Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ал сеньора герцогиняға не болған, айтыңызшы, құдай ақы, сеньора донья Родригес? — деп сұрады Дон Кихот.

— Шын ықыласпен сұрап отырғаныңыз сонша, сізге бәрін ағымнан жарылып айтып бермеуге шарам қалмай тұр, — деді дуэнья. — Сеньора герцогиняның қандай әдемі екенін өзіңіз де білесіз ғой, сеньор Дон Кихот: терісі айнадай жылтыратылған мәрмәр тәрізді теп-тегіс, бетінен қаны тамып тұр, көзі көктегі жұлдыз іспетті, ал жүргенде қалықтап ұшып бара жатқандай көрінеді; осыған қарап оның денсаулығында дым кінәрат жоқ екен деуге болады, ал шын мәнінде, тақсыр, мұның бәрі құдайдың қамқорлығы мен аяғындағы екі фонтанельдің арқасы, солар арқылы сеньора герцогиняның бойында, емшілер айтып жүргендей, шамадан тыс көп жиналған арам сөл түгелімен ағып кетеді.

— Сұмдық-ай, не дейді! — деп дауыстап жіберді Дон Кихот. — Апырай, шынымен-ақ сеньора герцогиняның осындай су ағатын науасы болғаны ма? Егер мұны маған жалаңаяқ ағайындар айтса мүлдем сенбес ем, бірақ бұл әңгіме сеньора донья Родригестің аузынан шығып тұрғандықтан, бәлкім, солай болса солай да шығар. Дегенмен, ондай әсем аяқтағы фонтанельдердің арам сөл емес, хош иісті сұйықтық ағызып тұратыны анық. Осыған қарап, фонтанель дегеннің өзі денсаулыққа өте пайдалы нәрсе ме деп қалдым.

Дон Кихоттың осыны айтып үлгеруі мұң екен, бөлменің есігі сарт етіп айқара ашылды, шошып кеткен донья Родригес шырағын жерге түсіріп алды, бөлме ішін көзге түртсе көргісіз қараңғылық басты. Бұдан кейін бейшара дуэнья әлдекімнің қолы кеңірдегінен ала түскенін сезді және қатты сығымдағаны сонша, қыңқ еткен дыбыс шығарарлық шамасы болмады, ал екінші біреу асқан ептілікпен, түк ешқандай тіл қатпастан, тілдеместен, дуэньяның белдемшесін түріп тастады да, әлденемен, сірә, туфлимен шығар, төмпештің астына алып, бейбақты адам аярлық халге жеткізді; Дон Кихот та оны аяп кетті, бірақ қыбыр етіп қозғалған жоқ: ол мұнда не болып, не қойып жатқанын түсінбеген, сондықтан өзіме де сыбаға тиіп қалар деп қорқып, тынысын ішке тартып, жата берген. Ол бекерден-бекер қауіп ойламаған екен, өйткені дуэньяны сілейтіп салған соң (ал дуэньяның дыбыс шығаруға да дәрмені жетпеді), меңіреу жендеттер Дон Кихоттың қасына келді де, ақжаймасы мен көрпесін жұлып алып, оны оңдырмай шымшуға кірісті және үсті-үстіне әрі жанға батыра шымшығандары сонша, жауап ретінде оның жұдырық жұмсауына тура келді: айта кетерлігі, осы әрекеттің бәрі құлаққа ұрған танадай тыныштықта іске асып жатты. Шайқас жарты сағаттай уақытқа созылды, сосын елестер ғайып болды да, белдемшесін жөндеп киіп алған донья Родригес қырсыққа ұшырағанына күңірене зар илеп, бөлмеден шығып кетті, Дон Кихотқа тіс жарып тіл қатқан жоқ. Әптер-тәптері шыққан, шымшудай-ақ шымшылған, абдырап, дағдарған Дон Кихот жалғыз қалды; өзін көк ала қойдай қылған зұлым сиқыршының кім екенін білуге қаншалықты құштар боп отырғанына қарамастан, біз оны осы арада қалдыра тұрамыз. Бұл жөнінде кезінде айтыла жатады, ал қазір хикая тәртібінің талабына сай Санчо Пансаның жайына ойысамыз.

XLХІX тарау

Аралды аралау кезінде Санчо Пансаның қандай кепке тап болғаны жөнінде.

Даңқты губернаторды өзі суретші, өзі суқит бір шаруаға қатты ренжіп, күйіп-пісіп жатқан жерінде қалдырған едік, өйткені үй басқарушы үйретіп қойған шаруа, — ал үй басқарушыны, өз тарапынан, герцог үйретіп қойған-ды, — Санчоны келеке қылған-ды; алайда аңқаулау, можантопайлау және күпшектей жуан болғанына қарамастан Санчо ешкімге есе жібере қоймайтын, сөйтіп, герцогтың хатына байланысты өткізілген құпия кеңес аяқталып, дәрігер Педро Қатыбезеро залға қайтып оралған кезде, Санчо сол арада тұрғандарға қарап былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий