Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мерлин келіп Дульсинея Тобосскаяның, — айтқандайын, оны жерлестерінің бәрі Альдонсо Лоренсо деп атайды, — жадысын қайтаратын құрал етіп мені таңдап алды: енді маған өзіме өзім үш

мың үш жүз мәрте соққы дарытуға тура келеді, осыған дейін дарытқан бес соққымды алып тастағаннан қалғаны түгел атқарылған соң ол жадысынан арылып, екеуімізден еш айырмашылығы жоқ боп шығады. Бұл жайында ешкімге ештеңе айтушы болма, әйтпесе абайсызда аузыңнан шығып кетсе — өсек-аяң қаулай жөнеледі. Бірнеше күннен соң мен ақшаны күреп табуға деген ерен құштарлықпен губернаторлық етуге аттанам, — біреулерден естігенім бар-ды: жаңадан тағайындалған бастықтардың бәрі дәл осындай құштарлықпен аттанатын көрінеді. Онда барған соң жағдайды көрем ғой, мұнда келуің керек пе, жоқ па — оны сосын жазып жіберермін. Сұр жорғам есен-сау, саған көптен-көп сәлем айтып жатыр, мені тіпті түрік сұлтанының тағына отырғызса да, бәрібір, оны ешқашан тастамаймын. Сеньора герцогиня сені қолыңнан мың рет сүйеді, ал сен оның қолынан екі мың рет сүй, өйткені, мырзам айтатынындай, кішіпейілдік ишараты дүниедегі ең арзан және ешқандай міндет артпайтын нәрсе. Өткен жолғы сапардағыдай ішінде жүз эскудосы бар тағы бір шамаданға тап қылуды құдай қош көрмеді, бірақ сен, сүйікті Тересам, бұған қайғырма, ешкіні бақшаға жіберді емес пе, губернатор қызметінде есемізді артығымен қайтарармыз. Мені әсіресе қатты мазалап жүрген бір ғана жәйт: білетіндердің айтуынша, бұл өзі бір рет татып көрсең, дәмі таңдайыңнан өмір бақи кетпейтін нәрсе көрінеді, ал егер шынымен сондай боп шықса, онда губернаторлық маған арзанға түспейін деп тұр. Айта кетерлігі, мұнда мүгедектер мен мүсәпірлерге садақаның мол берілетіні сонша, олар канониктер сияқты тұрмыс кешеді. Сонымен, енді олай болмаса, бұлай болар, қайткен күнде де, әйтеуір, дәулетің таситын кез келер деген сенімім бар. Құдай саған бақ бергей, ал мені өзің үшін аман-сау сақтағай.

Осы қамал-сарайда 1614 жылғы шілденің 20-да жазылды.

Күйеуің, губернатор

Санчо Панса».

Герцогиня хатты оқып шықты да, Санчоға былай деді:

— Мейірбан губернатор, сіз екі жерде азын-аулақ ағаттық жасапсыз. Біріншіден, губернаторлық сізге өзіңізді өзіңіз шыбыртқылауға келіскеніңіз үшін берілді деп хабарлайсыз және солай ұғындырасыз, ал шындығында, герцог жұбайым губернаторлықты уәде еткен кезде шыбыртқылау мәселесі түсіңізге де кірмегенін жақсы білесіз және олай емес деп айта алмайсыз. Екіншіден, мына жерде шамадан тыс пайдакүнемдік байқатыпсыз, олай дейтінім, тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп құлақтан айрылыпты, деген бар ғой, сондай-ақ, өзі тоймастың көзі тоймайтыны және ашкөз бастықтың қашан да әділетсіз болатыны мәлім.

— Айтпағым мүлде басқа еді, сеньора, — деп құлаққағыс етті Санчо, — ал егер бұл хатты ойдағыдай жазылмаған деп тапсаңыз, онда біз оны қолма-қол жыртып тастайық та жаңасын жазайық, бірақ өз зейін-зердеме сүйенсем, оның әлгіден де нашар боп шығуы ықтимал.

— Жо-жоқ, — деп қарсылық білдірді герцогиня, — бұл өте жақсы хат, оны герцогқа апарып көрсеткім келеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий