Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сосын мына оқыс та ауыр қырсықты

Аластау үшін осында асықтым.

Беу, сен, құрыш және диамант сауыт

Кигендердің көркі мен мақтанышы;

Сен, дымға зауқы жоқ жалқаулық пен

Құс төсекте босқа уақыт өткізуден

Қанды да қатерлі істі артық көретіндердің

Шырағы, манары, үлгісі, ұстазы, көсемі!

Беу, ерлік істерімен мәңгілікке

Даңқы кеткен қаһарман, сен біліп қой,

Испания жұлдызы, Ламанча күні,

Әрі ақылман, әрі әдепті Дон Кихот!

Сенің адал атқосшың Санчо

Ашық аспан астында өз еркімен,

Жалаңаш құйрығынан өзін-өзі қамшымен,

Кәдімгідей қыз-қыз қайнап, дуылдап,

Жан шыдатпай дызылдағанша,

Үш мың үш жүз рет ұрмайынша

Тобосолық Дульсинеяң балшекер,

Әу бастағы әлпетін қайта таппайды.

Оның бақытсыздығына айыптылардың

Бәрі түгел мақұлдаған бұл шешімді

Сендерге айтқалы келдім, сеньорлар.

— Оттапсың! — деп айқайлап жіберді сол арада Санчо. — Үш мың түгіл қамшымен үш шықпыртудың өзі де мен үшін қанжармен үш ұрғанмен бірдей. Жадыны қайтаратын мұндай әдісіңмен бірге құры сен біржола! Ау, сиқыршылық айла-амалдарға менің құйрығымның қатысы қанша! Құдай ақы, егер сеньор Мерлин сеньора Дульсинея Тобосскаяның жадысын қайтарудың басқа жолын таппайтын болса, онда сеньорамыз да о дүниеге сол жадыланған қалпында кете барсын!

— Ендеше, сен найсапты қазір ұстап алайын да, тырдай жалаңаш күйіңде ағашқа апарып байлайын, — деп сөйлеп кетті Дон Кихот, — сосын саған үш мың үш жүз емес, алты мың алты жүз қамшы жегізейін және мейлі, тіпті үш мың үш жүз рет жұлқынсаң да, құсып тастай алмайтындай қылайын. Қарсыласып көр тек, жаныңды жаһаннамға жөнелтейін.

Бірақ, осы арада Мерлин сөзге араласты:

— Жоқ, олай болмайды, мейірбан Санчо мәжбүрлеу арқылы емес, өз ықтиярымен көнуге тиіс және көңілі соққан кезде ғана орындалуы керек, өйткені ешқандай нақты мерзім белгіленбеген. Оған қоса, егер дүренің екінші жартысы басқа бір адамның қолымен, тіпті қолы ауыр болса да мейлі, соғылса, онда қамшылау тең жартысына қысқарады.

— Басқаныкі болсын, өзімдікі болсын, ауыр болсын, жеңіл болсын, — деп мәлім етті Санчо, — маған ешкім қол тигізбеуге тиіс. Ау, сеньора Дульсинея Тобосскаяны мен туып па екем? Оның қылтың-сылтыңы үшін неге мен құйрығыммен жауап беруім керек? Ал, мына менің мырзам болса, шын мәнінде-ақ оның бір бөлшегі іспетті, күндіз-түні ауыз жаппай оны өмірім, жаным, тірегім және қамқорым дейді де жүреді, сондықтан сеньора үшін ол өзін-өзі дүрелей алады және дүрелеуге міндетті де, сондай-ақ оның жадысын қайтару жолында қолынан келгеннің бәрін жасауы керек, ал мен не себепті өзімді өзім қамшымен сабауға тиіспін?.. Abernuntіo34.

Санчо осыны айтып аузын жапқаны сол еді, Мерлин рухының жанында отырған күмістей жылтыраған нимфа орнынан атып тұрды да, айдай сұлу дидарын бүркемелеп тұрған жұқа жамылғыны былай серпіп тастап, Санчо Пансаға қарап еркекке лайық әдепсіздікпен және дөрекілеу дауыспен былай деп сөйлеп кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий