Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өздерін шығарып салмақ болған ізгі ниеті үшін бозбала губернаторға ризашылық білдірді, сосын бәрі бұлардың жақын маңайда орналасқан үйлеріне қарай бет алды. Таяп келген бетте бозбала титімдей тасты терезе торына лақтырды, оның өзін де, апасын да тағатсыздана тосып отырған күтуші әйел сол бойда сыртқа шығып есік ашты, сөйтіп бұлар ішке кірді, ал шығарып салушылар олардың сүйкімділігі мен сымбаттылығына, сол сияқты түннің қараңғылығына қарамай және құйттай қалашықтан жырақ шықпай, қайткенде де әйтеуір дүние көрмек болған ынтызарлығына тағы да тағы таңырқанысумен болды; әйткенмен, мұның бәрін олар екеуінің жастығына жорыды. Аға малайдың жүрегі жаралы боп қалған-ды, сол себепті ол ертеңнен қалмай қыздың әкесіне барып құда түспекке бекінді; герцогтың малайы білдірген тілектен бас тартуға ешкімнің тәуекелі жетпейтініне сенімді еді. Тіпті Санчо екеш Санчо да қызы Санчиканы әлгі бозбалаға бергені қалай болатыны жайында ойланып қалды, сөйтіп, ақыры губернатордың қызынан ешқандай күйеу бас тартпайды деген байламға келіп, бұл ойын кейіндеу іске асыруға өзіне өзі сөз берді.

Сол күнгі түнде аралды аралау осымен аяқталды, ал арада екі күн өткенде губернаторлықтың өзі де тәмамдалды, онымен бірге Санчоның күллі арман-ойының да күлі көкке ұшты, ал мұның бәрі алда баяндалатын жайлардан мәлім болады.

L тарау

Мұнда дуэньяны соққыға жығып, Дон Кихотты шымшып, тырнап тастаған сиқыршылар мен жендеттердің кім екені анықталады және Санчо Пансаның зайыбы Тереса Пансаға герцогиняның пажы хатты қалай табыс еткені баяндалады.

Осынау мейлінше шыншыл хикаяның ұсақ-түйек дерегіне дейін барынша мұқият зерттеген Сид Ахмет былай деп хабарлайды: донья Родригеспен бір бөлмеде жататын дуэнья оның Дон Кихотқа бармаққа жатын бөлмеден шыққанын сезіп қалды, басқа дуэньялар секілді бұл да бәрін біліп алуға, көріп алуға және естіп алуға әуес болғандықтан ол донья Родригестің соңынан ерді және аяғын барынша білдірмей басқаны сонша, мейірбан Родригес оны байқамады; ал барлық дуэньяға ортақ өсек-аяңға әуестік бұған да тән болғандықтан донья Родригестің Дон Кихоттың жатын бөлмесіне барып кіргенін көргеннен кейін қас-қағым сәтте герцогиняның қасынан табылып, оған бәрін түгел айтып берді. Герцогиня мұны герцогқа баян етіп, Альтисидорамен бірге барып, донья Родригеске Дон Кихоттан не керегін білуге рұқсат сұрады; герцог рұқсат берді де, екі әйел аяғын ұшынан басып, мейлінше сақтықпен, баспалап Дон Кихоттың жатын бөлмесінің есігіне жақындады және өте жақын келгендері сонша, іштегі әңгіменің бәрі оларға ап-анық естіліп тұрды; бірақ өзінің аранхуэстік фонтандары жайындағы құпияны Родригестің ашып қойғанын естігенде герцогиняның шыдамы шетінеп кетті де, ызаға булыққан және өш алмақ болған ол, дәл сондай ахуалды бастан кешіп тұрған Альтисидорамен бірге жатын бөлмеге кіріп барды, сол арада екеуі күш біріктіре отырып Дон Кихоттың бетін қан-жоса ғып тырнап, дуэньяны оқырманға мәлім тәсілмен құйрықтан оңдырмай шықпыртты; осы арада айта кеткеннің артығы жоқ, әйелдің сұлулығын кемсітетін және ар-намысына тиетін нәрсенің бәрі олардың жойқын ашу-ызасын туғызады, әсіресе кекшілдігін ерекше өршітеді. Герцогиня бұл оқиға жайында герцогқа айтып беріп, анау күлкіге кенеліп бір жасап қалды; одан соң герцогиня Дон Кихотты одан әрі мазаққа айналдырып, күлкіге қарық болу мақсатында әлгі Дульсинеяны бейнелеген және өзінің жадысын қайтаруды талап еткен пажды (әрқилы мемлекеттік шаруамен басы қатып жүрген Санчо бұл жайында мүлдем ұмытып та кеткен-ді) Санчоның зайыбы, Тереса Пансаға аттандырып, оған күйеуінің хаты мен өзінің хатын, сондай-ақ керемет әдемі маржандардан түзілген үлкен моншақты сыйлық ретінде табыс етуге бұйрық берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий