Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыны айтып герцог оған қолын созды, сосын оны герцогиня жанындағы креслоға отырғызды, герцогиня да оған әлгіден кем ілтипат білдірген жоқ. Дон Кихот үндемей тұрды, ал Санчо Пансаның есіл-дерті Үшфальдидің өзінің немесе оның қисапсыз дуэньяларының кез-келген біреуінің бет-әлпетін көру болды да қалды, алайда мұның мүмкіндігі олар шілтерді өз еркімен және ықыласымен алып тастағанда ғана туатын-ды.

Ешкім қыбыр еткен жоқ, біреудің бірдеңе деп тіл қатуын тосып бәрі де үнсіз тұрды, ақыры дуэнья Құсавана алғаш боп тіл қатып, былай деп сөйлеп кетті:

— Құдіреттіден де құдіреттірек сеньор, сүйкімдіден де сүйкімдірек сеньора және мәдениеттіден де мәдениеттірек барша қауым, менің зардаптыдан зардапты тақсіретіме сіздердің ізгі ниеттіден ізгі ниеттірек жүрегіңіз әрі кеңпейілдікпен қарап, әрі мейірім мен жанашырлық білдірер деп сенем, өйткені маған тап болған тақсіреттің ауырлығы сондай, ол жер бетіндегі ең қатыгез жүректің мәрмәрін жібітіп, алмасын жұмсартып, құрышын майыстырып жібере алады. Алайда оны сіздердің назарыңызға (құлақ деген сөз маған тым тұрпайылау көрінеді) жеткізбес бұрын, сіздің қауымда, ортада және топта мүлтіксізден де мүлтіксізірек рыцарь — Ламанчалықтан да Ламанчарақ Дон Кихот пен оның атқосшыдан да атқосшырақ Пансасы бар ма екен, соны білгім келеді.

— Панса осында, Кихоттан да Кихотырақ Дон да осы арада, — деп мәлім етті Санчо, біреу жауап қатып үлгергенше, — сондықтан да сіз, бақытсыздан да бақытсызырақ және дуэньядан да дуэньялырақ, не жайында айтқыңыз келсе сол жайында айта беруге еріктісіз, ал сізге қызмет көрсетуге біз әр қашаннан да әр қашанырақ әзірден де әзірірекпіз.

Осы кезде Дон Кихот орнынан көтеріліп, жабырқау дуэньяға қарап былай деді:

— Егер қайғы-қасіретіңіз, құсалы сеньора, кезбе рыцарьдың қайраты мен айбаты өзіңізге көмек бере алады-ау деген болмашы үмітке орын қалдырса, онда мен аз болсын, әлжуаз болсын бар қуатымды сізге қызмет ету жолына сарп етуге дайынмын. Мен — Ламанчалық Дон Кихотпын, менің парызым — қаріп-қасірлерді қорғау, ендеше сізге, сеньора, ықыласымды аударам деп әуреге түсудің, сөйтіп алғы сөзден бастаудың қажеті жоқ, — өкініш-налаңыз жайында тұспалдамай-ақ турасын айтыңыз: өзіңізді бәледен құтқарып алуға құдіреті жететін, тым құрығанда, қайғыңызға ортақтаса алатын адамдар әңгімеңізге құлақ тосып отыр.

Мұны естіген дуэнья Құсавана Дон Кихоттың аяғына жығылуға оқталғандай қимыл жасады және шынымен-ақ жығылды да, сосын оның аяғын құшуға әрекеттеніп жатып, былай деп сөйлеп кетті:

— Беу, жеңімпаз рыцарь, аяғыңызға жығыламын сіздің, өйткені бұл аяқ — кезбе рыцарьлықтың негізі және тірегі боп табылады! Басымдағы барлық қайғы-қасіретімнен арылуым басқан қадамына тығыз байланысты болып тұрған бұл аяқты өпкім келеді менің, беу, шындығы шүбә келтірмейтін ерлік істері Амадистердің, Эспландиандардың және Бельянистердің адам айтса нанғысыз ерлік істерінен әлдеқайда асып түсетін және оларды жолда қалдыратын айбынды кезбе рыцарь!

Одан соң ол Санчо Пансаға бұрылды да, оны қолынан ұстай алып, былай деді:

— Беу, сен, бұл ғасырда да, сондай-ақ бұрынғы ғасырларда да кезбе рыцарьларға қызмет еткен атқосшылар ішіндегі адалынан да адалырақ, қадір-қасиеті осы арада тұрған серігім Үшфальдиннің сақалынан да көбірек атқосшы! Даңқты Дон Кихотқа қызмет көрсетіп жүргеніңді мақтан тұтуға қақың бар сенің, өйткені оған қызмет ету арқылы бұрын-соңды қолына қару алған тәмам рыцарьға түгел қызмет істеп жүрсің. Бұлжымайтын ізгі қасиеттеріңнің атымен жалбарынамын: осынау момыннан да момынырақ және жолы ауырдан да жолы ауырырақ графиняға қол ұшын беруге жедел кірісуі үшін қожайының екеуіміздің арамызға ақжүрек делдал болшы.

Санчо бұған былай деп жауап қатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий