосып тұрып қалды. Ал, герцог былай деп жауап қатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий