Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бопты! Сөзге жеңістік бермейтінің көрініп тұр. Ақылды жігіт екенің байқалады, бірақ енді көз алдыңа елестетіп бақ — жел дегенің мына мен және мен тура арқаңнан соғып, сені тура түрмеге қарай айдап бара жатырмын. Қане, қамауға алыңдар мынаны, әкетіңдер тез! Бүгін түрмеде ұйықтап шықсын, бір жолға таза ауасыз да бірдеңе қылар.

— Олла-біллә, тақсыр, мені түрмеде ұйқтауға мәжбүр ете алмайсыз, одан да мені король еткеніңіз оңайырақ! — деп қарсылық білдірді жігіт.

— Қалайша сені түрмеде ұйқтауға мәжбүр ете алмаймын? — деп сұрады Санчо. — Сені кез-келген сәтте қамауға алуға немесе қоя беруге билігім жетпей ме менің?

— Билігіңіз қанша жерден құдіретті болғанымен, бәрібір, мені түрмеде ұйқтауға мәжбүр ете алмайсыз, — деді жігіт көніңкіремей.

— Ау, неге мәжбүр ете алмаймын? — деп айқайлап жіберді Санчо. — Әкетіңдер мұны түрмеге — қалай қателескенін ол жерде бұл табанда түсінетін болады, ал егер түрменің бастығы бұған пайдакүнемдік мақсатта кеңшілік жасап, түрмеден бір адым былай шығарса, ол бастыққа екі мың дукат айып салам.

— Қалжыңдап тұрсыз ғой, — деді жігіт. — Мені түрмеде ұйқтауға мәжбүр ететін адам әлі дүниеге келген жоқ.

— Әй, айтшы сен, малғұн! — деп айқайлап жіберді Санчо. — Ау, сені түрмеден алып шығатын кім және өзім саған салуға әмір ететін кісенді қирататын кім, періште ме?

— Қанеки, сеньор губернатор, мәселенің мәніне ден қояйық, — деп сөйлеп кетті жас жігіт жайдарылана жымиып. — Айталық, сіз мені түрмеге тығуға әмір еттіңіз дейік, онда маған кісен кигізіп, шынжыр тағып, мені кілтке салып тастасын, ал түрменің бастығы ауыр жазаға ұшырамас үшін бұйрығыңызды бұлжытпай орындап түрмеден шығармасын, — сонда да, бәрібір, ұйқтамауға бел бусам және түні бойы кірпік ілмей шықсам, қалай ғана сіз, тақсыр, қолыңыздағы бар билігіңізбен мені ұйқтауға мәжбүр ете аласыз, егер өзімнің шынымен ұйқтағым келмей тұрса?

— Әрине, бұл мүмкін емес, — деп хатшы сөзге араласты, — бала оп-оңай бұлтарып кетті.

— Сонда сен, — деп сұрады Санчо, — маған қасақана қарсы келу үшін емес, тек өзіңнің ұйқың келмегеніне байланысты ұйқтамайсың ба?

— Қарсы келу ойымда да болмаған нәрсе, сеньор, — деп жауап қатты жігіт.

— Ендеше, жөніңе жүре бер, — деп тұжырды Санчо, — үйіңе барып ұйқта, жаратқан саған жақсы түс көрсетсін, сені ұйқыңнан айыруға құлшынып тұрған мен жоқ, бірақ болашақта есіңде болсын: өкімет адамдарымен қалжыңдаспа, әйтпесе басқа біреуге тап келсең мұндай қалжың үшін басыңнан сипай қоймасы анық.

Жігіт жөніне кетті, ал губернатор аралды аралауын әрмен жалғастырды, сөйтіп арада аз уақыт өткенде оған әлдебір еркекті қолынан жетектеген екі полицей жақындап, мынадай әңгіме айтты:

— Сеньор губернатор! Мына адам — былайынша сырттай қарағанда ғана еркек, ал шын мәнінде бұл киімін ауыстырып киген әйел және өзі әп-әсем.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий