Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ақыры, қисапсыз сұрақ-жауаптан кейін, инфантаның ұйғарымы нық екеніне, алғашқы шешімінен айнымайтынына және оны өзгертпейтініне ақи-тақи көз жеткізген викарий істі Шалдуарионың пайдасына шешіп, Метонимияны оған заңды түрде әйелдікке берді, ал бұған инфанта Метонимияның шешесі королева Майнцияның қатты қайғырып, қапаланғаны сонша, арада үш күн өткенде біз оны жерлеп те үлгердік.

— Олай болса, ол, шамасы, өлген ғой, — деп тұжырды Санчо.

— Енді қалай деп ең! — деп дауыстап жіберді Үшфальдин. — Кандайяда тек дүние салғандарды болмаса тірі адамдарды жерлемейді.

— Ес-түс жоқ талып жатқан адамды қайтыс болдыға санап, молаға апарып көміп тастаған жағдайлар да кезіккен, сеньор қызметші, — деп Санчо оған қарсылық білдірді. — Ал, королева Майнцияға келсек, меніңше, оған өліп қалғаннан гөрі талып қалған дұрыс еді: олай дейтінім, қанша дегенмен, бойыңда жаның барда көп нәрсені орнына келтіруге болады, оған қоса, сол үшін осылай өле қалатындай инфантаның соншалықты бір ауыр күнәға батқан да дәнеңесі жоқ қой. Егер ол өзінің пажына немесе құл-құтанының біреуіне тиіп кетсе, — бұл секілді сеньоралардың басында ондай жағдайлардың жолығып тұратынын құлағым шалған, — онда бұл шынымен-ақ орны толмас өкініш болар еді, ал бірақ дворянға, осында бізге сипаттап бергендей, соншалықты ізгі жүректі, соншалықты қабілетті адамға күйеуге шығуды, құдай ақы, ақ-адал шыным, есалаңдық дегеннің өзінде де, бұл анау айтқандай онша керемет есалаңдық емес, себебі қожайыным, ол өзі осы арада отыр және қателессем түзете жатар, ғалым адамдардан епископ шығатыны секілді, рыцарьлардан, соның ішінде, әсіресе, кезбелерінен, корольдер мен императорлар шығуы мүмкін дегенді әрдайым құлаққағыс етіп жүреді.

— Дұрыс айтасың, Санчо, — деп қоштады оны Дон Кихот, — егер өмірде сәл-пәл жолы боп кетсе кезбе рыцарьдың қысқа мерзімнің ішінде-ақ әлем әміршісіне айналуға толық мүмкіндігі бар. Алайда, әңгімеңізді жалғастыра беріңіз, графиня: менің ойымша, осы кезге шейін өте тартымды бұл хикаяның өкінішпен аяқталар кезі әлі алда сияқты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий