Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұл сеньора дуэнья губернаторлығыма байланысты ши шығарып жүре ме деп қорқам. Толедолық бір дәріханашының, — өзі керемет айтқыш адам еді, — дуэньялар жүрген жерде шөп шықпайды, дегенін естігенім бар-ды. Апырай, қалай жек көретін еді десеңші оларды әлгі дәріханашы! Осыған орай, дуэнья атаулының бәрі атағы мен әл-ауқаты қандай екеніне қарамай беймаза әрі бетпақ болса, онда шын әулет есімі әлде Үш Фалда35, әлде Үш Құйрық боп табылатын әлгі дуэнья Құсавана атанып жүрген графиня қандай адам екен деген ойға қалып тұрмын. Олай дейтінім, біздің селода фалданы құйрық деп атайды.

— Қоя тұр, достым Санчо, — деді Дон Кихот, — бұл сеньора дуэнья мені алыс елдерден арнайы іздеп келіп тұр, сондықтан оны дәріханашың айтқан дуэньялар санатындағы біреу деуге аузым бармайды, оның үстіне, ол — графиня, ал графинялар дуэнья боп қызмет етсе тек король айымы мен патша айымы төңірегінде ғана жүреді, ал өз үйінде бұлар — жоғары қауымдық ақсүйек, оларға басқа дуэньялар қызмет көрсетеді.

Осы арада әңгімеге донья Родригес араласты.

— Қолайлы жағдай орайласқанда, — деп құлаққағыс етті ол, — біздің сеньора герцогиняға қызмет көрсетіп жүрген дуэньялар да графиняға айналар еді, бірақ адам көзін тігеді, ал құдай өзі біледі емес пе. Қалай болған күнде де, дуэньялар жайында, әсіресе кәрі қыздар жөнінде сөлекет сөз айтуға ешқашан жол бермеймін, — өзім кәрі қыз қатарына жатпасам да, бәрібір, жесір дуэньядан бикеш дуэньяның артықшылығы болатыны мен үшін айдан анық, ал енді кімде-кім біздер, дуэньялар, жайында жаман сөз айтса, соның аузы қисайып кетеді.

— Ол енді басқа мәселе, — деді Санчо келіспей, — менің таныс шаштаразым: дуэньяларды қисайған жағынан қайтып түзете алмайсың, дейді, сондықтан бұл әңгімені жылы жауып қоя салғанымыз жөн шығар.

— Малайлар атам заманнан бізбен бақталас, — деп қарсылық білдірді донья Родригес, — олар күндіз-түні ауыз үйден шықпайды, біз қашан да солардың көз алдында жүреміз, бізді тек құдайға құлшылық еткен кездерінде ғана жайымызға қалдырады, ал қалған уақыттың бәрінде өсек айтып, жерден алып, жерге салады, не түрлі сөзбен ғайбаттайды. Жә, мейлі, ол әумесерлер не десе о десін, біз оларға қасақана түрде өз тірлігімізді жасай береміз, оның үстіне дәріпті мырзалардың үйінде тұрмыс кешетін боламыз, алайда, айта кетерлігі, бұл жерде бізге ашығуға да тура келеді, мерекелік шерулер өткенше көң-қоқырды кілеммен жауып қоятыны секілді, нәзік денемізді, — ал кейбіреулердікі, мүмкін, онша нәзік те емес шығар, — қара хламидамен бүркемелеуге де мәжбүр боламыз. Шын сөзім, егер маған рұқсат етілсе және оңтайлы жағдай туса, дуэньялардың барша ізгі қасиеттер қоймасы екенін тек осы арада отырғандарға ғана емес, күллі әлемге дәлелдеп берер едім.

— Менің ойымша, — деді герцогиня, — мейірбан дуэньям донья Родригестің айтып отырғаны рас және дау тудыра қоймайды, бірақ қазір өзіңді де, басқа дуэньяларды да ақтап алам деп және әлгі берекесіз дәріханашының қадірменді Санчоның көкейінде қалып қойған пікірін теріске шығарам деп әуреге түсетін уақыт емес.

Бұған Санчо былай деді:

— Губернаторлыққа көңілім ауғалы бері малайға тән тартыншақтықтан арылып та үлгердім, сондықтан дүниедегі дуэнья атаулының бәріне, шынымды айтсам, түкіргенім бар.

Дуэньялар жайындағы талас әлі жалғаса түсер ме еді, кім біледі, бірақ дәл осы кезде флейта мен барабандардың дуэнья Құсавананың баққа келіп кіргенін аңғартқан үні естілді. Герцогиня герцогқа оны алдынан шығып қарсы алған жөн бе, не дегенмен, ол графиня ғой әрі ақсүйектер әулетінен емес пе, деген сұрақ қойды.

— Ол графиня болғандықтан, — деп герцогтың орнына Санчо жауап қатты, — сіздерге, жоғары мәртебелілерім, оның алдынан шыққандарыңыз жөн деген ойға кеп тұрмын, бірақ, сонымен бірге оның дуэнья болуы себепті, менің ойымша, отырған орындарыңыздан тырп етпегендеріңіз дұрыс.

— Саған аралас деген кім бар, Санчо? — деп сұрады Дон Кихот.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий