Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жалбарынам саған, елеспісің әлде басқамысың, мейлі кім болсаң ол бол, айтшы маған, сен кімсің өзің, айтшы маған, не керек саған менен? Егер тыншу таппаған рух болсаң, онда менен тығылып-тасаланба, саған қолымнан келген көмектің бәрін жасаймын, өйткені мен шынайы христианмын, кез-келген жанға қайырымдылық көрсетуге дайынмын: міне, дәл осы мақсат үшін де кезбе рыцарьлық орденіне кіргенмін, ал оның баршаға бірдей жақсылық жасау шарапатынан мақшарда зарыққан жандар да тыс қалмайды.

Асып-сасып, алақтаған дуэнья Дон Кихоттың өзіне жалбарынып тұрғанын естіп, оның да үрейден есі шығып кеткенін байқап, баяу да қамкөңіл дауыспен былай деп сөйлеп кетті:

— Сеньор Дон Кихот (егер тек сіз Дон Кихоттың нақ өзі болсаңыз)! Өзіңіз ойлап қалғандай, мен елес те, көрініс те, мақшарда зарыққан жан да емеспін, мен герцогиняның жақын адамы, дуэнья донья Родригеспін, тек өзіңіз ғана, тақсыр, көмектесе алатын өте маңызды шаруамен келіп тұрмын.

— Айтыңызшы, сеньора донья Родригес, — деп Дон Кихот қайтадан сөйлеп кетті, — сіз мұнда жеңгетай ретінде келіп тұрған жоқсыз ба? Ондай жағдайда біліп қойыңыз, мұныңыз бос әуейілік боп шығады, оған себеп — жүрегімнің әміршісі Дульсинея Тобосскаяның жан тең келмес сұлулығы. Тоқ етерін айтқанда, сеньора донья Родригес, сүйіспеншілікке қатысты әурешілікпен басымды қатырмауға уәде етсеңіз шырақты жағып берменірек жақындауыңызға болады, келген шаруаңыз жайында ма, басқа жайында ма, қалауыңызша әңгіме-дүкен құрайық, бірақ, қайталап айтам, тек түрлі қылық көрсетіп, қылымсушы болмаңыз.

— Апырай, біреудің сүйіспеншілік ісіне араласады деп ойлайсыз ба мені, мархабатты мырзам? — деп дауыстап жіберді дуэнья. — Мені жөнді білмейді екенсіз, тақсыр. Ондай болымсыз іспен айналысатындай егде жасқа жете қойғам жоқ әлі: құдайға шүкір, тәніммен қош айтысу жанымның қаперіне де кірмейді, барлық азу тісім мен күрек тісім аман, тек суық тигізіп алған екеу-үшеуі ғана болмаса, — өйткені, мұнда, біздің Арагонада, салқын тигізу деген оп-оңай. Сәл кідіре тұрыңыз, тақсыр: шырақ жағайын, сосын тез қайтып оралып, реніш-налам жайында баяндап берейін, — сіздің қандай қасіретке де көмектесе алатыныңыз мәлім ғой.

Ол жауап тоспастан бөлмеден шығып кетті, Дон Кихот болса, көңілі тыныш тауып, ойға шомған қалпы оны күтіп қалды, алайда сол сәтте-ақ оның басында осынау жаңа шытырман оқиға жайында сан-алуан жорамал-болжам қоздап сала берді; соның ішіндегі әсіресе біреуі — аяшына адал болу жөніндегі сертінен айнытуға жасалған әрекет — оған барып тұрған күпірлік секілді көрінді де, өзімен-өзі былай деп сөйлесіп кетті:

“Не қилы айла-шарғыға шебер шайтан мені императрицалардың, королевалардың, герцогинялардың, маркизалардың және графинялардың көмегімен жолдан тайдыра алмаған соң, бұл жолы мына дуэньяның көмегімен адастырмақ емес пе екен? Көпті көрген адамдардан талай естігем: оңтайы келген жердің бәрінде шайтан байқатпай сұлудың орнына сұқсырды сұға қояды екен. Егер мына орайы келіп тұрған сәт, оңашалық және тылсым тыныштық ұйқыдағы тілекті оятып жіберсе, осы күнге шейін бірде-бір сүрінбеген жерде, жасым еңкейген шақта, құлап түсуім де мүмкін-ау? Мұндай жағдайда ұрыстың басталуын күткенше қашқан жақсы. Жоға, осындай қисынсыз нәрсе жайында ой кешіп, әңгіме етіп тұрғаныма қарағанда мен, шамасы, ақылдан адасқан шығармын: ұзын жамылғысы бар көзілдірікті дуэнья әлемдегі ең тойымсыз, ең ашкөз нәпсіқұмардың да ынтызарлық сезімін оята алмайтыны анық. Жалпы, өзі дүниеде ес тандыра еліктіретін дуэньялар бола ма екен? Жалпы, өзі жер-жиһанда мазаны алмайтын, кіржіңдемейтін, қылымсымайтын ең болмаса бір дуэнья табылар ма екен? Ендеше, аулақ жүріңдер менен, жан баласына жақсылық әкелмейтін дуэньялар қауымы! Иә, диван тұратын бөлмесінің бұрышына көзілдірік киген, қолдарына, бейне бір кесте төгіп отырғандай, кергіш ұстаған екі дуэньяның мүсінін орнатып қойған сеньора қандай ақылды еді десеңші! Өйткені, бұл әлгі бөлмеге нағыз дуэньялар отырғанмен бірдей салиқалы сипат берген көрінеді!”

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий