Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Анау қарсы жақтың шындықты айтып тұрғанын, шынымен-ақ төрт реалдан артық бергісі келмегенін, себебі бұл бірінші рет еместігін мәлім етті; одан әрі ол сыйақы дәметкен адамның кішіпейіл болуы қажеттігін, бергенді қуана-қуана алуы керектігін, қолы шыққан адаммен, — егер тек бұның — шулер, ал ұтқаны — арам ақша екеніне көзі кәміл жетіп тұрмаса, — саудаласудың жараспайтынын айтты; ал өзінің, нағыз ойыншының, бопсашылға бой ұсынбағаны, мынау бет бақтырмай тұрғандай, әсте алаяқ еместігінің, жөні түзу адам екендігінің бірден-бір айғағы, өйткені шулер атаулы өздерінің картаны қақшып жіберетінін жақсы білетін осындай аңдуылдарға өне бойы алым төлеп тұруға мәжбүр, деді.

— Бұл сөзің көңілге қонады, — деді үй басқарушы мақұлдап. — Сеньор губернатор! Мына адамдарға не істеуге болады, әміріңізді күтіп тұрмыз.

— Бұл адамдарға былай істеу керек, — деп мәлім етті Санчо. — Сен, ақша ұтқан жігіт, — оны қалай ұттың: адал жолмен бе, арам жолмен бе, олай ма, былай ма, бәрібір, — сен қазір қолма-қол мына бұзақыға жүз реал бересің және отыз реалды түрмеде отырғандарға бөлесің. Ал, сен, лауазымды қызмет атқармайтын, көлденең табыс таппайтын, құр әншейін ай қарап жүрген жігіт, сен сол жүз реалды ал да, ертең таңертеңнен қалмай он жыл мерзімге аралымыздан көзіңді жоғалт, егер әмірімді орындамасаң мерзіміңді о дүниеде өтейсің, себебі сені бағанға өз қолыммен асам, өзім болмасам менің әмірім бойынша жендет асады. Және бұған осы арада тұрған ешқайсың қарсы шығушы болмаңдар, оңдырмаймын!

Алғашқы қарсылас ақшасын берді, екіншісі оны алды, бірі қоныс аударатын болды, екіншісі үйіне кетті, ал губернатор былай деді:

— Қайткен күнде де бұл ойын үйі дегеннің бәрін түгел жаппай тынбаймын: менің ойымша, бұлардың зияны ұшан-теңіз.

— Басқасын білмеймін, бірақ мына тұрған үйді, — деді сот қызметшісінің бірі келіспей, — жаба алмайтыныңыз анық: оны бір белгілі шонжар ұстап отыр, айта кетерлігі, оның өзі бір жылдың ішінде осы ойынханадан түсетін табыстан әлдеқайда көп ақшаны картаға ұтқызып жібереді. Есесіне, өзге сұрықсыз притондарды қалай жәукемдеуіңізге де болады: олардан келетін зиян да көп және онда неше түрлі азғын мен арамза бас қосады. Ал, енді ашығын айтсақ, ақсүйек кавальеролар мен сеньорлар ұстап отырған үйлерге нағыз шулер алаяқтық жасау пиғылымен ешқашан аттап баспайды, карта ойынына деген кесірлі құмарлық соңғы уақытта кең құлаш жайып кеткендіктен ойынның жұмыскерлер үйінде емес, ақсүйектер үйінде өткені жақсы; өйткені жұмыскерлер үйіндегі дәстүр мынадай: түн ортасына таман кезіккен әлдебір сормаңдайды алдап-сулап алып барады да, тұттай жалаңаш қалдырады.

— Мәселе, былай, сот бауырым, — деді Санчо, — бұл өзі айта берсең әңгімесі таусылмайтын тақырып, одан өзім де жақсы хабардармын.

Осы кез бұларға бір жігітті қолынан сүйрелеген полицей жақындап, былай деді:

— Сеньор губернатор! Мына бұзық бізге қарсы келе жатқан, бірақ полицияны көрген бойда жалт бұрылып қаша жөнелді — қылмыскерлер ғана сөйтеді. Мен оны тұра қудым, алайда бұл сүрініп кетіп, жалпасынан түспегенде оған өмірі жете алмас едім.

— Неге қаштың, жігітім? — деп сұрады Санчо.

Жігіт оған былай деп жауап қатты:

— Сеньор! Полицияның ананы сұрап, мынаны сұрап әуре-сарсаң қылатыны бар, ал менің жауап бергім келген жоқ.

— Өзің немен шұғылданасың?

— Мен тігіншімін.

— Не тігесің сонда?

— Айып ете көрмеңіз, найзаның ұштығын тігем.

— Әу, сен қалжыңбас екенсің ғой! Ендеше, әзіл-оспақпен айналысатын болдың ба? Жарайды! Ал, қай жаққа бармақ едің?

— Таза ауада серуендеп қайтқым келген.

— Сендердің мына аралдарыңда қай жерде серуендейді?

— Қай жерде жел соғып тұрса, сол жерде.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий